"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шілдеде № 34854 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "474. Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 7), 16), 27), 29), 30), 33), 36), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып уәкілетті орган қалыптастыратын тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілердің тізімі (бұдан әрі – Тізім) бойынша жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 474-1, 474-2 және 474-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "474-1. Тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерді Тізімге енгізуді уәкілетті орган Тапсырыс берушінің немесе әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға 46 немесе 47-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осы тізімге енгізу туралы өтініші негізінде жүзеге асырады.

      Өтінішке тапсырыс берушінің немесе әлеуетті өнім берушінің өкілеттіктерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Бұл ретте растау Заңның 39-бабы 3-тармағының тиісті негіздемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      474-2. Өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.

      474-3. Осы Қағидалардың 474-тармағында көзделген тізімді уәкілетті орган өзектендіреді және бірыңғай оператор веб-порталда орналастырады.";

      505-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "505-1. Өнім беруші азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын электрондық құжат түрінде не өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін веб-порталда қоса бере отырып, қағаз тасығышта "Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен (бұдан әрі – № 206 Бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26971 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанда ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Тапсырыс беруші өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:

      1) сатып алудың атауы, нөмірі және өткізу мерзімін;

      2) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді енгізу қажет ететін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нөмірі мен күнін;

      3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      4) өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын тіркеу күні мен уақытын;

      5) № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының сәйкестігі туралы белгі;

      6) сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының сомасын көрсете отырып, оның нөмірі мен көшірмесінің күні.

      Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және тапсырыс беруші қол қояды.

      Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналының соңғы беті тапсырыс берушінің мөрімен бекітіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:

      Конкурстық құжаттамада:

      74-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-1. Өнім беруші азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын өнім беруші веб-порталда өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін қоса бере отырып, № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түрінде не қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Тапсырыс беруші өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:

      1) сатып алудың атауы, нөмірі және өткізу мерзімін;

      2) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді енгізу қажет ететін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нөмірі мен күнін;

      3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      4) өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын тіркеу күні мен уақытын;

      5) № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының сәйкестігі туралы белгі;

      6) сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының сомасын көрсете отырып, оның нөмірі мен көшірмесінің күні.

      Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және тапсырыс беруші қол қояды.

      Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналының соңғы беті тапсырыс берушінің мөрімен бекітіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 33-қосымшада:

      Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың:

      3.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      не:

      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      не:

      өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін қоса бере отырып, № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түріндегі не қағаз жеткізгіште өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.";

      көрсетілген Қағидаларға 34-қосымша:

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шарттың:

      4.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) теңгені құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:

      Мердігердің электрондық әмиянындағы ақша;

      не:

      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      не:

      өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін қоса бере отырып, № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түріндегі не қағаз жеткізгіште өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.";

      көрсетілген Қағидаларға 35-қосымша:

      Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың:

      4.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) теңгені құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      не:

      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      не:

      өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін қоса бере отырып, № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түріндегі не қағаз жеткізгіште өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.";

      көрсетілген Қағидаларға 36-қосымша:

      Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың:

      4.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) теңгені құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      не:

      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      не:

      өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін қоса бере отырып, № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түріндегі не қағаз жеткізгіште өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған жағдайда енгізбеуі мүмкін.";

      көрсетілген Қағидаларға 37-қосымша:

      Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың:

      3.1.-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін, теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      не:

      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      не:

      өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының тиісті электрондық көшірмесін қоса бере отырып, № 206 Бұйрығымен бекітілген үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түріндегі не қағаз жеткізгіште өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, түпнұсқа тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында көзделген толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз жеткізгіште алу фактісін және сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған жағдайда енгізбеуі мүмкін.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 46-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 47-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 30 шілдедегі
№ 495 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
46-қосымша

Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға тапсырыс берушілердің тізіміне енгізуге тапсырыс берушінің өтініші

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінінң БСН

Бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

Сатып алудың атауы

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер анықтамалығының кодына сәйкес атауы

Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға Тапсырыс берушінің өкілеттігін растайтын негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8









      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 30 шілдедегі
№ 495 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
47-қосымша

Тапсырыс берушілер тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасуға өнім берушілердің тізіміне енгізуге әлеуетті өнім берушінің өтініші

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің БСН

Бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

Сатып алудың атауы

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер анықтамалығының кодына сәйкес атауы

Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге әлеуетті өнім берушінің өкілеттігін растайтын негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8









      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады