Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 23 тамыздағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 тамызда № 34977 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 23 тамыздағы
№ 66 бұйрығына
қосымша/

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5628 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 772 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12997 болып тіркелген).

      3. "Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29852 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады