Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 15 шiлдедегi № 423/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 шiлдеде № 34739 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 22.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1274 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12802 болып тіркелген):

      Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларында, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      "6) хабарламаларды тарату технологиясы (бұдан әрі – Cell Broadcast) – белгілі бір географиялық аймақта ақпараттық хабарламаларды дереу жеткізуге арналған ұялы байланыс желілерінде мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату.";

      6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жаппай жіберу үшін абоненттік базаны алдын ала таңдауды байланыс операторлары Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және Қазақстан Республикасының облыстарындағы абоненттер жасаған қоңыраулардың мониторингін жүргізудің қолда бар техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ағымдағы айдың біріне және он бесіне екі рет жүзеге асырады.";

      19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "112" БКДҚ орындаушылары техникалық мүмкіндік болған жағдайда байланыс операторымен бірлесіп төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына Cell Broadcast жүйесі арқылы мәтіндік хабарламалар жіберуді жүзеге асырады.";

      22 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. "112" БДҚБ ведомстволық желісі мен байланыс операторы желісінің техникалық өзара іс-қимылы Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығымен бекітілген қағидаларымен реттеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелген).".

      1-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірімен 16-7, жолымен толықтырылсын:

      "

16-7



Каз яз:
Газ тұтынушы. Үй ішіндегі газ жабдықтарына (плита, қазандық, газ бағанасы) техникалық қызмет көрсетуін уақытылы өткізіңіз.
Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда
Рус яз:
Потребитель газа. Своевременно проводите техническое обслуживание внутридомового газового оборудования (плита, котел, газовая колонка). Ваша жизнь в Ваших руках.

Gaz tutynýshy.
Úı іshіndegі gaz jabdyqtaryna (plıta, qazandyq, gaz baǵanasy) tehnıkalyq qyzmet kórsetýіn ýaqytyly kórsetіńіz.
Sizdiń ómirińiz sizdiń qolyńyzda
Potrebitel' gaza.
Svoevremenno provodite tekhnicheskoe obsluzhivanie vnutridomovogo gazovogo oborudovaniya (plita, kotel, gazovaya kolonka).
Vasha zhizn' v Vashih rukah.

      ";

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Қос мақсаттағы тіректерде телекоммуникация құралдарын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 129/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32660 болып тіркелген):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидалары бекітілсін";

      "Көрсетілген бұйрықпен бекітілген қос мақсаттағы тіректерге телекоммуникация құралдарын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.";

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидалары";

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 423/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 129/НҚ бұйрықпен
бекітілген

Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерге орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерге орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерге орналастыратын байланыс операторларына қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      2) бірлесіп пайдалану тіреуіштер – телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;

      3) ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      4) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электр магниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар.

      4. Байланыс операторлары телекоммуникация құралдарын қолданыстағы құрылыстарда, сондай-ақ қолданыстағы құрылысты бірлесіп пайдалану тіреуіштерге ауыстыру арқылы орнатады.

2-тарау. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді орналастыру тәртібі

      5. Байланыс операторлары телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру үшін құрылыстың меншік иесіне жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Құрылыстың меншік иесі осындай өтініш келіп түскеннен кейін жазбаша жауап жіберуге құқылы.

      6. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыруға келіскен кезде құрылыстың меншік иесі шарт талаптары мен техникалық талаптарды ұсынады.

      7. Телекоммуникация құралдарын орналастырудан бас тартқан кезде, құрылыстың меншік иесі техникалық мүмкіндігі болған кезде телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді орналастыру үшін балама ұсыныс ұсынуға құқылы.

      8. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді орналастырудың техникалық талаптары мен талаптары, оның ішінде бірлесіп пайдалану, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының талаптары шартта көзделеді.

      9. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді жерге орналастыру кезінде байланыс операторы және (немесе) мердігер жергілікті жердің техникалық параметрлерін, климаттық және табиғи жағдайларын, сондай-ақ құрылғыны жерге тұйықтауды және құрылыстарды найзағайдан қорғауды қоса алғанда, қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптарды ескереді.

      Байланыс операторлары шарт негізінде Қазақстан Республикасы "Байланыс туралы" Заңының 29-бабының 4-3-тармағына сәйкес инженерлік инфрақұрылым объектілерін, бірлесіп пайдалану тіреуіштерін, өзге де телекоммуникация құралдары мен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.

      10. Электр беру желілерін, радиостанцияларды және электромагниттік энергия шығаратын басқа да объектілерді салу және реконструкциялау кезінде телекоммуникация құралдарына теріс әсер ескеріледі және "Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін қорғау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығында көзделген талаптар сақталады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 тіркелген).

      11. Әуе желілерінің тіректерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (бұдан әрі – ТОБЖ – ӘЖ) бірлесіп ілу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген, Электр қондырғыларын орнату қағидаларына 5-қосымшада көзделген ТОБЖ-ӘЖ жалпы техникалық сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 тіркелген).

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 423/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Бірыңғай кезекшілік-
диспетчерлік "112" қызметіне
қоңырау шалушы абоненттің
орналасқан жерін анықтау және
төтенше жағдайлар қатері
төнген немесе туындаған және
әлеуметтік, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар қатерін болдырмау,
төтенше жағдайды енгізу
кезінде қорғаныс, қауіпсіздік
және құқық тәртібі мүддесінде
халықтың ұялы байланыс
телефондарына қысқаша
мәтіндік хабарламалар жіберу
жөнінде қызметтер көрсету
мақсатында байланыс
операторларының желілерін
пайдалану қағидаларына
  Нысан

Байланыс операторлары мен "112" БКДҚ орындаушыларының тізбесі

р/н №

Тегі Аты Әкесінің аты
(ол болған кезде, жұмыс режимі)

лауазымы

телефон

факсі

Электрондық пошта

Байланыс операторлары орындаушыларының тізбесі

1






2






"112" БКДҚ орындаушыларының тізбесі

Астана қаласының "112" БКДҚ













Алматы қаласының "112" БКДҚ













Алматы облысының "112" БКДҚ













Ақмола облысының "112" БКДҚ













Ақтөбе облысының "112" БКДҚ













Атырау облысының "112" БКДҚ













Абай облысының БКДҚ "112"













Шығыс-Казақстан облысының "112" БКДҚ













Жамбыл облысының "112" БКДҚ













Жетісу облысының "112" БКДҚ













Батыс-Казақстан облысының "112" БКДҚ













Қарағанды облысының "112" БКДҚ













Қызылорда облысының "112"БКДҚ













Қостанай облысының "112" БКДҚ













Маңғыстау облысының "112" БКДҚ













Павлодар облысының "112" БКДҚ













Солтүстік-Казақстан облысының "112" БКДҚ













Ұлытау облысының "112" БКДҚ













Түркістан облысының "112" БКДҚ













Шымкент қаласының "112" БКДҚ














О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 15 июля 2024 года № 423/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июля 2024 года № 34739

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 22.07.2024

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и следующие изменения и дополнение:

      1) в приказе исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1274 "Об утверждении Правил использования сетей операторов связи в целях предоставления единой дежурно-диспетчерской службе "112" услуги по определению местоположения звонящего абонента и рассылке коротких текстовых сообщений на телефоны сотовой связи населения при угрозе или возникновении и снятии угрозы чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введения чрезвычайного положения, в интересах обороны, безопасности и правопорядка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12802):

      в Правилах использования сетей операторов связи в целях предоставления единой дежурно-диспетчерской службе "112" услуги по определению местоположения звонящего абонента и рассылке коротких текстовых сообщений на телефоны сотовой связи населения при угрозе или возникновении и снятии угрозы чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введения чрезвычайного положения, в интересах обороны, безопасности и правопорядка, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 6) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "6) технология широковещательной передачи сообщений (далее – Cell Broadcast) – массовая рассылка текстовых сообщений на сетях сотовой связи, предназначенная для незамедлительной доставки информационных сообщений в определенной географической области.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Заблаговременный выбор абонентской базы для массовой рассылки осуществляется операторами связи два раза в месяц первого и пятнадцатого числа текущего месяца с использованием имеющихся у них технических возможностей проведения мониторинга звонков, произведенных абонентами в городах Астана, Алматы, Шымкент и областях Республики Казахстан.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. В случае технической возможности исполнители ЕДДС "112" совместно с оператором связи осуществляет рассылку текстовых сообщений посредством системы Cell Broadcast на телефоны сотовой связи населения при угрозе или возникновении и снятии угрозы чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введения чрезвычайного положения, в интересах обороны, безопасности и правопорядка.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Техническое взаимодействие ведомственной сети ЕДДС "112" и сети оператора связи регулируется правилами присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов, утвержденных приказом исполняющий обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13340).";

      в приложении 1:

      дополнить строкой, порядковый номер 16-7, следующего содержания:

      "

16-7



Каз яз:
Газ тұтынушы. Үй ішіндегі газ жабдықтарына (плита, қазандық, газ бағанасы) техникалық қызмет көрсетуін уақытылы өткізіңіз.
Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда
Рус яз:
Потребитель газа. Своевременно проводите техническое обслуживание внутридомового газового оборудования (плита, котел, газовая колонка). Ваша жизнь в Ваших руках.

Gaz tutynýshy.
Úı іshіndegі gaz jabdyqtaryna (plıta, qazandyq, gaz baǵanasy) tehnıkalyq qyzmet kórsetýіn ýaqytyly kórsetіńіz.
Sizdiń ómirińiz sizdiń qolyńyzda
Potrebitel' gaza.
Svoevremenno provodite tekhnicheskoe obsluzhivanie vnutridomovogo gazovogo oborudovaniya (plita, kotel, gazovaya kolonka).
Vasha zhizn' v Vashih rukah.

      ";

      приложение 2 изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2) в приказе Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 129/НҚ "Об утверждении Правил размещения средств телекоммуникаций на опорах двойного назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32660):

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования";

      Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах двойного назначения, утвержденных указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу.".

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 22 июля 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      СОГЛАСОВАН
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство обороны
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение 1
к приказу Министр
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 15 июля 2024 года № 423/НҚ
  Утверждены приказом
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 31 мая 2023 года № 129/НҚ

Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 19-21) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О связи" (далее – Закон) и определяют порядок размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      2. Действие настоящих Правил распространяется на операторов связи, размещающие средства телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи;

      2) опоры совместного использования – сооружение связи, предназначенное для одновременного размещения средств телекоммуникаций и (или) иных объектов инженерной инфраструктуры, устройств информационного назначения;

      3) сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение;

      4) средства телекоммуникаций (средства связи) - технические устройства, оборудование, системы и программные средства, позволяющие формировать, передавать, принимать, хранить, обрабатывать, коммутировать электромагнитные или оптические сигналы или управлять ими.

      4. Операторы связи размещают средства телекоммуникаций на действующих сооружениях, а также путем замены действующих сооружения на опоры совместного использования.

Глава 2. Порядок размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования

      5. Операторы связи для размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования обращаются с письменным заявлением к собственнику сооружения.

      Собственник сооружения после поступления такого заявления вправе направить письменный ответ.

      6. При согласии на размещение средств телекоммуникаций на опорах совместного использования, собственник сооружения предоставляет условия договора и технические требования.

      7. При отказе в размещении средств телекоммуникаций, собственник сооружения при наличии технической возможности вправе предложить альтернативное предложение для размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      8. Технические требования и условия размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования, в том числе условия совместной эксплуатации, ремонтно-восстановительных работ, предусматриваются договором.

      9. При размещении средств телекоммуникаций на опорах совместного использования оператором связи и (или) подрядчиком учитываются технические параметры, климатические и природные условия местности, а также требования по технике безопасности, включая заземление устройства и молниезащите сооружений.

      Операторы связи на основании договора могут совместно использовать объекты инженерной инфраструктуры, опоры совместного использования, иные средства телекоммуникаций и сети связи в соответствии с пунктом 4-3 статьи 29 Закона Республики Казахстан "О связи".

      10. При строительстве и реконструкции линий электропередач, радиостанций и объектов, излучающих электромагнитную энергию, учитывается негативное воздействие на средства телекоммуникаций и соблюдаются требования, предусмотренные приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 281 "Об утверждении Правил охраны сетей телекоммуникаций в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10483).

      11. Совместная подвеска волоконно-оптических линий связи на опорах воздушных линиях (далее – ВОЛС-ВЛ) осуществляется согласно общим техническим характеристикам ВОЛС-ВЛ, предусмотренным в приложении 5 к Правилам устройства электроустановок, утвержденным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10851).

  Приложение 2
к приказу Министр
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 15 июля 2024 года № 423/НҚ
  Правила использования сетей
операторов связи в целях
предоставления единой
дежурно-диспетчерской службе
"112" услуги по определению
местоположения звонящего
абонента и рассылки коротких
текстовых сообщений
на телефоны сотовой связи
населения при угрозе или
возникновении и снятии угрозы
чрезвычайных ситуаций
социального, природного
и техногенного характера,
введения чрезвычайного
положения, в интересах обороны, безопасности
и правопорядка
  форма

Перечень исполнителей оператора связи и ЕДДС "112"

№ п/п

Фамилия Имя Отчество
(при его наличии, режим работы)

должность

телефон

факс

Электронная почта

Перечень исполнителей оператора связи

1






2






Перечень исполнителей ЕДДС "112"

ЕДДС "112" города Астана













ЕДДС "112" города Алматы













ЕДДС "112" города Алматинской области













ЕДДС "112" Акмолинской области













ЕДДС "112" Актюбинской области













ЕДДС "112" Атырауской области













ЕДДС "112" область Абай













ЕДДС "112" Восточно-Казахстанской области













ЕДДС "112" Жамбылской области













ЕДДС "112" область Жетісу













ЕДДС "112" Западно-Казахстанской области













ЕДДС "112" Карагандинской области













ЕДДС "112" Кызылординской области













ЕДДС "112" Костанайской области













ЕДДС "112" Мангистауской области













ЕДДС "112" Павлодарской области













ЕДДС "112" Северо-Казахстанской области













ЕДДС "112" область Ұлытау













ЕДДС "112" Туркестанская области













ЕДДС "112" города Шымкент