"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 тамызда № 34899 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      10-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.

      Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілерді тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифтерді қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.";

      48-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеуді;";

      3-1 параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1 параграф. Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеу.";

      3-1 параграфтың 1-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі ескерілген тарифті есептеудің ерекшеліктері.";

      208-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-1. Осы ынталандыру әдісі электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, сондай-ақ топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілерге қолданылады.";

      208-31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-31. Осы Қағидалардың 208-30-тармағында көрсетілген ең аз үлестерді уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынған материалдар негізінде айқындайды. Ең аз үлестер амортизацияның болжамды нормасынан 100%-ға дейінгі деңгейде және болжамды жол берілетін пайдадан 50%-ға дейінгі деңгейде белгіленеді.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта міндеттемелер белгіленген жағдайда, онда ең төменгі үлестер сапа, сенімділік және тиімділік көрсеткіштері орындалған жағдайда халықаралық шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге жіберілетін жол берілетін пайданың 50%-на дейінгі деңгейде белгіленеді.";

      208-126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-126. Реттеу кезеңінің әрбір жылында өнімділік пен тиімділікті ынталандыру тетігі қолданылады, оның мақсаты субъектіні сапа мен сенімділік көрсеткіштеріне, оның ішінде инновациялық шешімдерді ескере отырып қол жеткізуге ынталандыру болып табылады. Уәкілетті органның ведомствосы субъект үшін осы Қағидалардың 208-131, 208-132, 208-133 және 208-134-тармақтарында көзделген сапа және сенімділік көрсеткіштерінің тізбесінен тиімділік көрсеткіштерін айқындайды.";

      208-130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-130. Уәкілетті органның ведомствосы барлық реттеу кезеңінің ішінде тиімділік пен өнімділікті өлшеу үшін осы Қағидалардың 208-131, 208-132, 208-133 және 208-134-тармақтарында айқындалған сапа және сенімділік көрсеткіштеріне салмақ коэффициенттерін белгілейді.";

      208-134, 208-135, 208-136, 208-137, 208-138, 208-139-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-134. Уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорт мақсатында тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбырлар арқылы мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері үшін салмақ коэффициенттерін белгілейді:

      1) инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы орындау;

      2) реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша кәсіпорында инновациялық технологияны енгізу;

      3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасын, сенімділігін және басқа да тұтыну қасиеттерін сақтау, %;

      4) магистральдық құбырлар бойынша мұнайдың жүк айналымына электр энергиясының үлестік шығысын төмендету не қабылданған деңгейде сақтау, %;

      5) табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзушылықтар саны, бірлік;

      6) мұнай құбырының ұзақ апатсыз режимін қамтамасыз ету, %;

      7) авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмыстарды жүргізудің бекітілген жоспарларының кестелерін орындау, %;

      8) аварияларды жою уақыты, сағ;

      9) басшы құрамның біліктілік талаптарын сақтау;

      10) негізгі құралдардың тозуын азайту.

      208-135. Уәкілетті органның ведомствосы субъект үшін сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің салмақ коэффиценттерін айқындау кезінде мынадай басымдықтарды:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатында белгілеген тиісті сектор (сала) үшін мақсаттарды;

      2) сапа және сенімділіктің тиісті көрсеткіші бойынша қызмет нәтижелерін бағалау үшін қажетті деректерді алу үшін қажетті деректердің немесе процестердің болуын;

      3) субъектінің инвестицияларын;

      4) әрбір реттеу кезеңінде субъект үшін таңдалған сапа және сенімділік көрсеткіштерінің өзгерістерін барынша азайту арқылы бір реттеу кезеңінен артық әрекет ететін өнімділік және ынталандыру әдістерін қолдауды;

      5) кәсіпорындарда реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша инновациялық шешімдерді енгізуді пайдаланады.

      208-136. Уәкілетті органның ведомствосы субъектінің сыйлықақыларын есептеу мақсаттары үшін сапа мен сенімділіктің әрбір көрсеткішіне салмақ коэффициенттерін белгілейді.

      Сапа және сенімділік көрсеткіштерін бекіту кезінде уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметін жақсарту үшін тиісті теріс көрсеткіштерді айқындайды.";

      208-137. Осы Қағидалардың 208-131, 208-132, 208-133 және 208-134-тармақтарында көрсетілген сапа мен сенімділіктің барлық көрсеткіштері бойынша салмақ коэффициенттерінің сомасы субъекті үшін 100%-ға тең.

      Егер Cубъект сапа және сенімділік көрсеткіштерінің толық тізімін ұсынбаса, Субъект уәкілетті органның ведомствосына олардың салмақтық үлестерін бекітілген сапа мен сенімділік көрсеткіштеріне қосу үшін есепке алынбаған көрсеткіштер туралы талдау және/немесе есептеулер ұсынады.

      Есепке алынбаған көрсеткіштер туралы талдау және/немесе есептеулер болмаған кезде уәкілетті органның ведомствосы есепке алынбаған әрбір сапа мен сенімділік көрсеткішінің үлесін барлық салмақ коэффициенттерінен 10% мөлшерінде алып тастайды.

      Салмақ коэффициентін айқындау кезінде уәкілетті органның ведомствосы сапа мен сенімділік көрсеткішін мынадай басымдық бойынша есептейді:

      1) X-ке теңестірілген басымдығы төмен көрсеткіш, бұл ретте көрсеткіштің шамасы кемінде 1%, бірақ 2%-дан аспайды;

      2) басымдығы төмен көрсеткіштен кейінгі келесі көрсеткіш Х+У-ке тең, бұл ретте У көрсеткішінің шамасы кемінде 1%, бірақ 2%-дан аспайды;

      3) ең басым екі көрсеткіш (Х+У)*К, мұндағы К шамасы сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің санына тең.

      Сапа мен сенімділіктің қалған көрсеткіштері бойынша салмақ коэффициенті ең басым екі көрсеткіштен аспайтын қалдық қағидаты бойынша біркелкі бөлінеді.

      208-138. Субъект үшін сапа және сенімділік көрсеткіштерінің салмақтық коэффициенттерін белгілеу кезінде уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 208-135-тармағына сәйкес сапа және сенімділік көрсеткішінің салыстырмалы маңыздылығын ескереді.

      208-139. Уәкілетті органның ведомствосы субъектілердегі сапа және сенімділік және ресурстардың болуы көрсеткішін жинау, мониторингтеу және тексеру рәсімдерін әзірлеу қажеттілігін негізге ала отырып, белгілі бір реттеу кезеңі шегінде сапаның және сенімділіктің жекелеген көрсеткіштеріне қолданылатын салмақтық коэффициенттерді өзгертеді.";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады