Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/нс бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 33806 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 104/нс бұйрығымен
бекітілген

Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарының (бұдан әрі – әскери, арнаулы оқу орындары) курсанттарының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің (бұдан әрі – келушілер) олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы (бұдан әрі – курсанттар) өздерінің жақын туыстарына бару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1)әскери, арнаулы оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      2) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтары – "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетілген адамдар;

      4) жақын туыстар – "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      5) бақылау-өткізу пункті – қызметкерлер немесе әскери қызметшілер әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына кіруді қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери, арнаулы оқу орнының кіреберісінде орналасқан арнайы үй-жай;

      6) өткізу режимі – арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимарат және әкімшілік ғимаратқа іргелес аумақ шегінде белгіленген әскери, арнаулы оқу орнына (әскери, арнаулы оқу орнынан) адамдардың бақылаусыз кіру (шығу), мүліктің бақылаусыз енгізілу (шығарылу), әкеліну (әкетілу) мүмкіндігін болдырмайтын тәртіп;

      7) тексеріп қарау жүйелері мен құралдары – бұл "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22857 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі) заттар мен бұйымдарды арнаулы оқу орнына санкциясыз кіргізуді (шығару) немесе әкелуді (әкету) алдын ала байқауға арналған техникалық құралдар жиынтығы;

      8) біржолғы рұқсатнама – келушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіліп, әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына бір рет кіруге кезекшілік-коменданттық бөлімшесінде берілетін, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда рәсімделетін рұқсат кіру карточкасы;

      9) кезекшілік-коменданттық бөлімшесі, кадрлар қызметі, тәрбие жұмысы бөлімшесі – әскери, арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшелері;

      10) казарма – әскери, арнаулы оқу орнында оқу кезеңінде курсанттар тұратын және орналасатын ғимарат (бөлме);

      11) жатақхана – әскери, арнаулы оқу орнында оқу кезеңінде курсанттардың тұруы үшін арналған тұрғын ғимарат;

      12) жеке басты куәландыратын құжат – материалдық жеткізгіште не "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат.

2-тарау. Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару тәртібі

      3. Курсанттардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін бару (бұдан әрі – бару) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келушілердің курсанттарға бару туралы алдын ала берген (жазбаша немесе электрондық) өтініштері (бұдан әрі – өтініш) негізінде демалыс және мереке күндері жүзеге асырылады.

      Өтінішке жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесі қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және туу туралы куәлігінің түпнұсқалары жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.

      4. Берілген өтініштердің негізінде тәрбие жұмыс бөлімшесі әскери, арнаулы оқу орнының кадрлар қызметімен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес курсанттарға келу кестесін (бұдан әрі – кесте) әзірлейді.

      5. Кесте әскери, арнаулы оқу орны бастығының жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі және әскери, арнаулы оқу орны бастығымен бекітіледі.

      6. Бекітілген кесте үш жұмыс күні ішінде әскери, арнаулы оқу орнының интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ кестені әскери, арнаулы оқу орнының интернет-парақшаларында және әлеуметтік желілерінде жариялауға жол беріледі.

      7. Кестеде әскери, арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінен лауазымды адамдарының қатарынан әскери, арнаулы оқу орны бастығының жетекшілік ететін орынбасарының ұсынуымен келушілерге ілесіп жүруші (-лер) анықталады.

      8. Әскери, арнаулы оқу орнының тәрбие жұмысы бөлімшесі кесте бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келушілерді курсанттарға бару күні туралы өтініште көрсетілген байланыс телефондарының нөмірлері және (немесе) электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      9. Бір оқу жылында әр курсантқа баруға екі реттен артық емес рұқсат етіледі, оның ішінде біреуі қыс уақытында, ал басқасы жаз уақытында.

      10. Барудың ұзақтығы екі сағаттан артық емес.

      11. Әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына кіру біржолғы рұқсатнама арқылы қызметкерлердің, әскери қызметшілердің, жұмыскерлердің, курсанттардың және келушілердің өміріне, денсаулығына қауіпті және қатерді жоюға, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орнының қызмет етуіне бағытталған кіру режимін сақтаумен жүзеге асырылады.

      12. Біржолғы рұқсатнама әскери, арнаулы оқу орнының кезекшілік-коменданттық бөлімшесінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде рәсімделеді.

      Жеке басын куәландыратын құжатсыз және оның телнұсқаларынсыз біржолғы рұқсатнаманы рәсімдеуге жол берілмейді.

      Біржолғы рұқсатнаманы рәсімдеу кезінде әскери, арнаулы оқу орнының кезекшілік-коменданттық бөлімшесінің қызметкері немесе әскери қызметшісі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттағы фотосуретті келушінің сыртқы бейнесімен салыстырып қарайды;

      2) келушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқалығына көз жеткізеді.

      Келушілерге біржолғы рұқсатнаманы бергенен кейін әскери, арнаулы оқу орнының кезекшілік-коменданттық бөлімшесінің қызметкері немесе әскери қызметшісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша курсанттарға бару журналына жазбалар енгізеді.

      13. Біржолғы рұқсатнамалар бару күні ішінде тек бір рет ғана баруға жарамды.

      Келушілерге біржолғы рұқсатнамамен бірге "Келуші" бейджі беріледі.

      14. Әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына кіру (шығу) тексеріп қарау жүйелері мен құралдары арқылы кіретін адамдарды, олардың жеке заттарын және қол жүктеріне бақылау жүргізілетін бақылау-өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады.

      15. Әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына Тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесінде көрсетілген заттар мен бұйымдардың кіргізілуін болдырмау мақсатында әскери, арнаулы оқу орнының қызметкерлері немесе әскери қызметшілері қол металл детекторын пайдалана отырып қосымша қарап тексеру жүргізеді.

      16. Бақылаудан немесе қосымша қарап тексеруден өтпеу әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік ғимаратына кіргізуден бас тартуға негіз болып табылады.

      17. Мынадай:

      1) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де мас болған;

      2) өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы жоқ, оның ішінде жарамдылық мерзімі өткен жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде;

      3) карантин енгізілген кезеңде ауру белгілері бар;

      4) жеке және қызметтік көлік құралдарындағы келушілерді әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына кіргізуге рұқсат етілмейді.

      Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген барлық фактілер бойынша қызметкерлер немесе әскери қызметшілер кезекшілік-коменданттық бөлімшенің бастығына дереу хабарлайды, ол өз кезегінде әскери, арнаулы оқу орны бастығының жетекшілік ететін орынбасарын немесе оны алмастыратын лауазымды адамды шешім қабылдау үшін ақпараттандырады.

      18. Әскери, арнаулы оқу орнының аумағына келушілерге қол жүгімен және техникалық құралдармен кіруге жол берілмейді. Келушілер қол жүгін және техникалық құралдарды арнайы жәшіктерде қалдырады.

      19. Әскери, арнаулы оқу орнының бақылау-өткізу пунктінің кіреберісінде келушілер келген кезеңде қол жүгін, техникалық құралдарды және өзге де заттарды сақтауға арналған ұяшықтармен жабдықталған арнайы жәшіктер (металл шкафтар) орналастырылады.

      20. Келушілер әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағына кірген соң келушілер бөлмесіне жеткізіледі, онда оларды ертіп жүретін қызметкер немесе әскери қызметші күтеді.

      21. Курсанттардың келу кестесінде анықталған ілесіп жүрушілер келушілерді әскери, арнаулы оқу орнының аумағында ертіп жүруді жүзеге асырады.

      22. Курсанттың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін келушілер әскери, арнаулы оқу орнының әкімішілік аумағында орналасқан жатақханасына, казармасына, асханасына, музейіне, аудиторияларына, кітапханасына, спорттық кешендерге және режимдік емес өзге де бөлмелеріне барады.

      23. Ертіп жүру және түсініктерді беру әскери, арнаулы оқу орнының ілесіп жүруші қызметкеріне немесе әскери қызметшісіне жүктеледі.

      24. Келушілер әскери, арнаулы оқу орнының әкімшілік аумағынан шыға берісінде бақылау-өткізу пунктінде біржолғы рұқсатнаманы ілесіп жүрушіге кері қайтарады, ал "Келуші" бейджигін кезекшілік-коменданттық бөлімшенің қызметкеріне және әскери қызметшісіне кері қайтарады.

      25. Келішулерді ертіп жүруші (-лер) біржолғы рұқсатнамасында қайту мерзімі мен уақытын толтырады, одан кейін әскери, арнаулы оқу орны кезекшілік-коменданттық бөлімшесінің қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне береді.

  Курсанттардың Қазақстан
Республикасының азаматтары
болып табылатын отбасы
мүшелерінің олардың өмірімен
және тұрмысымен танысу үшін
курсанттар қатарындағы
өздерінің жақын туыстарына
бару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
әскери, арнаулы оқу орнының
бастығы атағы, тегі, аты,
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
(әкесінің аты бар болған
жағдайда)
___________________________
Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған
жағдайда), ЖСН, ұялы телефон
нөмірі, электрондық пошта
____________________________

Келушінің курсанттарға бару туралы өтініші (жазбаша немесе электрондық)

      Сізден маған (әкесі, шешесі, ағасы, апайы, атасы, әжесі, бала асырап алушы) менің (ұлым, ағам, немерем) курсант Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда) ________ өмірімен және тұрмысымен танысу үшін баруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Қолы, күні

      Ескертпе:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Курсанттардың Қазақстан
Республикасының азаматтары
болып табылатын отбасы
мүшелерінің олардың өмірімен
және тұрмысымен танысу үшін
курсанттар қатарындағы
өздерінің жақын туыстарына
бару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Біржолғы рұқсатнама

Келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (әкесінің аты бар болған
жағдайда) __________________________________________________________
Келу күні және уақыты _______________________________________________
Курсантқа қатысты туыстық дәрежесі __________________________________
Курсанттың Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда) ____________________
Берілген күні мен уақыты ____________________________________________
Кезекшінің Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда) және қолы ___________

  Курсанттардың Қазақстан
Республикасының азаматтары
болып табылатын отбасы
мүшелерінің олардың өмірімен
және тұрмысымен танысу үшін
курсанттар қатарындағы
өздерінің жақын туыстарына
бару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
әскери, арнаулы оқу орнының
бастығы

Курсанттарға бару кестесі

Келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (әкесінің аты бар болған жағдайда)

Курсанттың Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда)

Курсантқа кім болады (жақын туысының туыстық дәрежесі)

Келу күні мен уақыты

Ілесіп жүрушінің Т.А.Ә. (тек аты-жөні мен ішкі жұмыс телефондары)

1.






2.






3.






  Курсанттардың Қазақстан
Республикасының азаматтары
болып табылатын отбасы
мүшелері олардың өмірімен
және тұрмысымен танысу үшін
курсанттар қатарындағы
өздерінің жақын туыстарына
бару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Курсанттарға бару журналы

Келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (әкесінің аты бар болған жағдайда)

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні

Келуші жіберілетін курсанттың Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда)

Біржолғы рұқсатнама беру күні және уақыты

Біржолғы рұқсатнама берген (кезекші)

1.






2.






3.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады