"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізудің қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 тамызда № 34947 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 62 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

№ п/п

Нысаналы тобы

Скринингтік зерттеулердің түрі

1

Артериялық гипертензия, жүректің ишемия аурулары, мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін

2

Қант диабетімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

Қант диабетін ерте анықтау үшін

3

Сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін

4

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін

5

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

Колоректальды обырды ерте анықтау үшін

6

Тәуекел топтары:
1) медицина жұмыскерлері:
- инвазивті емшараларды жүргізетін, қан өндіруге қатысатын, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;
- хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сонымен қатар диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;
- клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;
2) жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласуларға жатқызылған пациенттер;
3) гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-қан тамырлары және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер;
5) жүкті әйелдер;
6) өмір салтынының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар.

В және С вирусты гепатитін ерте анықтау үшін (2 кезең)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 62 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
2-қосымша

Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімділігін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      3) медициналық ақпараттық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ);

      4) скринингтік зерттеулер – әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

      3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.

      Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.

      4. Скринингтік зерттеулер динамикалық байқауда тұрмайтын адамдарға аурулардың тиісті түрлері бойынша жүргізіледі.

2-тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі

      5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық байқау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.

      6. Скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін АЕК ұйымдары:

      1) халықтың медициналық ұйымына бекітілген адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;

      2) осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес скринингтік зерттеулер шеңберінде қызметтерді дәйекті көрсету бағытын әзірлейді;

      3) халықты скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаттары, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар етеді;

      4) скринингтік зерттеулерден өтуге қоңырау шалу, SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар арқылы шақырады;

      5) МАЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;

      6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.

      7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:

      дайындық кезеңі;

      негізгі кезеңі:

      пациенттің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістердің болуын немесе болмауын анықтау үшін бірінші кезеңінен (бұдан әрі – бірінші кезең);

      түпкілікті диагноз қою арқылы қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін екінші кезеңінен (бұдан әрі – екінші кезең);

      қорытынды кезеңінен тұрады.

      8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина жұмыскері (бұдан әрі – ОМЖ) жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:

      күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін кейіннен ай сайынғы нысаналы топтарға түзету енгізе отырып, жыл сайын қалыптастыру және жасау;

      халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаты, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар ету;

      скринингтік зерттеулердің жедел және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, клиникалық-диагностикалық зертханалардың және аспаптық зерттеулердің жұмыс графигімен синхрондау арқылы халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру.

      9. Бірінші кезең пациенттің жағдайындағы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулардың болуын анықтау үшін жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді.

      Бірінші кезеңде ОМЖ дәрігерге дейінгі көмек кабинетінде мыналарды жүргізеді:

      1) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;

      2) антропометрия (салмақ, бой, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеу;

      3) қан қысымын өлшеу (бұдан әрі – ҚҚ);

      4) экспресс-тесттерді қолдануымен зертханалық зерттеулер;

      5) скринингтік зерттеуге сәйкес биологиялық материалды жинау;

      6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеуге жолдаманың үзінді көшірмесін беру.

      10. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында жүргізіледі.

      11. АЕК ұйымының дәрігері бірінші кезеңдегі скринингтік зерттеп-қарауды:

      қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқу болмаған жағдайда;

      денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын анықтаған кезде және ҚҚ қалыпты көрсетілімдері, саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізе отырып, зертханалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері кезінде аяқтайды.

      12. Пациентте қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулар болса, АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МАЖ-да жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.

      Скринингтік зерттеудің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқу себептерін белгілеу үшін жүзеге асырылады.

      13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қарап-тексеруге жататын медицина жұмыскерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

      14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

      15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.

      16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық байқауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.

      17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.

      Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.

      Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктіліктің, аурудың себебі бойынша) белгіленген мерзімділікті сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.

      Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту.

      Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша өтінішіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МАЖ-да тіркеу.

      Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.

      Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МАЖ-ға бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.

3-тарау. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің көлемі мен мерзімділігі

      18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулер көлемін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметке лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүзеге асырады.

      19. Халықты скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.

  Скринингтік зерттеулерді
жүргізудің қағидалары, көлемі
мен мерзімділігіне
1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

Нысаналы тобы Кезең Скринингтік зерттеулер көлемі Көрсетілетінқызметтер топтамасының атауы

1

Артериялық гипертензиямен, жүректің ишемиялық ауруымен, мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

1

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер;
Қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау;
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді анализатор көмегімен анықтау;
Электрокардиографиялық зерттеуді (12 жалғамы) ашып жазу
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Глаукомамен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер;
Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу немесе жанаспайтын пневмотонометрия
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Консультация: Офтальмолог
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

МӘМС

3

Қант диабетімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер;
Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

2

Қандағы гликолизирленген гемоглобинді талдауыш көмегімен анықтау

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

4

Сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер, фельдшер
Маммография (4 сурет)
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

Консультация (рентгенограмманы екінші рет оқу);
Консультация: Рентгенолог

МӘМС

2

Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
Мақсатты маммография (1 проекция);
Көрсетілімдер бойынша стереотактикалық жетекшілікпен пункциялық/аспирациялық биопсия;
Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;
Көрсетілімдер бойынша трепанбиопсия;
Консультация: онколог немесе онколог-хирург немесе маммолог

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

5

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер немесе акушер;
Онкоцитологияға сүртінді алу;
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

Жатыр мойнынан сүртіндіні цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тест

МӘМС

2

Консультация: акушер-гинеколог;
Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия;
Көрсетілімдер бойынша жатыр мойны биопсиясы;
Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;
Консультация: Онколог немесе онколог-хирург немесе онколог-гинеколог

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

6

Жуан ішектің
қатерлі және қатерсіз ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

1

Қабылдау: Мейіргер, фельдшер

ТМККК

Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-сынама)
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

МӘМС

2

Жаппай скринингтік бейнеколоноскопия;
Көрсетілімдер бойынша 3- күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу;
Консультация: Онколог

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК

7

В және С вирустық гепатитін ерте анықтау үшін қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезең)

1

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер;
Венадан қан алу

ТМККК

2

ИФТ әдісімен қан сарысуындағы HbsAg анықтау;
ИФТ әдісі арқылы қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді анықтау;
Сапалы ПТР әдісін қолдану арқылы биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ-сын анықтау

МӘМС

Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері

ТМККК


Ескертпе:



ТМККК

-

Тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі

МӘМС

-

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

РНҚ

-

Рибонуклеин қышқылы

ПТР

-

Полимеразды-тізбекті реакция

  Скринингтік зерттеулерді
жүргізудің қағидалары, көлемі
мен мерзімділігіне
2-қосымша

Халықтың скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен аяқталу мерзімдері

Нысаналы топтың атауы Мерзімділігі Зерттеудің аяқтау мерзімі

1

Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

2

Қант диабеті бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

3

Сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

4

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер

4 жылда 1 рет

60 күн

5

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктері бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

6

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2-кезең)

6 айда 1 реттен жиі емес

3 ай

  Скринингтік зерттеулерді
жүргізудің қағидалары,
көлемі мен мерзімділігіне
3-қосымша

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері

Р/с № В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері Тәуекел тобы

1

Жұмысқа орналасу кезінде және кейіннен алты айда бір рет

Медицина жұмыскерлері:

гемодиализбен айналысатын, қанды қайта өндіруге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін қан қызметі ұйымдары;

хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеуді жүргізетін инвазивті әдістері;

клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар

2

Операциялық араласулардың алдында және операциялық араласудан кейінгі алты айдан кейін

Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3

Емдеуге жатқызуға түскеннен кейін және емдеуге жатқызылғаннан кейін алты айдан кейін

Гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4

Гемотрансфузия, трансплантация жүргізер және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып салу алдында және алты айдан кейін;

Гемотрансфузия алатын, трансплантаттау жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып салатын пациенттер;

5

Есепке қойған кезде және вирусты гепатитіне зерттеп-қарау болмаған жағдайда, босанар алдында

Жүкті әйелдер

6

АИТВ инфекциясына тесттен өту үшін жүгінген кезде және алты айда 1 реттен жиі емес

Өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады