"Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 шілдеде № 34697 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Конкурсқа және (немесе) фестивальға қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады.

      Мәдениет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырған қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен қалыптастырылады.

      Жергілікті атқарушы орган ұйымдастырған қазылар алқасының құрамы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінен қалыптастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады