"Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 442/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34841 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізіду тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10373 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

3.

Байланыс туралы заңнамаға сәйкес барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық байланыс желілеріндегі абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және екі жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етуге арналған аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар

жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға беру актісін көшірмесі

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

      ";

      реттік нөмірі 5-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

5.

Қазақстан Республикасы аумағындағы байланыс желісін басқару орталығы

меншік құқығын немесе басқа заңды негізін растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

      ";

      келесі мазмұндағы реттік номері 15-жолмен толықтырылсын:

      "

Геостационарлық емес байланыс спутниктері қолданылатын спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну үшін (әрі қарай - ГЕБС).

15.

Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қосулыдың
техникалық әзірлігі

мемлекеттік техникалық қызметтен келісім хаты

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

      ";

      ескертпе: алып тасталсын;

      қосымшада:

      1 - тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
К. Тулеушин

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Аты-жөні

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Аты-жөні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады