"Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 тамызда № 34972 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі (бұдан әрі – республикалық тізілім) – асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;

      2) асыл тұқымды жануар – тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануар.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық палаталар асыл тұқымды жануар мәртебесін беруді есепке алу журналының деректері негізінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар) толтырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Султанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады