БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) үміткер – жұмыссыз ретінде тіркелген адам.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мансап орталығы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге ниет білдірген үміткерге Кәсіптер тізіліміне сәйкес кәсіпті және мәліметтері Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылған тану орталығын таңдауда консультациялық көмек көрсетеді.
Біржолғы ваучерді алу үшін үміткер ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы ваучер алуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған біржолғы ваучер алуға өтініш береді және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін өтінішке қоса береді.
ҰБЖ цифрлық платформасы өтініш автоматты режимде келіп түскен сәттен бастап:
үміткердің жұмыссыз ретінде тіркеудің болуына;
Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлуге сәйкес үміткердің өтініш берген өңірінде біржолғы ваучердің болуына;
үміткердің ағымдағы жылы бір реттік ваучер алмауына үміткердің өтінішін тексеруді жүзеге асырады.";
4, 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мансап орталығы өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын, өтінішті толтырудың дұрыстығын, оның ішінде үміткердің кәсіптік біліктілік пен білімге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) өтініш дұрыс толтырылмаған және (немесе) кәсіптік біліктілік пен білімге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мансап орталығы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде "Еңбек нарығы" ААЖ-да дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Еңбек мобильділігі орталығы үміткерге ҰБЖ цифрлық платформасында дәлелді бас тартуды жібереді.
Үміткер құжаттардың толық топтамасын берген, өтінішті дұрыс толтырған, кәсіптік біліктілік пен білімге белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мансап орталығы үміткердің өтінішін Еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
9. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы үміткердің біржолғы ваучер алуға өтініші келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде үміткер ҰБЖ цифрлық платформасында таңдаған тану орталығының жеке кабинетіне үміткердің өтінішін жібереді.
Тану орталығынан теріс жауап түскен жағдайда Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы бір жұмыс күні ішінде үміткерге ҰБЖ цифрлық платформасында дәлелді бас тартуды жібереді.
10. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы тану орталығы расталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы біржолғы ваучерді оның берілген күні мен қолданылу мерзімін, үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірін және тану орталығының атауын көрсете отырып, ҰБЖ цифрлық платформасындағы үміткердің жеке кабинетіне жібереді.
Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі оны берген күннен кейін күнтізбелік алпыс күнді құрайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген біржолғы ваучерді алушының еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне ұзартылады.
Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін біржолғы ваучерді алушы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция болмаған жағдайда "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмесін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетте орналастырады.";
көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды және орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Сарбасов |
Еңбек мобильділігі орталығы _________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)
Біржолғы ваучер беру туралы өтініш
Мен, [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)] [жеке сәйкестендіру нөмірі] [кәсіп] бойынша кәсіптік біліктілік (дағды, дағдылары) деңгейін [біліктілік деңгейін] белгілеу мақсатында маған кәсіптік біліктілікті тануға біржолғы ваучер беруді сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне және (немесе) электрондық мекенжайға ақпараттық таратулар алуға келісім беремін.
Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. Білімі [оқу ұйымының толық атауы, даярлау бағыты, бітірген күні].
2. Көрсетілген кәсіптік біліктілік бойынша еңбек қызметін (еңбек өтілін) растайтын мәліметтер [электрондық еңбек шартының ақпараты].
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелер
_______________________________.
3. Мамандық бойынша дағды немесе дағдылар [мамандық] - [шеберлік (- және)]/
__________________________________ (қолмен енгізу үшін)
4. 20 таңбалы карточкалық немесе ағымдағы шоттың нөмірі ___________________.
5. Тұрғылықты жері [тұрақты тіркелген жері]
__________________________________________________________________________
___________
Дұрыс емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Кәсіптік біліктілікті тану орталығы [аккредиттелген тану орталығы].
Ұялы телефон нөмірі _______________________________
Электрондық пошта мекенжайы (e-mail) ________________________________
Электрондық цифрлық қолтаңба 20___жылғы "___" ___________.