1. "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 112/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27610 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау – бұдан әрі – тиімділікті бағалау) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясатты және нысаналы технологиялық саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін белгілеу тәсілі.";
8-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қолдау шарасының тиімділік индексі үш балдық шкала бойынша өлшенеді, мұнда:";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тиімділікті бағалау туралы ақпаратты инновациялық жүйе субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей қалыптастырады және осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға және инновациялық обсерваторияға ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі