ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:
2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:
1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 45 Қаулыға 1-қосымша |
Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесіне 2-қосымша |
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесi пайызбен |
I топ | ||
1. | Қолма-қол теңге | 0 |
2. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң қолма-қол шетел валютасы | 0 |
3. | Тазартылған бағалы металдар | 0 |
4. | Қазақстан Республикасының Үкiметiне қойылатын талаптар | 0 |
5. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне қойылатын талаптар | 0 |
6. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар | 0 |
7. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне қойылатын талаптар | 0 |
8. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар | 0 |
9. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша қойылатын талаптар | 0 |
10. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар | 0 |
11. | Ұлттық холдинг - оригинатор, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингі құрған ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған исламдық бағалы қағаздар | 0 |
12. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар | 0 |
13. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 0 |
14. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, "Бағалы қағаздар рыногы туралы "Қазақстан Республикасының заңына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар, Еуразиялық даму банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына номинирленген бағалы қағаздар | 0 |
15. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "ВВВ"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар банктерде ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 0 |
II топ | ||
16. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "AA-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы | 20 |
17. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне қойылатын талаптар | 20 |
18. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне қойылатын талаптар | 20 |
19. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар | 20 |
20. | Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарына қойылатын талаптар | 20 |
21. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына қойылатын талаптар | 20 |
22. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар ұйымдарға қойылатын талаптар | 20 |
23. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар | 20 |
24. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 20 |
25. | Ұлттық басқарушы холдингке дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) 100 (жүз) пайызы тиесілі заңды тұлға-оригинатор құрған ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған Қазақстан Республикасының исламдық бағалы қағаздары | 20 |
26. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 20 |
27. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған исламдық бағалы қағаздар | 20 |
III топ | ||
28. | Тазартылмаған бағалы металдар | 50 |
29. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне қойылатын талаптар | 50 |
30. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне қойылатын талаптар | 50 |
31. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар | 50 |
32. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен төмен емес "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар | 50 |
33. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға қойылатын талаптар | 50 |
34. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ға дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар | 50 |
35. | Мына талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: (осы кестенің 53, 57 және 58-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнын 50 (елу) пайызды қоса алғанда аспайды | 35 |
36. | Мына талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: (осы кестенің 53, 57 және 58-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнынан 51 (елу бір) пайыздан бастап 85 (сексен бес) пайызға дейін қоса алғанда шекте болады | 50 |
37. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қарыздардың өтелмеген бөлігінен 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптасқан Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар талаптар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 52, 53, 54, 57 және 58-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) | 100 |
38. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қарыздардың өтелмеген бөлігінен 35 (отыз бес) пайыздан астам және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптасқан Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар талаптар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 52, 53, 54, 57 және 58-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) | 75 |
39. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қарыздардың өтелмеген бөлігінен 50 (елу) пайыздан астам провизиялар (резервтер) қалыптасқан Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар талаптар (ипотекалық тұрғын қарыздарын және осы кестенің 52, 53, 54, 57 және 58-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) | 50 |
40. | Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар: 1) қарыз сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайды; 2) қарыз валютасы – теңге | 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда – 50 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 75 |
41. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар | 50 |
42. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 50 |
43. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен бастап "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 50 |
44. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған исламдық бағалы қағаздар | 50 |
45. |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "Негізгі" немесе "Балама" алаңшаларының "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енген, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігіне ие, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кем дегенде 50 (елу) пайызын өтейтін және мына өлшемшарттарға сәйкес бағалы қағаздар: | 50 |
46. | "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар | 50 |
IV топ | ||
47. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне қойылатын талаптар | 100 |
48. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне қойылатын талаптар | 100 |
49. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар | 100 |
50. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BBB+"-тен "BB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар | 100 |
51. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына қойылатын талаптар | 100 |
52. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент- ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасымен берілген 1 (бір) жылдан астам мерзімі бар талаптар | 200 |
53. | III топтағы тәуекелге жатқызылғандарын қоспағанда, жеке тұлғаларға қойылатын 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талаптар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар | 100 |
54. | III топтағы тәуекелге жатқызылғандарын қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасында берілген және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар бойынша 1 (бір) жылдан астам мерзімі бар талаптар | 200 |
55. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар | 100 |
56. | Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 53, 57 және 58-жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда) | 100 |
57. |
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында жеке тұлғаларға берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде банк есептейтін мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін тұтынушылық банктік қарыздар: | 150 |
58. | Жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық банктік қарыздар (осы кестенің 57-жолында көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және жеке тұлғаларға арналған қарыздарды қоспағанда) | 100 |
59. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар исламдық бағалы қағаздар | 100 |
60. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BBB+"-тен "BB-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 100 |
61. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "BB+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 100 |
62. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары және Standard & Poor's агенттігінің "BBB+"-тен "BB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 100 |
63. | Төлемдер бойынша есеп айырысулар | 100 |
64. | Негізгі құрал-жабдықтар | 100 |
65. | Материалдық қорлар | 100 |
V топ | ||
66. | Банктің инвестицияларын қоспағанда, акциялардың бір бөлігіндегі (жарғылық капиталға қатысу үлесі) әділ құн бойынша есепке алынатын инвестициялар | 100 |
67. | Банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларынан (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнен) әрбіреуі 10 (оннан) кем пайызды құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы | 100 |
68. | Банк шығарылған акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызын иеленген қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестициялар сомасы және жиынтығында осы Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеушілік түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капитал айырмасының 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын, шегерілетін уақыт айырмасына қатысты танылған, кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігі және Нормативтердің 8-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуге тиіс сомалар | 250 |
69. | Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдалана отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру қызметтерін көрсететін, Интернет желісі арқылы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасасу мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын инвестициялары | 150 |
70. | Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдалана отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру қызметтерін көрсететін, Интернет желісі арқылы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасасу мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан асатын инвестициялары | 1250 |
71. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің орталық үкіметтеріне қойылатын талаптар | 150 |
72. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің орталық банктеріне қойылатын талаптар | 150 |
73. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар | 150 |
74. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар | 150 |
75. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына қойылатын талаптар | 150 |
76. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "ВВ-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасында берілген қарыздар бойынша 1 (бір) жылдан астам мерзімі бар талаптар | 200 |
77. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын талаптар: | 150 |
78. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған исламдық бағалы қағаздар | 150 |
79. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 150 |
80. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 150 |
81. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар | 150 |
82. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған исламдық бағалы қағаздар: | 150 |
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне қосымша |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 11, 12 және 13-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі), сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырған кездегі коммерциялық кредиттер осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 11, 12 және 13-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдардың, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдардың 100 (бір жүз) пайыз сомасына;
қамтамасыз етуге берілген исламдық бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сәйкес мөлшерленеді.
2. Банкте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап ету бойынша кепілдіктер үшін біріздендірілген қағидаларға (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің "А-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін басқа да рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері түрінде қамтамасыз етуі бар қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құнын шегере отырып, тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне кіреді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған, сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты, Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап ету бойынша кепілдіктер үшін біріздендірілген қағидаларға (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Cтандарт энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері немесе резервтік аккредитивтері түріндегі қамтамасыз етудің түзетілген құны кепілдік, сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.
3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
4. Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылған, осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға;
осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
5. Қазақстан Республикасының мынадай:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етілуіне аталған деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;
2) оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалардан тәуелсіз, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтардың тізбесіне жатқызылған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын, ақпараттық алмасу бойынша міндеттемелер қабылдамаған талаптарды қоспағанда, рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігіне ие болған немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес заңды тұлғаға қатысты еншілес немесе олардың азаматтарына немесе жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын жеке иеленетін заңды тұлғаларға тәуелді болып табылатын ұйымдарға не көрсетілген оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын бейрезиденттеріне ұсынылған, осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру кезіндегі коммерциялық кредиттер;
тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:
тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы деп түсініледі;
жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз тұтынушылық банктік қарыз деп түсініледі.
7. Егер исламдық бағалы қағаздың арнайы шығарылым рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді.
9. 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған кезең ішінде Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақтың мемлекеттері тарапынан санкциялық шектеулер енгізу себебінен борыштық немесе тәуелсіз рейтингі төмендетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына берілген қарыздар, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары түріндегі активтер қайта қаралған борыштық немесе тәуелсіз рейтингтерді ескерумен кредиттік тәуекел дәрежесін қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтердің Кестеге сәйкес санатына дейін тең үлестермен көтерумен 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Standard & Poor's агенттігі (стандарт энд Пурс) немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірі берген борыштық немесе тәуелсіз рейтингтер негізінде Кестеге сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер есебіне енгізіледі.
10. Нормативтердің 11-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
11. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар ретінде жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, қамтамасыз етуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық банктік қарыз деп түсініледі.
Қаулыға 2-қосымша |
Пруденциялық нормативтерге және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерге 1-қосымша |
Ұйымның салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесі пайызбен |
1 | 2 | 3 |
I топ | ||
1 | Қолма-қол теңге | 0 |
2 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік қолма-қол валютасы | 0 |
3 | Тазартылған бағалы металдар | 0 |
4 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар | 0 |
5 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
6 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының салымдары | 0 |
7 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
8 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтар және бюджетке төленетін басқа төлемдер жөніндегі дебиторлық берешегі | 0 |
9 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
10 | Тәуелсіз рейтингі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 0 |
11 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
12 | Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ | ||
13 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетелдік қолма-қол валютасы | 20 |
14 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 20 |
15 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
16 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
17 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
18 | I тәуекел тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының дебиторлық берешегі | 20 |
19 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" -тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 20 |
20 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 20 |
21 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
22 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
23 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
24 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
25 | Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-дан "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
26 | "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар | 20 |
27 | Тәуекелдің II тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III топ | ||
28 | Тазартылмаған бағалы металдар | 50 |
29 | Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+" - тен "А-"- ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 50 |
30 | Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды | 50 |
31 | Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 60 (алпыс) пайызынан аспайды | 75 |
32 |
Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 70 (жетпіс) пайызынан аспайды. Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: | 100 |
33 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
34 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
35 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
36 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
37 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 50 |
38 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
39 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
40 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
41 | Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар секьюритилендіру позициялары немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтинг | 50 |
42 | Тәуекелдің III тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV топ | ||
43 | Тәуекелдің III және V топтарына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар | 100 |
44 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі және немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар | 100 |
45 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
46 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
47 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-ұйымдардағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент-ұйымдардағы және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдардағы салымдар | 100 |
48 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі бар резидент ұйымдардың немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ басқа рейтингтік агенттіктердің, резидент ұйымдардың бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің борыштық рейтингі және немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдардың дебиторлық берешегі | 100 |
49 | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі | 100 |
50 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 100 |
51 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
52 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
53 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-ұйымдар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент-ұйымдар және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 100 |
54 | Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
55 | Тәуекелдің IV тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
56 | Төлемдер бойынша есеп айырысулар | 100 |
57 | Негізгі құрал-жабдықтар | 100 |
58 | Материалдық қорлар | 100 |
59 | Сыйақы мен шығыстар сомасын алдын ала төлеу | 100 |
V топ | ||
60 | Ұйымның негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және 38 "Материалдық емес активтер" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтылым | 100 |
61 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар | 150 |
62 | Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары | 150 |
63 | Тұтынушылық банктік қарыздар | 150 |
64 |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар (немесе олардың азаматтары) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар: | 200 |
65 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "В-" төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
66 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "В-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
67 | Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдардағы салымдар | 150 |
68 |
Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: 1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығының аумағы бөлігінде ғана); | 200 |
69 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі | 150 |
70 |
Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі: | 200 |
71 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"- дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар | 150 |
72 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
73 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"- дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
74 | Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) "ВВ-"- дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 150 |
75 |
Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: | 200 |
76 | Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-" дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
77 | V-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |
Ұйымның салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің кестесіне қосымша |
Ұйымның салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің есебіне түсіндірмелер
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, ұйымда түзетілген құны аталған активтер көлемінің кем дегенде 50 (елу) пайызын құрайтын қамтамасыз етуі бар қарыздар (осы Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түрінде) ұйымдарда осы тармаққа сәйкес қамтамасыз етудің түзетілген құнын анықтауға мүмкіндік барабар еспке алу жүйесі болған жағдайда, түзетілген қамтамасыз ету құнын шегере отырып мөлшерленген активтер есебіне енгізілуі мүмкін.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (осы Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түрінде) мыналарға тең болады:
қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдар сомасының 100 (бір жүз) пайызы;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызы;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызы.
Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сәйкес сараланады.
2. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) ұйымдар инвестицияларының есебіне енгізілмеген инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (ұйымның инвестициясы есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергенде) активтердің есебіне борышкердің тәуекел бойынша енгізілуі мүмкін.
Ұйымның инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:
1) оффшорлық аймақтардың аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан артық иеленетін заңды тұлғаларға тәуелді болып табылатын немесе оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді болып табылатын;
3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар,
осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің бар-жоғына қарамастан, осы Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:
1) оффшорлық аймақтардың аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелердің барлық сомасына қамтамасыз ету ретінде тиісті кепілдігі бар;
2) оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген не экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жеке алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан артық иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға тәуелді, жеке алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан артық иеленетін, немесе оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар немесе борыштық рейтингі аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелердің барлық сомасына қамтамасыз ету ретінде тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің 0 (нөлдік) дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген ұйымның активтерін есептеу мақсатында:
тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы деп түсініледі;
жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін, ипотекалық тұрғын үй қарыздары (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз тұтынушылық банктік қарыз деп түсініледі.
6. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
7. Осы Пруденциялық нормтивтердің мақсаттары үшін қарыз ұғымы ретінде ұйымның қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы түсініледі.