"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына және "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 шілдеде № 34775 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде жобаны техникалық, авторлық қадағалауды және басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларына сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерде тіркеледі және атқарушылық құжаттаманы жүргізеді.";

      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде іске асыру кезінде "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерде техникалық және авторлық қадағалаулардың, сондай-ақ мердігердің (мердігерлердің) атқарушылық құжаттаманы электрондық нысанда жүргізуін және толтырылуын қамтамасыз етеді;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде іске асыру кезінде мердігерден (бас мердігерден) объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама және қағаз жеткізгіште және (немесе) АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық құжаттама жиынтығын алған тапсырыс беруші Заңның 11-тарауына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады:

      1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;

      2) сынақтан өткізу және қабылдау кезінде объектінің пайдалану режимін анықтайды;

      3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;

      4) мердігерден, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан қол қойылған, "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және сәйкестік туралы декларацияны сұратады;

      5) сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды негізінде Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде мердігермен, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдармен бірге қағаз жеткізгіште және (немесе) АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық техникалық құжаттаманы болуы және жинақтылығы (оның ішінде инженерлік-геодезиялық іздестірулер (атқарушылық түсірілім)) мәніне тексереді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша объектіні тексереді және пайдалануға қабылдайды.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

      Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды Заңның 74-бабында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында көзделген жағдайларда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) өздігінен жүргiзедi.

      6) бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.

      Объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы авторлық және (немесе) техникалық қадағалау қорытындысын алған кезде тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту үшін жүгінеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды;

      7) объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітеді.

      Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

      Объектіні пайдалануға берген күннен бастап объектіні күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды тапсырыс беруші көтереді;

      8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" акционерлік қоғамына объектінің техникалық сипаттамаларын және осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар

      агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
қосымша
  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
инжинирингтік қызметтер
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған:

      Құрылыстың барысы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп

      Есепті кезең 20___ жылғы ____

      Индекс: 1-ОЖБЖ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын адамдар аясы: Техникалық қадағалау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар.

      Нысан қайда ұсынылады: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары.

      Ұсыну мерзімі: айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 5-күннен кешіктірмей.

      Есепті қарау мерзімін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс барысы және орындалатын жұмыстардың сапасы туралы есеп келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Нысан

Р/с №

Атауы

Мәліметтер

1

Есептің нөмірі, есепті тапсыру уақыты және күні


2

Есепті орган (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органының атауы)


3

Есепті кезең (айы, жылы)


4

Объектінің атауы (объектінің толық атауы)


5

Объектінің орналасқан жері (объектінің мекенжайы)


6

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі - ҚМЖ) жүргізуді бастағаны туралы хабарлама-талоны (талон қабылдаған № және күні)


7

Объектінің жауапкершілік деңгейі:
(І – жоғары, ІІ – қалыпты, ІІ – қалыпты техникалық күрделі емес, ІІІ – төмендетілген)


8

Тапсырыс беруші (заңды тұлға үшін ұйым атауы - бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)


9

Бас мердігер (ұйымның атауы – БСН)


10

Қосалқы мердігерлік ұйымдар (ұйым атауы – БСН)


11

Бас жобалаушы (ұйымның атауы – БСН)


12

Авторлық қадағалау (заңды тұлға үшін ұйым атауы - БСН)/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) - ЖСН)


13

Техникалық қадағалау (заңды тұлға үшін ұйым атауы - БСН)/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)-ЖСН)


14

Техникалық қадағалау сарапшылары (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)-ЖСН)


15

Объектінің дайындығы


1) жалпы дайындығы: %


2) іргетас: %


3) қаңқа: %


4) шатыр: %


5) инженерлік желілер: %


6) әрлеу жұмыстары: %


7) әлсіз ток жүйелері: %


8) абаттандыру: %


9) ұзындығы: %


10) - // - %


11) - // - %


16

Жергілікті қамту үлесі (мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде)


Пайдаланылған материалдардың жалпы көлемі, млн. теңге


Оның ішінде отандық тауар өндірушілердің материалдары пайдаланылды, млн. теңге (%)


17

Орындалған ҚМЖ жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесіне сәйкестігі (ия/жоқ)


18

Атқарушылық-техникалық құжаттаманың жай-күйі ("Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2022 сәйкес толық көлемде жүргізілуде/ жүргізілмейді)


19

Құрылыс алаңын күтіп ұстау және ҚМЖ өндіру кезінде нормативтік техникалық құжаттар (бұдан әрі – НТҚ) талаптарын сақтау


1) объектінің паспорты: ("Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру Құрылыс өндірісі" ҚР ҚН 1.03-00-2022 сәйкес келеді/сәйкес келмейді)


2) қоршау: (МЕМСТ 23407-78 "Құрылыс алаңдары мен құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу учаскелерінің мүкәммалдық қоршаулары. Техникалық шарттар", ҚР ҚЖ 3.02-142-2014 "Кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау" сәйкес келеді/сәйкес келмейді)


3) дөңгелектердіс/сәйкес кел(қажет болған жағдайда) бар/жоқ


4) қоқыс жинауға арналған құрылғы немесе бункер (қажет болған жағдайда) бар/жоқ


5) алаң ішіндегі жолдардың қатты жабындары бар/жоқ


6) ҚМЖ жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, қоршаған аумақ пен халық үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігі жөніндегі талаптар сақталады/сақталмайды


20

Тартылған инженерлік-техникалық қызметкерлердің (бұдан әрі – ИТҚ ) құрамы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) – ЖСН, мамандануы, аттестат № және күні, аттестатталған орталық – БСН, ұйым атауы)


21

Қайта сараптамадан өтуді талап етпейтін жобадағы өзгерістер (өзгертудің мәні, өзгерту үшін негіздеме, авторлық қадағалаумен өзгертуді келісу күні, келісу нәтижесі)


22

Есепті кезеңде берілген ескертулер (ескерту, ескерту берілген күн, ескерту жойылған күн, қажетті шаралар)


23

Объектіге фото бекіту (тек gіf, jpg, jpeg, png файлдары 5 мегабайттан аспайтын)


24

Ескертпе


      Осы есепте келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына уақтылы хабарлауға міндеттенемін. Есепте және (немесе) есепке қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық.

      Сарапшының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) _______ (_____)

      Ұйым басшысының ЭЦҚ ___ (____)

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Құрылыстың барысы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп" (Индекс: 1-ОЖБЖ, кезеңділігі ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылыстың барысы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы есеп бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі түсіндірме оны толтыру тәртібін нақтылайды.

      2. Нысанды техникалық қадағалау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар толтырылады.

      3. Нысан техникалық қадағалаушының жауапты сарапшысының және аккредиттелген заңды тұлғаның басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдаланумен қол қойылады.

      4. Нысан айына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілінде толтырылады.

      6. Есеп нысанын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс барысы және орындалатын жұмыстардың сапасы туралы есеп келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1-бағанда есепті тапсыру кезінде ақпараттық "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталы автоматты түрде жұмыс істейді.

      2-бағанда есепті қабылдайтын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органының атауы көрсетіледі.

      3-бағанда есеп берілетін құрылыс кезеңі көрсетіледі.

      4-бағанда сараптама қорытындысына сәйкес объектінің толық атауы көрсетіледі.

      5-бағанда құрылыс объектісінің орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.

      6-бағанда ҚМЖ жүргізу бастағаны туралы хабарлама-талонының қабылдаған № және күні көрсетіледі.

      7-бағанда сараптама қорытындысына сәйкес салынып жатқан объектінің жауапкершілік деңгейі көрсетіледі.

      8-бағанда құрылысқа тапсырыс берушінің деректемелері көрсетіледі.

      9-бағанда құрылыстың бас мердігерінің деректемелері көрсетіледі.

      10-бағанда тартылған қосалқы мердігерлік ұйымдардың деректемелері көрсетіледі.

      11-бағанда бас жобалаушының деректемелері көрсетіледі.

      12- бағанда авторлық қадағалаудың деректемелері көрсетіледі.

      13- бағанда техникалық қадағалаудың деректемелері көрсетіледі.

      14-бағанда объектіде тартылған техникалық қадағалау сарапшыларының деректемелері көрсетіледі.

      15-бағанда мынадай жекелеген конструктивтік бөліктер бойынша объектінің дайындығы туралы деректер (пайызбен) көрсетіледі:

      1) жалпы дайындығы (пайызбен);

      2) іргетас (пайызбен);

      3) қаңқа (пайызбен);

      4) шатыр (пайызбен);

      5) инженерлік желілер (пайызбен);

      6) әрлеу жұмыстары (пайызбен);

      7) әлсіз тоқ жүйелері (пайызбен);

      8) абаттандыру (пайызбен);

      9) ұзындығы (пайызбен);

      10), 11) осы бағанда жоқ объектінің өзге де конструктивтік бөліктері болған жағдайда толтырылады.

      16-бағанда құрылыс кезінде пайдаланылған материалдардың жергілікті қамту үлесі бойынша деректер (млн. теңге, пайызбен) көрсетіледі (тек мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін).

      17-бағанда орындалған ҚМЖ жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесіне сәйкестігі немесе сәйкестік еместігі көрсетіледі.

      18-бағанда "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2022 сәйкес құрылыс құжаттамасының жүргізу ақпараты көрсетіледі.

      19-бағанда құрылыс алаңын күтіп-ұстау және ҚМЖ жүргізу кезінде НТҚ талаптарын сақтау туралы мынадай мәліметтер:

      1) объектінің паспорты "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2022 сәйкестігі толтырылады;

      2) қоршау "Құрылыс алаңдары мен құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу учаскелерінің мүкәммалдық қоршаулары. Техникалық шарттар" МЕМСТ 23407-78, "Кәсіпорын, ғимарат және имарат алаңдары мен телімдерінің қоршауларын жобалау" ҚР ҚЖ 3.02-142-2014 сәйкестігі толтырылады;

      3) дөңгелектерді жуу пункті (қажет болған жағдайда) бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат толтырылады;

      4) қоқыс жинауға арналған құрылғы немесе бункер (қажет болған жағдайда) бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат толтырылады;

      5) алаң ішіндегі жолдардың қатты жабындары бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат толтырылады;

      6) ҚМЖ жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, қоршаған аумақ пен халық үшін құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталатыны туралы ақпарат толтырылады ("Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы" ҚР ҚН 1.03-05-2011).

      20-бағанда мердігерлік ұйымның объектіге тартылған ИТҚ құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      21-бағанда қайта сараптама жүргізуді талап етпейтін жобадағы өзгерістер туралы мәліметтер көрсетіледі.

      22-бағанда есепті кезеңде берілген ескертулер туралы мәліметтер көрсетіледі (ескерту, ескерту берілген күн, ескерту жойылған күн, қажетті шаралар, мәртебесі, фото бақылау).

      23-бағанда объектінің gіf, jpg, jpeg, png форматта 5 мегабайттан аспайтын фотоматериалдары қоса беріледі.

      24-бағанда объект бойынша ескертпе көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады