"Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34677 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33105 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерлер және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

      мүгедектігі бар адамдарды;

      мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;

      зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

      балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді);";

      3-тармақ мынадай редакцияға жазылсын:

      "3. Тізілім Кодекстің 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітіледі.

      Көрсетілген мәліметтер арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, жыл сайын алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкестігіне өзектілендіріледі.

      Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтер негізінде арнаулы комиссияның күнтізбелік тоқсанның 1 (бірінші) күніне қарау қорытындылары бойынша тізілімге жаңа ӘКС енгізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат жұмыста пайдалану үшін мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.";

      19 және 20 – тармақтар алып тасталсын;

      3, 4, 5 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4 - қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
1-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына өтініш беруші жұмыскерлерінің жататынын растайтын құжаттардың тізбесі

Азаматтар санаты

Құжаттар (тиісті негіздеме болған жағдайда ұсынылады)

Мүгедектігі бар адамдар

мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және өзге де заңды өкілдер

баланың тууы (асырап алынуы) туралы куәліктерінің көшірмелері; мүгедектігі бар балаға қорғаншылық, қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттардың (қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асыру туралы шарттың не қорғаншы және қамқоршы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы актісінің) көшірмелері; мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі ("мүгедектігі бар бала" санатын белгілеу)

Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде)

Зейнеткерлік куәліктің және жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері не олардың эдектрондық нысандары (болған жағдайда)

балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін

Адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы актінің көшірмесі; ата-ана құқығынан бас тарту және баланы асырап алуға келісу туралы хаттаманың көшірмесі; баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдыру туралы актінің көшірмесі; жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының анықтамасы

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде

Тұрғылықты жеріндегі учаскелік полициядан мінездеме; сотталған адамның жеке ісі

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар

Пробация қызметінен анықтама

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан анықтама

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды

Олардың мәртебесін растайтын құжаттар

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

медициналық-әлеуметтік оңалтудың, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің дәрігерлік қорытындысы

Қандастар

Қандас куәлігі не оның электрондық нысаны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
2- қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Өтініш беруші ______________________________________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы жұмыскерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер 20__жылы "___" ___________ жағдай бойынша

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, адам

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде есептелген жалақы қоры, теңге

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер, оның ішінде:



1.

мүгедектігі бар адамдар



2.

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді



3.

зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)



4.

балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін



5.

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде




Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар



6.

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар



7.

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды



8.

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде



9.

қандастар



10.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына жататын жұмыскерлер



      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген

      санаттарға жататын жұмыскерлердің алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі

      жұмыскерлердің (адамның) жалпы орташа тізімдік санындағы үлесі, пайызбен –

      __________.

      20__ жылы "___"_______________

      Дара кәсіпкер

      (заңды тұлғаның басшысы) /__________ _________________

      уәкілетті адам             (қолы)       (қолтаңбаның толық жазылуы)

      мөр орны (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
3-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы жалпы ақпарат

Көрсеткіштің атауы

Өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Жасалған шарттардың саны (шарттардың нысанасын көрсете отырып)

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өткізуден түскен түсім (шарттар бойынша ақша қаражатының көлемі), теңге

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың барлығы, оның ішінде:




мүгедектігі бар адамдар




мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер




зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде)




балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін




Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде




қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар




белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар




аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар




наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде




қандастар




Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына жататын жұмыскерлер




      2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген

      азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуді

      қамтамасыз ету тетігінің сипаттамасы

      (еркін нысанда):

      ___________________________________________________________

      __________________________________________________________

      ___________________________________________________________.

      20__ жылы "___"_______________

      Дара кәсіпкер

      (заңды тұлғаның басшысы) /

      уәкілетті адам ____________ _______________________

      (қолы)       (қолтаңбаның толық жазылуы)

      мөр орны (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы
№ 54 бұйрығына
4-қосымша
  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер

      1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруіне немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысуларына мүмкіндіктер беру мақсатында, оларға арнап өндірілетін өнім (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы жалпы ақпарат

Нысаналы аудитория

Өндірілетін өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрі

Өндірілетін өнім түрінің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) мақсаты

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім

Мүгедектігі бар адамдар




Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер




Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)




балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін




Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде




Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар




Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар




Аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар




Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде




Қандастар




      2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 1) тармақшасында

      көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі

      шектеулерді еңсеруіне немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға,

      сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысуларына мүмкіндіктер беруге

      ықпал ететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қасиеттерінің сипаттамасы

      (еркін нысанда):

      _________________________________________________________________

      20__ жылы "___"_______________

      Дара кәсіпкер

      (заңды тұлғаның басшысы) / уәкілетті адам ___________ ___________________

      (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады