"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 маусымда № 20907 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен::

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 26 маусымдағы
№ 374 бұйрығына
қосымша

"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде "жекелеген тауар түрлері" деп үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлар, сондай-ақ "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспортқа және (немесе) импортқа айрықша құқық берілген, сондай-ақ "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.07.2024 № 286 (09.10.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.12.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Лицензиялар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жіктелетін және оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға беріледі.

      5. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданысы басталған күннен бастап 1 (бір) жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

      Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.12.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Лицензияны ресімдеу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ лицензияның орындалғанын растайтын құжаттар лицензияның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде не лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті органдарда сақталуға тиіс.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жойылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.12.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартында келтірілген құжаттар тізбесін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы қажетті құжаттарды толық ұсынған жағдайда – көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау статусы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету және нәтижесін беру мерзімі:

      экспортқа лицензия беру кезінде - 1 (бір) жұмыс күні;

      импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;

      ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді жүзеге асырады және олар түскен күні жауапты орындаушыны тағайындайтын жетекшіге жолдайды.

      Өтініш беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.12.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті қараудың және көрсетудің жалпы мерзімі:

      экспортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.07.2024 № 286 (09.10.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде жүктеледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті органмен оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) Біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушы импортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия алу үшін ұсынған құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензияны немесе отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензияны ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.07.2024 № 286 (09.10.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.07.2024 № 286 (09.10.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
Экспортқа лицензия беру;
Импортқа лицензия беру;
Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру;
Экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру;
Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша: "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Экспортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде. Экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорт лицензиясы Импорт лицензиясы Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды экспорттауға немесе импорттауға лицензия
Экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия
мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру кезінде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК). Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) портал-техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа № 1 қосымшаның 1 және 2-нысандары бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда).
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюз арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
3) көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алым енгізбеген;
4) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
5) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады;
8) лицензия беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
9) іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін бұзу;
10) Еуразиялық экономикалық комиссияның актісінде көзделген өзге де негіздер.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мыналарда орналастырылды:
1) көрсетілетін қызметті беруші - https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb?lang=ru. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал - www.egov.kz.

  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету ережесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 19.12.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті



 

Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан




Астана қаласы


город Астана




Нөмір: [Құжат нөмірі]


Берілген күні:
[Шығарылған күні] жылы






[Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі]







ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Сіздің жылдың [Күнінен] бастап №[Кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.




[Қолтаңба]


[Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер бар болса) қол қоюшы]

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Ережесіне
3-қосымша
  нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беруге Өтініш

Уәкілетті орган

1. Лицензия №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Лицензия түрі
| ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарушы ел|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған лицензияға Қосымша

Уәкілетті орган

№ Лицензияға қосымша

№ п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

№ п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

№ п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Ережесіне
4-қосымша
  нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беруге Өтініш

Уәкілетті орган

1. Лицензия №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Лицензия түрі
| Импорт

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарушы ел|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензияға Қосымша

Уәкілетті орган

№ Лицензияға қосымша


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
Стандартына
1-қосымша
  нысан

Тауардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беруге ӨТІНІШ

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Тип лицензии
| ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

9. Келісім-шарт валютасы|

12. Шығарушы ел|

13. Саны

12. Шығарушы ел|

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған лицензия беруге өтінішке Қосымша

№ Лицензияға қосымша


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына
2-қосымша
  нысан

Тауардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беруге ӨТІНІШ

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Тип лицензии
| ИМПОРТ

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

9. Келісім-шарт валютасы|

12. Шығарушы ел|

13. Саны

12. Шығарушы ел|

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензия беруге өтінішке Қосымша

№ Лицензияға қосымша


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады