БҰЙЫРАМЫН:
1. "Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/нс бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33806 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларында:
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жеке басты куәландыратын құжат – материалдық жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат.".
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |