ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 283 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау және жасау, сондай-ақ кемелерді жасау және оларға материалдар мен бұйымдарды дайындауды жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікті тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасы тіркелімі" филиалы техникалық бақылауының нысанын, тәртібін, әдісін және көлемін, сондай-ақ "Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібін белгілейді."
2 және 3-1-қосымшалар осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 156 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10661 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларында:
2-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті;".
6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілген қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.".
4. "Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19057 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:
2-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20309 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" филиалы
Министерство транспорта Республики Казахстан
Филиал "Регистр судоходства Казахстана" республиканского государственного казенного предприятия "Қазақстан су жолдары" Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан
№_______Тану туралы куәлік
Свидетельство о признании № _____
Осы құжат ________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" филиалының (бұдан әрі – "Қазақстан су жолдары" РМҚК "ҚКҚТ" филиалы) Қағидаларын және Қосымшада көрсетілген қосымша талаптарын қанағаттандыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, өнім өндірушілер ретінде "Қазақстан су жолдары" РМҚК "ҚКҚТ" филиалымен танылатыны куәландырылады.
Настоящим удостоверяется, что ___________________________________
(наименование предприятия)
признается филиалом "Регистр судоходства Казахстана" республиканского государственного казенного предприятия "Қазақстан су жолдары" Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан (далее – филиал "РСК" РГКП "Қазақстан су жолдары"), как производитель продукции, работ и услуг, указанных в Приложении, удовлетворяющих Правилам и дополнительным требованиям филиала "РСК" РГКП "Қазақстан су жолдары".
Бақылау нысаны: _____________________________________________
Форма наблюдения: ___________________________________________
Өнім зауыт құжаттарымен жеткізіледі, оларда "Қазақстан Республикасының көлік министрлігінің "Қазақстан су жолдары" РМҚК "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" филиалының талаптарына сай" деп жазылу керек (өнім үшін).
Продукция поставляется с заводскими документами, в которых должно быть записано: "Соответствует требованиям филиала "РСК" РГКП "Қазақстан су жолдары" (для продукции).
№ _____ Тану туралы куәлік 20___ жылғы "____" _____ дейін жарамды.
Свидетельство о признании № ____ действительно до "____" _____20___ года.
Осы Тану туралы куәлік 20___ жылғы "____" ________ дейінгі мерзімге растауға жатады
Настоящее Свидетельство о признании подлежит подтверждению в срок до "___" _______________20__ года.
Тану туралы куәлікті қолдану шарттары "Қазақстан су жолдары" РМҚК "ҚКҚТ" филиалы мен кәсіпорын арасында белгіленеді.
Условия применения Свидетельства о признании устанавливаются между филиалом "РСК" РГКП "Қазақстан су жолдары" и предприятием.
Мөр орны
Место печати
Басшы _____________________
Руководитель ______________
(қолтаңба, подпись)
Берілген күні "____" _____________20______ ж. г.
Дата выдачи
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" филиалы
Филиал "Регистр судоходства Казахстана" республиканского государственного казенного предприятия "Қазақстан су жолдары" Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан
Қосымша №____Тану туралы куәлігіне
Берілді: ____________________________________________
Объекті: ____________________________________________
Орналасқан мекенжайы: ______________________________
Келесі жұмыс түрлері үшін:
Кәсіпорынның қызметкерлері мәлімделген салада қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тиісті білімі, кәсіби және арнайы дайындығы, біліктілігі және тәжірибесі болуы керек.
Кәсіпорын, ұлттық халықаралық және салалық стандарттарға сәйкес кадрлардың біліктілігі мен оқытуына, егер мұндай стандарттар болмаған жағдайда, кәсіпорын стандарттарына сәйкес жауап береді. Бұл талап кәсіпорынның құжаттарында белгіленуі керек.
Кәсіпорында мәлімделген салада қызметті жүзеге асыру үшін қажетті техникалық құралдар, оның ішінде белгіленген тәртіппен сертификатталған тиісті жабдықтар, құралдар мен құралдар болуы керек.
Компанияда мәлімделген салада қызметті жүзеге асыру үшін қажет жабдықтар, құралдар мен құралдардың тізімі болуы керек.
Кәсіпорында мәлімделген салада қызметті жүзеге асыру үшін қажет жабдықтар, құралдар мен құралдардың тізімі болуы керек.
Жұмыс түрлері "Қазақстан су жолдары" РМҚК "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" филиалының талаптарына сәйкес келеді.
Басшы
"Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасы тіркелімі" филиалы |
3 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тану туралы куәлік немесе осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 156-бабының 1-тармағына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымды немесе сынақ зертханасын тану туралы өтінім; |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Теңізде жүзу кітапшасын беру мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Теңізде жүзу кітапшасын беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Порттың теңіз әкімшілігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік корпорация арқылы: |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төленген күні белгіленген 3,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: Министрліктің – www.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz. |
"Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 9 (тоғыз) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көсетілетін қызмет тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алуға өтінім. |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Ескертпе:
* кемелерден мұнаймен ластанудан болған залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлік Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген тәртіппен беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Егер сыныптау куәлігін немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжатты және жолаушылар куәлігін сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен танымаған шетелдік сыныптау қоғамы берсе, онда "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған сыныптау қоғамынан растау қажет.
"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің аумақтық органы –– Порттың теңіз әкімшілігі |
3 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Көрсету мерзімі – 8 (сегіз) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында ("Теміржол және су көлігі комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер") және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) теңізшінің жеке куәлігін беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi – өтiнiш-сауалнама); |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мыналар: анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында ("Теміржол және су көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |