"Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 шілдеде № 34698 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16978 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 216-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген кен орнын игерудің техникалық жобасын қоспағанда, тау-кен жұмыстарының жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді, оны жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.";

      4-тармақты келесі мазмұндағы 5)-тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Кодекстің 72-бабы 8-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі жер қойнауындағы ысыраптарды есепке алу бөлігіндегі кен орнын игерудің техникалық жобасы.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады