БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:
15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) өтініш беруші – қандас мәртебесін алуға және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге үміткер этникалық қазақтар қатарындағы жеке тұлға және оның отбасы мүшелері (бар болса) не Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алуға үміткер қандастар, қандастардың жесірлері және ортақ балалары;";
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақша толықтырылсын:
"17-1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" АЖ мобильді қосымшасы, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі, Мемлекеттік корпорация арқылы не www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.";
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды қабылдайтын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығы мен қолданылу мерзімін тексереді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Портал арқылы "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз нысанда "бір өтініш" қағидаты бойынша алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалының атауын қосымша таңдайды.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесі ұзартылған жағдайда осы Қағидаларға 4 қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
9, 10 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш берушіге қандас мәртебесін беруден бас тарту туралы немесе мынадай шарттарды ескере отырып:
1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстандыру үшін;
2) демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуетімен агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
3) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешумен және егер өтініш беруші тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, өтініш берушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім беру мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 29) және 36) тармақшаларына сәйкес отбасы мүшелерімен немесе туыстарымен туыстығын растай отырып, өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын өтініш берушінің отбасымен және/немесе туыстарымен бірігу үшін;
4) алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып, тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешумен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін не этникалық қазақтар қатарындағы жеке кәсіпкерлер;
5) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар оқу орнынан анықтаманы қоса бере отырып.
Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымды комиссия қабылдайды және хаттамамен ресімделеді.
10. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Комиссия ұсыным шығарған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қандас мәртебесін беру туралы немесе өтініш берушіге беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және "Құтты мекен" АЖ арқылы қабылданған шешімді өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне не Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
2) өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған кезде:
өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің деректерін (бар болса) "Жеке тұлға" мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді және ЖТ МДҚ-да ЖСН болмаған кезде "Қандас" ААЖ арқылы "Көші-қон полициясы" АЖ-ға ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салуды жібереді. ЖСН бар екені анықталған кезде жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды және қолда бар ЖСН пайдаланылады;
"Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім жібереді, ол өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстандыру өңіріне келген күні күшіне енеді, оған қоса беріледі:
осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жобасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген);
жеке бейімделу және интеграция жоспарының жобасы.
Қандас мәртебесін беру туралы шешім берілген сәттен бастап қандас куәлігін берген сәтке дейінгі кезең Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
11. Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш беруші оған қандас мәртебесін беру туралы шешімде көрсетілген қоныстандыру өңіріне келген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде:
бейімделу мен интеграцияның жеке жоспарына қол қояды;
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қояды;
қандас мәртебесі туралы шешімнің күшіне енгені туралы "Қандас" ААЖ-да белгісі бар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандас куәлігін береді.
Өтініш беруші алдын ала шешімде белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, қандас мәртебесін беруге арналған өтінім жойылады.";
17 және 18-тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну;
3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Кандас мәртебесін беру туралы өтініш
Т. А. Ә. (бар болса) | |
Туған күні | |
Жынысы | |
Тұрғылықты мекен-жайы | |
Байланыс деректері (бар болса) |
Отбасының келесі құрамы бар:
Т. А. Ә. (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні | Азаматтық | Ұлты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына жоспарланып отырған келуіме байланысты маған және менің отбасымның мүшелеріне (бар болса) қандас мәртебесін беруді сұраймын.
1. Көшудің мақсаты – қандастарды қоныстандыру үшін өңірлерге:
Ел | Қазақстан Республикасы |
Облыс / республикалық маңызы бар қала / астана | |
Аудан | |
Елді мекен |
2. Көшудің мақсаты-отбасымен және/немесе туыстарымен қайта қосылу:
ЖСН | Т.А.Ә. (бар болса) | Туыстық дәрежесі | жеке куәлік № | Тұрғылықты мекенжайы | Байланыс деректері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
3. Көшудің мақсаты-жұмыс берушілердің шақыруы бойынша немесе этникалық қазақтар арасынан шыққан жеке кәсіпкерлер:
Жұмыс берушінің атауы | Жұмыс берушінің уәкілетті өкілінің Т. А. Ә (бар болса) | Орналасқан жері | Байланыс деректері |
1 | 2 | 3 | 4 |
кәсіби дағдылар
Мамандық/ мамандық | Жұмыс өтілі | Білім туралы құжат | Еңбек қызметін растайтын құжат |
1 | 2 | 3 | 4 |
4. Көшудің мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (бұдан әрі-ЖОО) оқитын этникалық қазақтар:
ТАӘ | ЖОО Атауы |
Біліктілік/ | Оқу кезеңі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Осымен қандас мәртебесін беру бойынша қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1)________________________________;
2)________________________________;
3)________________________________;
4)________________________________ :
5)____________________________________
Мен келтірген мәліметтердің дұрыс екендігін куәландырамын.
Дұрыс емес мәліметтер алынған визаның күшін жою және/немесе қандас мәртебесін беруден бас тартуға негіз бола алатындығы туралы хабарланды.
20__ жылғы "__" _________ _________________________
(өтініш беруші қолы)
Құжаттар қабылданды:_______________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы "__" ______________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 31 шілдедегі № 289 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызметтің атауы: "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1. Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1. Қандас мәртебесін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | Қағаз/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін, электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: қандас мәртебесін беру кезінде – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Жұмыс кестесі:1) көрсетілетін қызметті берушіде – интернет-ресурста орналастырылған www.enbek.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен кейін 30 жұмыс күні ішінде ресімдейді. |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
Кандас мәртебесін ұзарту туралы өтініш
_________________________________________________________ байланысты маған
және менің отбасымның мүшелеріне (бар болса) қандас мәртебесін ұзарту туралы
шешімнің телнұсқасын беруді сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы) _____________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары_________
________________________________________________________________;
3) балалар (оның ішінде асырап алынғандар) және олардың отбасы мүшелері
_________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен
апа-сіңлілері_____________________________________________________.
Осымен қандас мәртебесін ұзарту бойынша қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "__" ________ ___________________
(өтініш берушінің қолы)
Өтініш қабылданды: _____________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы "__" _________ _____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)