Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5, "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шiлдедегi № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 шiлдеде № 34702 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19 және 20-баптарына сәйкес эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болған жағдайда көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Метрополитеннің жолаушылар вагондарындағы электрлі жылыту және электрлі жарықтандыру құралдары ластануына қарай шаң мен ластан тазартылады.";

      мынадай мазмұндағы 60-1-тармақпен толықтырылсын:

      "60-1. Метрополитеннің жолаушылар вагонының вагон қабырғасынан 0,7 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, диван бетінен 0,5 м биіктікте – кемінде 150 лк (қыздыру шамдарымен жарықтандыру кезінде – кемінде 75 лк) жарықтандырудың рұқсат етілген деңгейі қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:

      "72-1. Жылжымалы құрамның желіге шығуы алдындағы санитариялық жай-күйін жылжымалы құрамның санитариялық жай-күйіне арналған еркін түрдегі журналда жүргізілген тазалау туралы белгі қоя отырып, жылжымалы құрамның жуушы-жинаушыларының бригадирі, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілген учаскенің шебері (бригадирі) тексереді.";

      мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:

      "77-1. Метрополитен вагондарының салондарындағы микроклиматтың рұқсат етілетін параметрлері (табиғи желдету кезінде):

      1) жылдың жылы кезеңінде ауа температурасының қоршаған ауаның температурасынан 3°C-тан артық емес, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен ауа қозғалысының жылдамдығы нормаланбайды;

      2) жылдың салқын кезеңінде ауа температурасы -16°C (+- 2°C), биіктігі бойынша температура айырмашылығы – 5°C-тан артық емес, ауа температурасы мен қоршау айырмашылығы – 5°C-тан артық емес, еден температурасы – кемінде 5°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 30-дан 70%-ға дейін, ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,4 м/сек-тан артық емес.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Жолаушылар вагондарының купесіндегі шудың деңгейі 65 децибелден (бұдан әрі – дБа), тамбурларда – 68 дБа, вагонаралық өту жолдарында – 80 дБа, МВҚК салонында – 75 дБа-дан жоғары болмауына, метрополитен вагонында туннельдерде қозғалыс кезінде – 70 дБа-дан артық болмауына жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 82-1-тармақпен толықтырылсын:

      "82-1. Метрополитеннің жолаушылар вагоны:

      1) поездың радиобайланысы мен хабарландыруының жұмыс істеуін;

      2) есіктердің жабылуын бақылау сигналын;

      3) басқару, бақылау, қауіпсіздік жүйелерінің қозғалысы мен жұмыс параметрлерін тіркеуді;

      4) метрополитеннің жолаушылар вагондарын мәжбүрлі авариялық желдетуді;

      5) есіктердің жабыла бастауы туралы ескертетін жарық және дыбыс сигналын;

      6) басқару кабинасында және жолаушылар салондарында микроклиматты ұстап тұруды қамтамасыз ететін жүйелермен және құрылғылармен жабдықталады.";

      245, 246-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Жолаушыларды тасымалдау кезінде салқын кезеңде салондағы (кабинадағы) ауа температурасы салыстырмалы ылғалдылық 70-75% болған кезде +14ºС-тан төмен емес, жазда +22 ºС-та (+2) ұсталады.

      246. Сыртқы ауаның ылғалдылығы жоғары аудандар үшін және ауа салқындатқыштарды қолданған кезде автобус салонындағы салыстырмалы ылғалдылықты 10%-ға арттыруға жол беріледі. Мәжбүрлі желдету және ауаны баптау қондырғылары бар салондарда желдету жүйесі автобустағы ауа температурасына байланысты автоматты режимде үздіксіз жұмыс істейді.".

      2. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24530 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:

      1) авиациялық техникалық база (бұдан әрі – АТБ) – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, конструкцияларын, технологиялық жабдығы мен жарағын дайындау, ұшу ақпаратын жинау және оның мағынасын ашу бойынша жұмыстар кешенін орындауға арналған құрылыстар, механикалық және басқа да құралдар кешені;

      2) авиациялық-химиялық жұмыстар (бұдан әрі – АХЖ) – ауыл шаруашылығы, орман учаскелерінде және басқа да алқаптарда пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдана отырып азаматтық авиация атқаратын жұмыстар;

      3) автокөлік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, автомобиль көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды тасымалдау, автокөлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;

      4) автомобильге жанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;

      5) авто-газ құю станциясы – сұйытылған газды сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;

      6) автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (шеберханасы) станциясы – автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыстар кешені;

      7) автовокзал – жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адамды құрайтын, автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған және: сыйымдылығы жетпіс бестен жоғары жолаушыларға арналған күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимаратты, жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізуге және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық пункттерді, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустардың тұрағына арналған алаңдарды, автобустарды тексеріп қарауға арналған бекеттерді, диспетчерлік пункттерді және ана мен балаға арналған бөлмені қамтитын құрылыстар кешені;

      8) автостанция – жолаушылар легі тәулігіне кемінде бес жүз адамды құрайтын, автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған және кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан және құрамында: сыйымдылығы жетпіс бес адамға дейінгі жолаушыларға арналған күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимаратты, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустардың тұрағына арналған алаңдарды, диспетчерлік пункттерді қамтитын құрылыстар кешені;

      9) ангар – көлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыс;

      10) әуежай – әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін әуеайлық, аэровокзал, басқа да құрылыстары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыстар кешені;

      11) ауыл шаруашылығы әуеайлағы – авиациялық-химиялық жұмыстарды орындайтын азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуеайлығы;

      12) аэровокзал – әуежайларда әуе көлігі жолаушыларына қызмет көрсетуге арналған құрылыстар мен ғимараттар кешені;

      13) бластчиллер – өнімді мұздатуды қамтамасыз ететін қарқынды салқындату аппараты;

      14) борттық тамақ – әуе кемелерінің авиажолаушылары мен экипажына арналған, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында берілетін тамақ;

      15) борттық тамақтану объектісі – борттық тамақты өндіру, қайта өңдеу, өткізу және ұйымдастыру бойынша қоғамдық тамақтану объектісі;

      16) борттық тамақ рационы – әуе көлігі бортында бір адамның тамақтануына арналған тамақ өнімдерінің жиынтығы;

      17) вагон және локомотив депосы, локомотив жөндеу және вагон жөндеу зауыттары – вагондарды, локомотивтерді жоспарлы және күрделі жөндеуге, вагон, локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеуге және жинақтауға арналған өндірістік құрылыстар, темір жолдар кешені;

      18) дастархан әзірлеу бөлімшесі – борттық тамақтану объектісіндегі борттық тамақты жинақтауға және әзірлеуге арналған учаске;

      19) дегазациялық алаң – авиациялық химиялық жұмыстар орындалғаннан кейін әуе кемелерін дегезациялау және пестицидтерден тазартуға арналған алаң;

      20) дефростер – өнімдерді ерітуге арналған жабдық;

      21) диспетчерлік орталық (пункт) – қажетті жабдығы бар диспетчерлердің жұмыс орындарын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай);

      22) диспетчерлер – көлік құралдарының қозғалысын жедел бақылау және басқару орталығының (пунктінің) операторлары;

      23) жабық вагондарды дайындайтын кешенді пункт – азық-түліктерді, шаруашылық, қатты әсер ететін химиялық заттарды және сусымалы қауіпті жүктерді тасымалдағаннан кейін жабық вагондарды тазалауға, жууға және дезинфекциялық өңдеуге арналған объект;

      24) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды ағымдық жөндеу және жабдықтау пункті – жолаушылар вагондарының жарамдылығын, ағымдық жөндеуді, жылжымалы құрамды тексеруді, тіркемеден ажыратпай ағымдық жөндеуді және жылжымалы құрамның тасымалдауға және жарақтандыруға дайындауды қамтамасыз ететін темір жол көлігінің бөлімшесі;

      25) жол машина станциясы – жолды орташа және күрделі жөндеуді жүзеге асыруға арналған теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;

      26) жол дистанциясы – темір жолдарда ағымдық күтіп-ұстауды, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыратын темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;

      27) жолаушылар ғимараты – теміржол көлігімен тасымалдау бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар, құрылыстар (жолаушылар платформалары және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;

      28) жұмыс аймағы – тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан алаңның немесе еденнің деңгейінен биіктігі екі метрге (бұдан әрі – м) дейінгі кеңістік;

      29) қалыпқа келтіру пойызы – рельстердің жолдан шығуынан және жылжымалы құрамның соқтығысуынан болған зардаптарды жоюға, сондай-ақ дүлей зілзалалар кезінде көмек көрсетуге арналған пойыз;

      30) касалетка – тамақ өнімдерімен жанасуға арналған, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін материалдардан (оның ішінде алюминий фольгадан, полимерден, шыныдан, фарфордан) жасалған, тамақ өнімдерімен жанасуға арналған қолдану жөніндегі таңбаға сәйкес тамақтануды (оның ішінде борттық тамақтануды) ұйымдастыру үшін пайдаланылатын тұтыну қаптамасы (жабылатын ыдыс, контейнер);

      31) көлік – бұл Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі;

      32) көлік құралдары (әуе, теміржол, су, автомобиль) мен жолаушыларға қызмет көрсету объектісі (бұдан әрі – көлік объектісі) – көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге, жууға және жарақтандыруға, сондай-ақ жолаушыларға, багажға, жүк-багажға, жүктерге және пошта жөнелтілімдеріне қызмет көрсетуге арналған көліктің жылжымайтын мүлік құрылысы немесе құрылыстар кешені;

      33) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

      34) өзен порты – жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, көліктің басқа да түрлерімен өзара іс-қимыл жасау мақсатында құрылған және жабдықталған, жер учаскесінде және ішкі су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешені;

      35) өндірістік жүк тиеу кешендері – шаңдағыш жүктерді тиеуге, түсіруге, қабылдауға, сақтауға және беруге, қайта өңдеуге арналған құрылыстар кешені;

      36) пестицидтер – зиянды организмдермен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар. Пестицидтер мынадай: арамшөптерді жоятын гербицидтер, зиянкес-насекомдарды жоятын инсектицидтер, патогенді саңырауқұлақтарды жоятын фунгицидтер, жылы қанды зиянды жануарларды жоятын зооцидтер және басқа да зиянды организмдермен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар сияқты заттардың топтарын біріктіреді;

      37) порциялау – шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын тамақ өнімдерінің, оның ішінде алкогольсіз және алкогольді сусындардың массасы және (немесе) көлемі және (немесе) саны бойынша бөлу;

      38) салқындатқыш элемент – ішіне су толтырылған, тұмшаланып жабылған ыдыстағы салқындататын элемент, ол пайдалану алдында мұздатылады және контейнерде температураны 0 градус Цельсийден плюс (бұдан әрі – плюс) 8 градус Цельсийге (бұдан әрі – 0С) дейінгі шекте ұстап тұрады;

      39) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – санитариялық киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын тағам өнімдерін механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да ластанудан қорғауға арналған, тамақ өнімдері өндірісінде қолданылатын персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы (бас киім немесе шашқа арналған тор, күртеше шалбарымен немесе халат (бір рет немесе бірнеше рет қолданылатын), бетке арналған қорғаныш маска, сақалға (мұртқа) арналған тор, алжапқыш, аяқ киім, қолғап (бір рет немесе бірнеше рет қолданылатын);

      40) санитариялық-карантиндік тұйық – карантиндік немесе аса қауіпті инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған жолаушылар бар вагонды оқшаулауға және қоюға арналған теміржол төсеміндегі учаске;

      41) теміржол вокзалы – тұрғындарға багажды, жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау және қабылдау-беру бойынша қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, құрылыстар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;

      42) теңіз порты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелерінде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңіз көлігі қызметінің өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешені. ";

      43) тиеу алаңы – әуе кемелеріне пестицидтер тиеу алаңы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көлік объектілерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған салқын және ыстық су пайдаланылады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2- тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Метрополитендердің желілік пункттері люминесцентті жарықтандырумен жабдықталады.

      20-2. Туннельдегі жолға күрделі және ағымдық жөндеу жүргізу кезінде шектеулі учаскеде кемінде 50 лк қосымша жергілікті жарықтандыруды қолдану көзделеді.

      Туннельдерде, құрылғылар мен механизмдер орналасқан жерлерде қосымша (кемінде 50 лк) жергілікті жарықтандыру қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Негізгі жұмыс орындарында жасанды жарықтандыру көзбен көру жұмыстарының сипатына байланысты:

      1) дәлдігі аз жұмыс үшін (слесарь-жөндеушілер, слесарь-сантехниктер, аккумуляторшылар, ұсталар) – 100-ден 200 лк-ге дейін;

      2) дәлдігі орташа жұмыс үшін (ағаш ұстасы-жонушылар, ағаш ұсталары, фрезеровщиктер, бақылау-өлшеу құрылғыларының слесарьлары, радиомеханиктер) – 150-ден 300 лк-ге дейін құрайды.";

      10-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. Теміржол вокзалдарын, метрополитен станцияларын, жолаушылар ғимараттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Жолаушылардың күту залдары жолаушыларға қызмет көрсету үй-жайларымен, вокзал маңы алаңымен, метрополитен станциясымен және перронмен байланысатын жерүсті қабаттарында және (метрополитеннің) жерасты қабаттарында орналастырылады.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Теміржол вокзалының, метрополитен станциясының перрондарына, платформаларына қоқыстан күн сайын және толуына байланысты тазартылатын қоқыссалғыштар орнатылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады