БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Заңның 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.".
19-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Заңның 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.".
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат (өтініш) Заңның 17-бабында көзделген негіздер болған кезде қабылданбайды.".
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Қазақстан Республикасының азаматтығы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша жоғалады.".
4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
М.О. Фото суреттің орны
Сауалнама-өтініш
Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген тәртіппен
қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді
сұраймын (керексізін сызып тастаңыз).
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.
____________________________________
____________________________________
менімен бірге біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды,
тегі, аты, әкесініңаты (ол болған кезде), туған күні мен жері, азаматтығы)
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), азаматтығы, тұрғылықты жері)
Өтініш беруші туралы мәлімет
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесініңаты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________
3. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)
4. Қазіргі уақытта қай шет мемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)
_____________________________________________
қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалтты)
5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе? ________________________________________________ (егер иә болса, онда қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды)
6. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме
______________________________________________
(көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
7. Ұлты ________________________________________________
8. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі _____________________________
(қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
(диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)
10. Отбасы жағдайы ________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыста емес), ажырасқан, жесір)
_____________________________________________
(неке (ажырасу), қайтыс болғаны туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
11. Жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер
Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Азаматтығы | Тұратын елі мен мекенжайы | Жұмыс, оқуорны |
12. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек қызметі
(жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын,
әскери қызметті қоса алғанда)
Күні (айы және жылы) | Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсетеотырыплауазымы | Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елдімекен) | |
қабылдау | босату | ||
13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) __________________
14. Қазақ (орыс) тілін білесізбе? _________________________________
(мәліметтерді растайтын құжат, оның нөмірі, берілген күні және орны)
15. Әскери міндетке қатысы _________________________________________
(әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет мемлекетте
әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке шақырылмаған ба?)
16. Тұруға ықтиярхатпен расталған Қазақстан Республикасының аумағында тұру
_____________________________________________
(қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)
17. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген
күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
шығарылдыңыз ба?________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы
қаулының нөмірі мен күні)
18. Шет мемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе құқық қорғау
органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңызба?)__________________________________
(егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы, шені)
19. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба _________________________________
(егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша,
сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын көрсету)
20. Қылмыс жасағаныңыз үшін шет мемлекеттің құзыретті органдары қылмыстық
тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ________________________ (иә, жоқ)
21. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны ________________________________
22. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
(құжат нөмірі, қашан және кім берді)
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
_____________________________________________
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған ақпарат бергенім үшін ескертілдім ________________________________________________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы "__"_________________________
__________________ (өтініш берушінің қолы)
Өтініш "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның, Жеңілдетілген тәртіпте қабылдау туралы келісімнің, Тұрмыстағы әйел туралы конвенцияның негізінде қарауға қабылданды.
(керегін сызыңыз)
Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім;
өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын._____________________________________
(құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің лауазымды адамының
арнаулы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні) _____________________________
(лауазымды адамның қолы)
Бастық ______________________________
(аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)
________________________________ ____________
(арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) М.О.
М.О. Фото суреттің орны
Сауалнама-өтініш
Тұрақты тұруға рұқсатты беруді және Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдауды сұраймын.
Қазақстан Республикасында 20____ жылғы бастап 20 ____жылғы дейін мекенжайы бойынша уақытша тіркелген.
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.
____________________________________________
Өтініш беруші туралы мәлімет
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін. Тегі мен аты орыс және латын әліпбиінің әріптерімен жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес жазылады).
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________
3. Қазіргі уақытта қай шетмемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды)
_____________________________________________
қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалтты)
4. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)
5. жеке басты куәландыратын құжат ____________________________
(құжаттың нөмірі мен сериясы, кім және қашан берген)
6. Ұлты _______________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
7. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен
жүгіндіңіз бе ________________________________________________
егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды
8. Отбасы жағдайы _____________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
_____________________________________________
ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
9. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,
қарамағындағы) балаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында
уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:
Өтініш берушіге қатысы | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған жылы және жері | Азаматтығы (тиесілігі) | Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы | ЖСН ол болған жағдайда | Жұмыс орны |
10. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Күні (айы және жылы) | Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы | Жұмыс орнының мекенжайы | |
11. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса _________________________________
___________________________________________
(куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)
12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген
күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
шығарылдыңыз ба?______________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы
қаулының нөмірі мен күні)
13. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба _______________________
(егер иә болса, қашан, қандай баптар бойынша)
14. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған
қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба
_____________________________________________
егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)
15. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе
аса ауыр қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған
соттылығыңыз бар ма
____________________________________________
егер болса, неше рет және қашан
16. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде жазылатын/ дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)
_____________________________________________
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған
күні, азаматтығы, тұрғылықты жері)
_____________________________________________
17. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ____________________________
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: _________________________________
Маған тұрақты тұруға рұқсат беруде және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауда жеңілдетілген тіркеу тәртібінде "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген жағдайларда бас тартылуы мүмкін екені ескертілді.
Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған мәлімет ұсынғаным үшін ескертілдім.
20__ жылғы "___" _________________________.
(өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ жылғы "__"_________________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын
____________________________________________
арнаулы атағы (егер бар болса),
_____________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________
(лауазымды адамның қолы)
Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
Сұрақтарға жауап толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.
Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.