Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34845 болып тіркелді

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 282 Бұйрығымен
бекітілген

Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Қандас" ААЖ) – этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе;

      2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері – шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері;

      3) өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер шетелдік азаматтардың қатарындағы жеке тұлғалар және оның отбасы мүшелері;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.

2-тарау. Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау тәртібі

      3. Жеке басын куәландыратын құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін белгілеу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өмірбаяны (еркін нысанда) және тұрақты тұратын елдің шетелдік паспортының көшірмесі қоса беріле отырып, "Құтты мекен" мобильді қосымша, "Migration.enbek.kz" порталы, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы береді.

      4. "Құтты мекен" мобильдік қосымша немесе "Migration.enbek.kz" порталы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" ААЖ-ға түседі.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.

      6. Қандас мәртебесін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін анықтау үшін жергілікті атқарушы орган Комиссия құрады.

      7. Комиссияның қызметі жергілікті атқарушы органмен Заңның 15-бабы 1-тармағының 6-11) тармақшасына сәйкес айқындайды.

      8. Комиссия құрамына халықтың көші-қоны, білім беру, мәдениет, ішкі саясат, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары, этникалық қазақтар мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар және/немесе қоғамдық бірлестіктер саласына жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, қазақ тілі мен Қазақстан тарихы саласындағы мамандар кіреді.

      9. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде оны қоса берілген құжаттармен бірге "Қандас" ААЖ арқылы Комиссияның қарауына жібереді.

      10. Өтініш берушілердің ұлты қазақ адамдарға тиесілігін айқындауды Комиссия мынадай алгоритм бойынша жүзеге асырады:

      1) үміткердің қазақ ұлтына жататынын растайтын жеке басын куәландыратын құжаттардан басқа өзге де құжаттарды қарау;

      2) адамға өзін этникалық қазақ ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілін, салт-дәстүрлерін, мәдениетін, туыстығын және басқа да факторларды білуге бағытталған бетпе-бет не онлайн форматта әңгімелесу өткізу;

      3) алынған ақпаратты талдау және бағалау;

      4) Қазақ ұлтына жататындығын айқындау не айқындаудан бас тарту туралы ұсыным.

      11. Қазақ ұлтына жататынын айқындау мақсатында өтініш беруші қосымша туу туралы куәлікті, ата-анасының туу туралы куәлігін, ата-бабаларының Қазақстан аумағында тұруы туралы архивтік анықтамаларды, неке туралы куәлікті және үміткердің қазақ ұлтына жататынын растайтын басқа да құжаттар ұсына алады.

      12. Ата-аналарының ұлты әртүрлi кезінде, өтініш беруші "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының 2-тармағына сәйкес өзінің қай ұлтқа жататынын айқындайды және көрсетеді.

      13. Комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес адамдардың қазақ ұлтына жататынын айқындау не айқындаудан бас тарту туралы ұсыным қабылдайды.

      14. Қазақ ұлтына жататынын айқындау не айқындаудан бас тарту туралы ұсынымды Комиссия үш жұмыс күні ішінде ашық дауыс беру жолымен қабылдайды және қатысушылардың кемінде үштен екісінің оң дауыс берген кезде қабылданды деп есептеледі.

      15. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсынымы негізінде үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ ұлтына жататынын тану не танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және "Құтты мекен" мобильдік қосымша немесе "Migration.enbek.kz" порталы арқылы қабылданған шешімді өтініш берушіге және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жібереді, немесе өтініш берушіге шешім береді.

      16. Жаңа мән-жайлар анықталған және растайтын жаңа құжаттар анықталған кезінде, қазақ ұлтын белгілеуге үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қайта өтініш береді.

      17. Мыналар:

      1) этникалық қазақ қазақ ұлтына жататынын тану үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің немесе олардың болмауы анықталуы;

      2) этникалық қазақтың "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы;

      18. Комиссия отырысы өтініштер болған кезде өткізіледі.

      19. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

  Жеке басын куәландыратын
құжаттарда, сондай-ақ
үміткерлердің ұлтын растайтын
басқа да құжаттарда тиісті жазба
болмаған жағдайда, қандас
мәртебесін және жеңілдетілген
тәртіппен (тіркеу тәртібімен)
Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуға үміткер
адамдардың ұлты қазақ екенін
айқындау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(Қазақстан Республикасының
шет елдердегі мекемесінің,
жергілікті атқараушы органның
атауы)
____________________________
____________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
кімнен ___________________
____________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
____________________________
____________________________
(мекен-жайы бойынша тұратын)

Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындауға өтініш

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (бар болса)


      Отбасының құрамы мынадай:

Т.А.Ж. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5









































      Жеке басын куәландыратын құжаттарда тиісті жазбалардың болмауына байланысты қазақ ұлтына тиесілігін айқындауды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қазақ ұлтына жататындығын айқындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) өмірбаян (еркін нысанда);

      2) тұрақты тұратын елдің шетелдік төлқұжатының көшірмесі;

      3) қазақ ұлтымен байланысын растайтын құжат (бар болса);

      _________________________________________________________;

      Мен келтірген мәліметтердің дұрыс екенін куәландырамын. Дұрыс емес мәліметтер алынған визаның күшін жоюға және/немесе қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын беруден бас тартуға негіз болуы мүмкін екені туралы хабардар етілдім.

      20__ жылғы "__" _________ _________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттар қабылданды:________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы)

      20__ жылғы "__" _________ _____________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

  Жеке басын куәландыратын
құжаттарда, сондай-ақ
үміткерлердің ұлтын растайтын
басқа да құжаттарда тиісті жазба
болмаған жағдайда, қандас
мәртебесін және жеңілдетілген
тәртіппен (тіркеу тәртібімен)
Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуға үміткер
адамдардың ұлты қазақ екенін
айқындау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау өтінішті қабылдау туралы ______жылғы ___________ № _______ хабарлама

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      жеке басын куәландыратын құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас

      мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен)

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін

      белгілеу туралы өтініші

      ___________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органының/ шет елдердегі

      мекемесінің атауы)

      кіріс хат-хабарлар ретінде № ______________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (күні)

      тіркелді және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілген:

      1) өмірбаян (еркін нысанда);

      2) тұрақты тұратын елдің шетелдік паспортының көшірмесі;

      3) қазақ ұлтымен байланысын растайтын құжат (бар болса);

      _____________________________________________________________;

      Құжаттар қабылданды_________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _________ (қолы) / _________ (күні)

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                    (линия отреза)

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінде қалады

      Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама №______ _________ _________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _______________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________

      Байланыс деректері __________________________________

      _________ (қолы) / _________ (күні)

  Жеке басын куәландыратын
құжаттарда, сондай-ақ
үміткерлердің ұлтын растайтын
басқа да құжаттарда тиісті жазба
болмаған жағдайда, қандас
мәртебесін және жеңілдетілген
тәртіппен (тіркеу тәртібімен)
Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуға үміткер
адамдардың ұлты қазақ екенін
айқындау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Комиссияның қазақ ұлтына жататынын айқындау не айқындаудан бас тарту туралы 20___ жылғы "__" ________ № ________ ұсыным

      __________________________________________________________________________

                        (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Комиссия "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 6-10) тармақшасына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау туралы өтінішті қарап шыға отырып.

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (бар болса)


      Отбасының құрамы мынадай (бар болса):

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5






      Ұсынады

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:

      1)_____________________________, _______________________________;

      2)_____________________________, _______________________________;

      3)_____________________________, _______________________________;

      4)_____________________________, _______________________________;

      5)_____________________________, _______________________________.

      Комиссия хатшысы _______________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)

      Комиссия төрағасы _______________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)

  Жеке басын куәландыратын
құжаттарда, сондай-ақ
үміткерлердің ұлтын растайтын
басқа да құжаттарда тиісті жазба
болмаған жағдайда, қандас
мәртебесін және жеңілдетілген
тәртіппен (тіркеу тәртібімен)
Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуға үміткер
адамдардың ұлты қазақ екенін
айқындау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақ ұлтына жататынын айқындау не айқындаудан бас тарту туралы 20__ "__" ________№ _____________ шешім

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау жөніндегі комиссия "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оң шешім/бас тарту туралы шешім қабылдады:

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (бар болса)


      Отбасының құрамы мынадай (бар болса):

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5






      Қазақ ұлтына жататынындығын тану не танудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Басшы _______________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (қолы/мөрі)       (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады