Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шiлдедегi № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 шiлдеде № 34802 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 23.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 104-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 57 бұйрығына
қосымша

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың № _____ шарты

      ___________ қ. "__" __________ 202__ж.
      Бірлескен қызмет туралы 202 _жылғы _________ №___________ шартқа сәйкес сақтандыру пулының атынан әрекет
      ететін Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының өкілі ________________________, __________
      атынан бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталатын ____________________________ негізінде әрекет ететін бір тараптан және _______________________ атынан бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталатын _________________________________ негізінде әрекет ететін
      ____________________________________________________ екінші тараптан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі), "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде төмендегілер туралы осы Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын (бұдан әрі – Ортақ сақтандыру шарты) жасасты:

1-тарау. Осы Ортақ сақтандыру шартында пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Ортақ сақтандыру шартында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымы – Кодекстің 270-4-бабына сәйкес кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және Пул шеңберінде және осы Ортақ сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы;

      2) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы (бұдан әрі – Пул) – заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған сақтандыру ұйымдарының бірлестігі;

      3) медицина қызметкері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      4) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға.

      5) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      6) Пул әкімшісі – сақтандыру брокері және (немесе) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) – Кодекстің 270-4 бабына сәйкес әрекет ететін Пул қызметін басқару үшін тартылған және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарттарын жасасу, сүйемелдеу және орындау үшін Пулдың барлық қатысушыларының атынан және олардың тапсырмасы бойынша осы Ортақ сақтандыру шартының негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы;

      7) Пул әкімшісінің интернет-платформасы (бұдан әрі – мәтін бойынша интернет-платформа) – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін, оның ішінде оны жүргізу және пайдалану технологиясын, сондай-ақ Cақтанушы, Сақтандырушы-Қатысушы және Пул әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды қамтитын ақпараттық жүйе;

      8) сақтандыру сыйлықақысы (жарнасы) – Сақтанушы Пул әкімшісіне сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелер Пулына қатысушылардың атынан және оның тапсырмасымен қабылдағаны үшін төлейтін ақша сомасы;

      9) сақтанушы – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия және оған қосымшалар негізінде медициналық қызметті жүзеге асыратын және медициналық ұйымдар үшін ұжымдық шарт және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін жеке шарт түріндегі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бар денсаулық сақтау субъектісі;

      10) сақтандырылушылар – Сақтанушының медициналық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясына сәйкес және Ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде және оның қолданысы уақытында Сақтанушы сақтандыруға мәлімдеген медициналық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкерлері (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және/немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға барлық қажетті рұқсаттары бар шетел азаматтары/азаматтығы жоқ адамдар).

      11) сақтандыру төлемі – Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде Пайда алушыға төлейтін ақша сомасы.

      12) Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы – тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен расталған, оның басталуымен Ортақ сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі.

2-тарау. Сақтандыру объектісі

      2. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (жарнасын) төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Ортақ сақтандыру шартында көзделген көлемде және шарттарда Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Осы Ортақ сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу өзінің міндетіме байланысты Сақтанушының мүліктік мүдделерін береді, ал Сақтандырушы сақтандыруға қабылдайды.

      Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты медицина қызметкерлерінің мүліктік мүдделері болып табылады.

3-тарау. Сақтандыру төлемінің және сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) мөлшері

      3. Осы Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі Кодекстің 270-4-бабының 3-тармағына сәйкес _________ (сомасы жазбаша) теңге мөлшерінде белгіленген.

      4. Әр пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда сақтандыру сомасы:

      1) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде мүгедектікті белгілеуге алып келген пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін:

      үшінші топ – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      екінші топ – алты жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      бірінші топ – сегіз жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      мүгедектігі бар бала – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      2) пациенттің өліміне алып келген медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін – үш мың еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      3) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына мүгедектік белгіленбей зиян келтіргені үшін – аурумен байланысты нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш.

      5. _________ (сомасы жазбаша) теңге мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысы (жарна) Кодекстің 270-4-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен және оларды төлеу мерзімдерінде жүргізіледі.

4-тарау. Сақтандыру жағдайы, сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу

      6. Зиян келтіру фактісі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен немесе заңды күшіне енген сот актісімен расталады (белгіленеді)..

      7. Сақтандыру оқиғасының белгілері пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің медициналық қызметтер көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты шағымының негізгі мәнін толық сипаттай отырып, Сақтандырылғанға және (немесе) Сақтанушыға жолданымы немесе сотқа талап-арызы болып табылады.

      8. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болып танылады.

      Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

      9. Осы Ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру, егер олар сақтандыру жағдайы нәтижесінде келтірілген болса да, қате жіберілген пайдалар, мемлекеттік органдар салатын тұрақсыздық айыбын, айыппұл санкцияларын, өсімпұлдарды өтемейді.

5-тарау. Тараптардың, Сақтанушының және Пул әкімшісінің құқықтары мен міндеттері

      10. Сақтанушының:

      1) Ортақ сақтандыру шартының талаптарына қатысты түсініктемелер алуға;

      2) Пул әкімшісінің сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемдерінен бас тартуына шағымдануға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес Ортақ сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      11. Сақтанушы:

      1) Пул әкімшісіне сақтандыру тәуекелін бағалау және Пулдың Ортақ сақтандыру шартын жасасу туралы шешім қабылдау үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы хабарлауға;

      2) Сақтандырылушыны Ортақ сақтандыру шартының талаптарымен және оған жүктелетін міндеттермен таныстыруға;

      3) Ортақ сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

      4) әрбір Сақтандырылушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Интернет-ресурс операторының, Сақтанушының, Сақтандырушы-қатысушылардың, Пул әкімшісінің және Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дербес және биометриялық деректерді жинауға, өңдеуге, пайдалануға, сақтауға, таратуға Келісімінің болуын қамтамасыз етуге;

      5) Кодекстің 270-4-бабына сәйкес тәртіпте және мерзімде сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталғаны туралы Пул әкімшісін хабардар етуге. Пул Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламаған немесе уақтылы хабарламаған жағдайда сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы бар;

      6) Пул әкімшісіне сақтандыру жағдайының себептерін, барысы мен салдарын, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерін растайтын барлық қолда бар ақпарат пен құжаттарды ұсынуға. Бұл міндет Сақтандырылушыға да жүктеледі;

      7) Пул әкімшісімен келісу бойынша сақтандыру жағдайынан келтірілген залалды болғызбау немесе азайту үшін барлық болуы мүмкін және орынды шараларды қабылдауға. Бұл міндет Сақтандырылушыға да жүктеледі;

      8) Пул әкімшісін сақтандыру тәуекелінің жай-күйіне әсер ететін шарттардың өзгерістері туралы хабардар етуге;

      9) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Пул әкімшісіне медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлауға;

      10) сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін Кодекстің 270-4-бабына сәйкес Пул әкімшісі талап ететін барлық құжаттарды ұсынуға;

      11) Ортақ сақтандыру шартының талаптары, сақтандыру сыйлықақылары (жарналарын) мен төлемдердің мөлшерлері туралы құпиялылықты сақтауға;

      12) сақтандыру жағдайының белгілері анықталған кезде Сақтандырушы - Қатысушылар атынан әрекет ететін Пул әкімшісінің мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттерді жасамауға, Пул әкімшісінің жазбаша келісімінсіз зиянды өтеу туралы талаптарды ерікті түрде мойындамауға, қабылдамауға, осындай талаптарды реттеу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдамауға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтемеуге (өтеуге уәде беруге);

      13) Кәсіби этиканың жалпыға бірдей қабылданған қағидалары мен қағидаттарының талаптарын сақтауға;

      14) Ортақ сақтандыру шартында арнайы айтылғандарды қоспағанда, Сақтандыру жағдайлары шеңберінде сақтандырушының жазбаша келісімінсіз қандай да бір өтемақы және басқа да төлемдерді келіспеуге және жүзеге асырмауға;

      15) Ортақ сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушы мәлімдеген Ортақ сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің өзгеруіне елеулі әсер етуі мүмкін мән-жайлардағы өзгерістер туралы Пул әкімшісіне дереу хабарлауға міндетті.

      Сақтандырылушының Ортақ сақтандыру шартының талаптарын бұзуы Сақтанушының өзінің бұзғаны деп бағаланады.

      12. Пул әкімшісі:

      1) Сақтанушы хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ Сақтанушының Ортақ сақтандыру шарты мен талаптарын орындауын тексеруге;

      2) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға;

      3) Сақтанушыдан және Пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды талап етуге;

      4) егер Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын көрсетілген құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынбаса не басқа жағдайларда негізсіз талаптарда Сақтандырушы-қатысушылардың атынан сақтандыру төлемінен бас тартуға;

      5) Ортақ сақтандыру шарты бұзылған және сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда - Ортақ сақтандыру шарты қолданылған уақытқа барабар Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне және Сақтандыру сыйлықақысының қайтарылатын бөлігінің 10 % мөлшерінде Ортақ сақтандыру шартын енгізумен байланысты әкімшілік шығыстар;

      6) Ортақ сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізуді немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді ұсынуға құқығы бар.

      13. Пул әкімшісі:

      1) Сақтанушыны Ортақ сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға;

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде Ортақ сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

      3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      4) медицина қызметкері құпиясын жария етпеуге міндетті.

      Пул әкімшісі мен Сақтанушының (Сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен міндеттері бар.

      Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сақтандыру пулына қатысушылар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес жауапты болады.

6-тарау. Ортақ сақтандыру шартын жасасу тәртібі, қолдану мерзімі, тоқтату талаптары

      14. Ортақ сақтандыру шарты Пул әкімшісінің интернет-платформасында құрылған электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда жасалады.

7-тарау. Ортақ сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің өзгеруі

      15. Сақтанушы медицина қызметкерін Сақтандырылғандар тізімінен алып тастаған және бұл туралы Пул әкімшісіне хабарлаған жағдайда, сақтандыру қорғанысы осы адамдарға қатысты Пул әкімшісіне хабарланған күннен бастап тоқтатылады. Осы өзгерістерге қатысты Ортақ сақтандыру шартына қосымша келісім ресімделеді және интернет-платформада электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Ортақ сақтандыру шартының аяқталмаған қолданылу кезеңі үшін сыйлықақыны қайтару Сақтандырушы-қатысушылардың ісін жүргізуге барабар тиісті шығыстарды шегерілмей есептеледі. Пул әкімшісі осы тұлғаларға қатысты Ортақ сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталмаған кезеңі үшін Сақтанушыға сыйлықақыны қайтаруды Ортақ сақтандыру шартына қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға міндетті.

8-тарау. Сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі әрекеттері

      16. Пациенттен немесе оның заңды өкілінен зиянды өтеу туралы талаппен жолданым келіп түскен жағдайда Сақтанушы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырушыны интернет-платформада немесе өзге де қолжетімді құралдармен хабардар етеді.

9-тарау. Дауларды қарау тәртібі

      17. Сақтанушы мен Пул әкімшісі арасындағы Ортақ сақтандыру шарттары бойынша туындаған даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 402-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

10-тарау. Қосымша талаптар

      18. Кодекстің 270-4-бабында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар Ортақ сақтандыру шартын жасасу нәтижесінде алынған құпия ақпаратты екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз жария етуге құқығы жоқ.

      19. Ортақ сақтандыру шарты электрондық форматта жасалады және Тараптар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды күші бар.

      20. Осы Ортақ сақтандыру шартының қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

      Тараптардың деректемелері мен қолдары:

Сақтандырушы:
Атауы
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына 20___ жылғы "___" ________ № __________лицензия
БСН __________________
Мекенжайы: ________________
ЖСК _________________
Банк, БСК _______________
Тел.: ______________________
Резиденттік белгісі___
Экономика секторы___
Сақтанушы:
Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына 20___ жылғы "___" ________ № __________ лицензия

Сақтандырушы (бірыңғай сақтандыру пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай сақтандыру пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокері):
Атауы
БСН __________________
Мекенжайы: ________________
ЖСК _________________
Банк, БСК _______________
Тел.: ______________________

БСН __________________
Мекенжайы: ________________
ЖСК _________________
Банк, БСК _______________
Тел.: ______________________
Резиденттік белгісі___
Экономика секторы___


Лауазымы
__________ ТАӘ (бар болған жағдайда)
М.О.

Лауазымы
______ ТАӘ (бар болған жағдайда)
М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады