"Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 18 шілдедегі № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 шілдеде № 34767 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:

      "1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін анықтайды.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 18 шілдедегі
№ 253 бұйрығына
қосымша
  Ветеринариялық бақылау
бекеттеріндегі мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
инспекторларының нысанды
киімді (погонсыз) киіп
жүру ережесіне
қосымша

Қазақстан Республикасының облыстарына, республикалық маңызы бар қалаларына және астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар

Р/с

Атауы

Бекітіліп берілген әріптік символ

1

Астана қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Шымкент қаласы

Y

4

Ақмола облысы

C

5

Алматы облысы

B

6

Жетісу облысы

J

7

Ақтөбе облысы

D

8

Атырау облысы

E

9

Шығыс Қазақстан облысы

F

10

Абай облысы

Q

11

Жамбыл облысы

H

12

Батыс Қазақстан облысы

L

13

Қарағанды облысы

M

14

Ұлытау облысы

U

15

Қызылорда облысы

N

16

Қостанай облысы

P

17

Маңғыстау облысы

R

18

Павлодар облысы

S

19

Солтүстік Қазақстан облысы

T

20

Түркістан облысы

X


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады