"Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34966 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 307 Бұйрыққа қосымша
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану жөніндегі мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № КЛШ-1 нысаны

      Кезеңділігі: айлық

      Есепті кезең: ______ 20 ___ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Қарағандышахтатарату" ЖШС

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін

Таратылған шахталар жұмыскерлерінің шығыстары мен саны бойынша мәліметтер

Өлшем бірліктері

Есепті жылға арналған шығыстар жоспары

Есепті кезеңдегі шығыстар

1

2

3

4

5

1

Бюджет бойынша таратылған шахталар жұмыскерлерінің жалпы саны

бірлік




Зиянды өтеу үшін жойылған шахталар жұмыскерлерінің саны

бірлік



3

Жоғалған жалақы бөлігінде залалды өтеуге арналған шығыстар сомасы

мың теңге



4

Дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексеруге және оңалтуға жұмсалатын шығыстар сомасы

мың теңге



5

Еңбек жарақатын алған зардап шеккен жұмыскерлерге медициналық күтім жасау шығыстарының сомасы

мың теңге



6

Протездеуге арналған шығыстар сомасы

мың теңге



7

Банк, пошта қызметтері үшін сома

мың теңге



8

Операторлық қызметтер үшін шығыстар сомасы
Бағдарлама операторына өтініш берушілерге ақша аударғаны үшін

мың теңге



9

Атқару парағы бойынша алынды

мың теңге



10

Бір айдағы жалпы шығыстар сомасы

мың теңге



11

Жыл басынан бері шығыстар сомасы

мың теңге



12

Бір айдағы қаражат түсімдерінің сомасы

мың теңге



13

Жыл басынан бері қаражат түсімдерінің сомасы

мың теңге



14

Бір айдағы қаражат қалдықтарының сомасы

мың теңге



15

Жыл басынан бері қаражат қалдықтарының сомасы

мың теңге



Атауы Наименование ______________________ ___________________________________

Мекенжайы Адрес______________________________ ___________________________________

      Телефоны Телефон ______________________________________________________ Электрондық почта мекенжайы/Адрес электронной почты _______________________________________ Орындаушы Исполнитель ___________________________________________ _______________тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности _________________________________________________ ___________тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы фамилия, имя и отчество (при его наличии) подписьМөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства) _______________________

  "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша

"Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі толтырады.

      3. Нысанға орындаушы мен басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ай сайын, келесі айдың 20-күніне дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. 2-бағанда шығындар бабының атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда шығындар баптарының өлшем бірліктері көрсетіледі.

      9. 4 бағанда есепті жылға арналған шығыстар жоспары көрсетіледі.

      10. 5-бағанда есепті кезеңдегі шығыстар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. 1-жолда есепті жылға бекітілген бюджетке сәйкес таратылған шахталар жұмыскерлерінің саны көрсетіледі.

      12. 2-жолда залалды өтеу үшін таратылған шахталар жұмыскерлерінің нақты саны көрсетіледі.

      13. 3-жолда жоғалған жалақы бөлігінде залалды өтеуге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      14. 4-жолда дәрі-дәрмектерді сатып алуға, медициналық тексеруге және оңалтуға арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      15. 5-жолда еңбек жарақатын алған зардап шеккен жұмыскерге медициналық күтім жасау шығыстарының сомасы көрсетіледі.

      16. 6-жолда протездеуге арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      17. 7-жолда есеп айырысу шотына қаражат аударылған кезде банк көрсететін банк қызметтеріне арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      18. 8-жолда операторлық қызметтер үшін, бағдарлама операторына өтініш берушілерге ақша қаражатын аударғаны үшін шығыстар сомасы көрсетіледі.

      19. 9-жолда сот шешімінің негізінде залалды өтеу үшін шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      20. 10-жолда 3, 4, 5, 6,7, 8 және 9-жолдардың сомасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады