"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 105/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 34832 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК) 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібін анықтайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстау "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жазасын өтеу кезеңінде сотталған әскери қызметшіні барлық үлес түрінен алу туралы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 55/ҚБП бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15679 болып тіркелген) көзделген тәртіппен расталған әскери бөлім командирі бұйрығының көшірмесін немесе одан үзіндіні;";

      55-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сотталған әскери қызметші гауптвахтадан кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның жазасын өтеу орны, қызмет өткеру орны не болмаса тұрғылықты жерiнің мекенжайы бойынша жөнелтіледі.";

      10-тарау алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады