"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 17 шiлдедегi № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 шiлдеде № 34761 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29879 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасы (дербес басқарма құқығында) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады