БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32121 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістеме осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-78) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеменің мақсаты әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мен өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялардан алатын инфрақұрылымдық алымды есептеу тетігін айқындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығымен бекітілген Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларының 2, 3-қосымшаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші және жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялар үшін қолжетімділігі ашық әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі белгіленген.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниядан мүлікті, оның ішінде әуежай инфрақұрылымының объектілерін, жабдықты және техникалық құралдарды пайдаланғаны үшін егер авиакомпания осы мүлікті пайдаланғаны үшін инфрақұрылымдық алым төлейтін болса, басқа төлемдер алмайды.
Инфрақұрылымдық алым жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер немесе жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпаниялар пайдаланатын әуежайдың мүлкін пайдаланғаны үшін алынады.
Жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының сұрау салуы бойынша басқа авиакомпанияларға жерде қызметтерін көрсеткен кезде, инфрақұрылымдық алым алынбайды.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші – әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
2) жерде өздігімен қызмет көрсету (өзіне-өзі қызмет көрсету) – авиакомпанияның үшінші тұлғалармен шарт жасаспай, өз мұқтажы үшін және/немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы оған тиесілі авиакомпаниялардың әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктер мен поштаға жерде қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруы;
3) инфрақұрылым объектісі – әуежай қызметін көрсетуге, оның ішінде әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуға арналған әуежайдың мүлкі;
4) инфрақұрылымдық алым – әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерден және жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпаниялардан алынатын алым.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы алатын инфрақұрылымдық алымды есептеу тетігі
4. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылымдық алымды қалыптастыру кезінде оның шығын бөлігінде әуежайда ашық қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін және әуежайда шектеулі қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге (перрондық қызмет көрсету) кезінде жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мен өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялар тікелей пайдаланатын инфрақұрылым объектілерінің шығыстары ескеріледі, оның ішінде:
1) материалдық шығындар;
2) жөндеу жұмыстарына (негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеліп соқпайтын ағымдағы және күрделі жөндеу) оларды жүргізу қажет болған жағдайда арналған шығыстар;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы персоналының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар;
4) негізгі құралдар құнының ұлғаюына, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды)іске асыруға, әуежайда ашық қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін және әуежайда шектеулі қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуде тікелей пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға (перрондық қызмет көрсету) әкеп соғатын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын амортизациялық аударымдар;
5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;
6) сақтандырудың міндетті түрлері, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
7) бөгде ұйымдардың қызметтеріне (қаржылық есептіліктің міндетті аудиті, банктің қызметтері, байланыс қызметтері) шығыстар;
8) әуежайда ашық қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін және әуежайда шектеулі қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуде (перрондық қызмет көрсету) қатысатын инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестициаларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар.
5. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылымдық алымды қалыптастыру кезінде оның шығын бөлігінде әуежайда ашық қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін және әуежайда шектеулі қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін (перрондық қызмет көрсету) көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстар есепке алынбайды, оның ішінде:
1) әуежайда ашық қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін және әуежайда шектеулі қолжетімділікке жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету (перрондық қызмет көрсету) кезінде пайдаланбайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;
3) үмітсіз борыштар;
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;
5) кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
6) ұрлықтан келген залалдар;
7) қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелер өндірісінде қолданысқа енгізілмеген активтерді күтіп-ұстау;
8) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын күтіп-ұстау;
9) сауықтыру лагерлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын күтіп-ұстау;
10) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын иеленуге алған пайызсыз несиелерді қоса алғанда, несиелерді өтеу;
11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
12) бау-бақша серіктестіктерін абаттандыру (жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);
13) демеушілік көмек көрсету;
14) некеден болған шығындар;
15) өндірісті вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үй-жайларды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақүйлердегі орындарды сатып алу, жалдау және күтіп-ұстау;
16) мерейтойлар күніне немесе жұмыскерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтарды сатып алу;
17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындарға, тауар-материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жетіспеуіне, қоймалардағы қорларға және басқа да өнімсіз шығыстар;
18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақыға және ынталандырудың басқа да нысандары;
19) өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда, оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, дәрістерді, көрмелерді, пікірталастарды, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды өткізуге және ұйымдастыру;
20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналарға;
21) білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарын төлеу;
22) кәсіптік ауруларды оңалтумен емдеуге байланысты шығындардан басқа, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының қаражаты есебінен жұмыскерлер мен олардың балаларына емделуге, демалуға, экскурсияға жолдама төлеуге;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы өз жұмыскерлерінің пайдасына әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жасаған жеке және мүлікті сақтандыру шарттары бойынша төлеп отыратын жарналар);
24) жұмыскерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс), оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеу, жұмыскердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеу;
25) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударымдар.
6. Инфрақұрылымдық алымды өзгерту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.
7. Инфрақұрылымдық алымды қалыптастыру әуежай қызметтерінің, тауарларының, жұмыстарының әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
8. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін алатын инфрақұрылымдық алым мынадай формула бойынша айқындалады:
IC – қызмет көрсетуге тартылған әуежай инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін бөлінген экономикалық негізделген шығындар;
AI – қызмет көрсетуде қатысатын әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестициалар бөлігі;
Vберуші – жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші немесе жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания қызметінің жоспарланатын көлемі;
Vбарлығы – қызметтің жалпы жоспарланған көлемі.
9. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестицияларды жеке, қарыз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
Жеке қаражат көздері инфрақұрылымдық алымда көзделген амортизациялық аударымдар және пайда болып табылады. Қарыз қаражатын қайтару инфрақұрылымдық алымда көзделген амортизациялық аударымдар және пайда есебінен жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымдық алымға енгізілетін шекті пайда қызмет көрсетуге қатысатын әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылымдық объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспарланған инвестициаларды ескере отырып шектеледі.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, инфрақұрылымдық алымды қалыптастыру рәсімдерінің ашықтығын, жариялылықты, ақпараттандыруды, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерді және жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпанияларды инфрақұрылымдық объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестициялар туралы хабарлайды және жоспарланған инвестициялар туралы талқылау өткізеді.