"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 29 шілдедегі № 291-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 шілдеде № 34834 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33534 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырып келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға (бұдан әрі-Талаптар) сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";

      13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілеріне және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.";

      103-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілеріне және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақпаратты қорғау және жұмылдыру дайындығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Бижанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады