"Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 8 тамыздағы № 11-1-4/408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 тамызда № 34914 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:

      18-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).";

      24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу келесі негіздемелер бойынша жүзеге асырылады:

      1) шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адамнан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш.

      Өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа), сондай-ақ шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының паспорты болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады.

      2) Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің азаматтығын қабылдағаны туралы шет мемлекеттің уәкілетті органының ресми хабарламасы.";

      мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:

      "24-2. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша құжаттарды қарау кезінде консулдық лауазымды адам шет мемлекеттің азаматтығын алған азаматтың Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген тұрақты тұруға кетуге рұқсатының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады.

      Шет мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсаты болған жағдайда шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.

      Шет мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсат болмаған жағдайда шетелдегі мекеме құжаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жібереді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың деректер базасына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – "АӨО" РМК) азаматтықты жоғалтуды тіркегені жөнінде хабардар етеді.

      Алынып қойылған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шетелдегі мекеме жояды, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктерін шетелдегі мекеме Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеген күннен бастап бір ай ішінде "АӨО" РМК-ге жолдайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы өтініш берілген жағдайда шетелдегі мекеме өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алуға өтініш түскен жағдайда шетелдегі мекеме өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады