"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 476/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 тамызда № 34906 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуіндегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ-ға және ЖЖҚ-ға;";

      2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) РЖС лоты (бұдан әрі – объект) – әрбір лоттың жиілік белдеуі енінің белгілі бір диапазонын, жиілік номиналдарын, пайдалану аумағын, байланыс технологиясын/түрін, елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көрсете отырып, радиожиілік органдары айқындайтын және (немесе) бастапқы бағасы конкурс (аукцион) жеңімпазына пайдалану құқығы берілетін аумақтар;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушы байланыс желісін ұйымдастыруды РЖС рұқсатында көрсетілген және радиожиілік органдары ұсынымына сәйкес байланыс түрлеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Радиожиілік белдеулері (номиналдары) үшін келісу рәсімін жүргізу талап етілмейді:

      1) Қорғаныс министрлігімен бұрын келісілген, радиожиілік органдары ұсынымдары негізінде көрсетілетін қызметті беруші бөлетін;";

      мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

      "51-1. Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша мемлекеттік құпиялары бар электронды түрде мәліметтерді өңдеу жүзеге асырылмайтын және үкіметтік байланысқа кіретін, арнайы тағайындалған телекоммуникация желілерінің, ЖСНЖ ұлттық операторының дифференциялық желілерінің және мемлекеттік органдардың ішківедомстволық байланысының антенно-фидерлік құрылғылары жоқ мемлекеттік мекемелердің ғимараты мен аумағында ұялы байланыс желілері және олардың антенна-фидерлік құрылғыларын РЭҚ орнату жол беріледі.";

      53-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сауда-саттық өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ұйымдастырушының РЖС объектілерінің тізбесін және әрбір лот бойынша бастапқы бағасын радиожиілік органдар ұсынымы негізінде бекіту;";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Сауда-саттықты өткізу туралы шешімді ұйымдастырушы РЖС объектілерінің тізбесін айқындайтын радиожиілік органдар ұсынымы негізінде қабылдайды.

      Радиожиілік органдар кейіннен уәкілетті органның бекітуі үшін конкурс (аукцион) лоттарының белгілі бір тізбесін және әрбір лот бойынша бастапқы бағаны ұсынады. Сауда-саттықтағы лоттың бастапқы бағасы РЖС пайдаланғаны үшін төлемнің кемінде бес есе жылдық ставкасымен белгіленеді.";

      55-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) РЖС объектілерінің тізбесін және радиожиілік органдар ұсынымы негізінде әрбір лот бойынша бастапқы бағаны бекітеді;";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанған дейін ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталына әрбір лот бойынша радиожиілік органдар шешімдерінің электрондық көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді.";

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыс сигналы күшейткіштерін (репитерлерді, активті ретрансляторларды) пайдалану және заңсыз пайдаланылатын күшейткіштердің жұмысын тоқтату тәртібі.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштер (репитерлер, активті ретрансляторлар) жол берілмейтін кедергілер тудырмайды және кестеге сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жұмыс істейтін РЭҚ тарапынан кедергілерден қорғауды талап етпейді. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштер тарапынан кедергілер туындаған кезде (репитерлер, активті ретрансляторлар) ұялы байланыс операторлары өкілетті органға ақпарат жолдауы қажет.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады