"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шілдеде № 34870 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 09.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Ережеде "жекелеген тауар түрлері" деп үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлар, сондай-ақ "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспортқа және (немесе) импортқа айрықша құқық берілген, сондай-ақ "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті қараудың және көрсетудің жалпы мерзімі:

      экспортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) Біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушы импортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия алу үшін ұсынған құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензияны немесе отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензияны ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.".

      "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету ережесіне 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
Экспортқа лицензия беру;
Импортқа лицензия беру;
Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру;
Экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру;
Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша: "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Экспортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде. Экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорт лицензиясы Импорт лицензиясы Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды экспорттауға немесе импорттауға лицензия
Экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия
мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру кезінде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК). Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) портал-техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа № 1 қосымшаның 1 және 2-нысандары бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда).
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюз арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
3) көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алым енгізбеген;
4) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
5) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;
8) лицензия беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
9) іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін бұзу;
10) Еуразиялық экономикалық комиссияның актісінде көзделген өзге де негіздер.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мыналарда орналастырылды:
1) көрсетілетін қызметті беруші - https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb?lang=ru. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал - www.egov.kz.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылдың 9 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр промышленности и
строительства Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады