Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34862 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-21-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары бекітілсін.

      2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 46 Қаулыға
қосымша

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары

      1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-21-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына (бұдан әрі – оператор) байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) операторға қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда Мемлекеттік реттеу туралы заңда көзделген ұғымдар пайдаланылады.

      3. Бұзушылықтарды іс-шаралар жоспарында не операторға қолданылған жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, оператор жазбаша ұйғарымды және (немесе) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей уәкілетті органға мерзімді ұзарту қажеттілігі туралы негіздемені қамтитын, жазбаша ұйғарымды және (немесе) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді.

      4. Уәкілетті орган өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша операторға өтінішхат тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында көзделген мерзімді ұзарту не мерзімді ұзартудан бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады