"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 7 тамыздағы № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 тамызда № 34916 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      18-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      82-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен және 3-тармағымен көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.";

      123-тармақтың 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі өтінім беру сатысында өтінімді сәйкес келтіру құқығынсыз веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.";

      206-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларда.";

      263-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.";

      11-тарау алып тасталсын;

      316-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап осы Қағидалардың 284 және 287-тармақтарының негізінде жүзеге асырылған бір көзден сатып алу тәсілінің қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын электрондық дүкен арқылы сатып алу нәтижелері бойынша жасалған шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.";

      321-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 283, 284 және 287-тармақтары негізінде жүзеге асырылған бір көзден алу, баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты белгілей алады.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      Тендерлік құжаттамада:

      24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген жағдайларда автоматты түрде қабылдамайды.";

      43-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 7-бабында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар болса. Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс. Заңның 7-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша тендерлік комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;";

      60-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс беруші веб-портал автоматты түрде айқындайтын, Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, Қағидалардың 21, 21, 23, 24 және 25-қосымшаларына сәйкес үлгілік шартқа сәйкес жасалған, тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарт жобасын жеңімпазға жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада:

      Аукциондық құжаттамада:

      24-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 7-бабы 1-тармақшасының 1) тармағында және 3-тармағында көзделген.";

      55-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 7-бабымен көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар болса. Заңның 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс. Сатып алуға қатысуға байланысты өзге шектеулер бойынша аукциондық комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;".

      2. Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады