Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 тамызда № 34998 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      Есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 69 Бұйрығына
қосымша

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жіті кәсіптік ауру (улану) – зиянды кәсіптік факторлардың бір реттік (бір ауысымнан артық емес) әсерінен кейін пайда болған ауру (жай-күй);

      2) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК) – иммундаудан кейін қадағалануы тиіс және вакциналарды қолданумен міндетті түрде себеп-салдарлық байланысы жоқ кез келген қолайсыз медициналық көріністер;

      3) созылмалы кәсіптік ауру (улану) – зиянды өндірістік факторлардың бірнеше және ұзақ әсер етуінен кейін пайда болған ауру (жай-күй);

      4) тергеп-тексеру мәні – тергеп-тексеруге жататын адамның өміріне және (немесе) денсаулығына және (немесе) оның мекендеу ортасына зиян келтірілген (келтірілуі мүмкін) фактілер, мән-жайлар, жағдайлар;

      5) улану –адамға мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының жіті (бір сәттік) немесе созылмалы (ұзақ мерзімді) әсері кезінде туындайтын ауру (жай-күй);

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы адамдардың кең (шектеусіз) тобы – алдын ала айқындауға болмайтын адамдар тобы, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін оның сандық құрамы;

      7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) – инфекцияның көзін анықтауға және ошақты оқшаулауға, оның салдарынан адам денсаулығы және (немесе) оның мекендеу ортасы нашарлаған (туындауы мүмкін) мән-жайлар туралы мәліметтерді алуға не растауға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындауға, адамның денсаулығының жай-күйінің және (немесе) оның мекендеу ортасының нашарлауы құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайлар, құқық бұзушылықтың оқиғасы мен құрамын, сондай-ақ оны жасауға кінәлі адамдарды айқындауға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына және (немесе) оның мекендеу ортасына зиян келтіруді одан әрі болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-қимылдар кешені (бұдан әрі – бақылау және қадағалау органы).

      3. Тергеп-тексеруді жүргізудің мақсаты болып табылады:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылуына әкеп соқтырған мән-жайлар, себептер мен жағдайларды;

      2) зардап шеккен адамдар мен байланыста болған адамдар тобын;

      3) бұзушылықтарға жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін);

      4) бұзушылық жағдайлары мен құрамын, сондай-ақ оны жасаған кінәлі адамдарды;

      5) адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және (немесе) олардың мекендеу ортасына зиян келтірудің одан әрі алдын алу жөніндегі шараларды анықтау.

      4. Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану жағдайларын тергеп-тексеру барысында эпидемиологиялық көрсеткіштер негізінде байланыста болған адамдар мен инфекцияның таралуына қатысы болуы мүмкін адамдарға зертханалық тексеруді ұйымдастырылады.

      5. ИКҚК-ке тергеп-тексеру барысында оның тікелей болу және даму себебі вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың (бұдан әрі – вакциналар) нұсқаулығына сәйкес анықталады.

      6. Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеру барысында:

      1) өнімді (тауарды) өткізуші, өнім беруші, импорттаушы және өндіруші ұсынылған қадағалау құжаттары және (немесе) сәйкестікті растау құжаттары негізінде айқындалады;

      2) ұсынылған құжаттар зерделенеді және осы өнімді сәйкестендіру жүргізіледі;

      3) өнімнің бактериялық ластануына немесе соған сәйкес өнім өндірілген құжаттарда көзделген көрсеткіштердің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін себептер зерделенеді.

      7. Тергеп-тексеруді Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар жүргізеді.

      8. Режимдік объектілердегі тергеп-тексеру шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес осы объектілерде болу үшін қолжетімділік ерекшеліктері ескеріле отырып айқындалады.

      9. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) - 4), 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген жағдайларда жүргізіледі.

2-тарау. Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі

1-параграф. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің мазмұны және рәсімдеу тәртібі

      10. Тергеп-тексеруді бастау үшін бақылау және қадағалау органының басшысы немесе оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-84 бұйрық) бекітілген нысан бойынша оны жүргізуге уәкілетті адамдардың құрамын (бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғасын немесе комиссия) көрсете отырып, тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт шығарады.

      Тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар оны жүргізуге уәкілетті адамның құрамы өзгеруіне (немесе) толығуына байланысты енгізіледі.

2-параграф. Тергеп-тексеру жүргізудің мерзімі және ұзақтығы

      11. Бақылау және қадағалау органының басшысы немесе оны алмастыратын адам адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің қауіптілігі мен ауырлығы көлеміне байланысты тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін айқындайды.

      12. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетіледі және күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.

      13. Тергеп-тексерудің белгіленген мерзімдерде аяқталуына объективті кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде (сұрау салынатын ақпаратты, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде алмаған, тағайындалған сараптамалар мен сараптамалық қорытындылардың нәтижелерін, сондай-ақ басқа да қажетті ақпарат пен құжаттарды алмаған жағдайларда) тергеп-тексеру мерзімін бақылау және қадағалау органының басшысы немесе оны алмастыратын адам № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні рәсімдей отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге тек бір рет ұзартады.

      14. Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану жағдайлары бойынша тергеп-тексеру тағайындалады:

      1) күнтізбелік 3 күн ішінде - шұғыл хабарлама және (немесе) өтінішті алған күннен бастап;

      2) бір тәулік (24 сағат) ішінде:

      өлім жағдайлары тіркелгенде - шұғыл хабарлама және (немесе) өтініш келіп түскен күннен бастап;

      бір-бірімен байланысты және бір инкубациялық кезеңде тіркелген инфекциялық, паразиттік аурудың және (немесе) уланудың үш және одан да көп жағдайларын тіркелген кезде - үшінші шұғыл хабарлама және (немесе) өтініш келіп түскен күннен бастап тағайындалады.

      3) 3 сағат ішінде – карантиндік және аса қауіпті аурулар тіркелгенде шұғыл хабарлама және (немесе) өтініш түскен сәттен бастап.

      15. ИКҚК жағдайларын тергеп-тексеруді шұғыл хабарлама және (немесе) өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде тағайындалады.

      16. Ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жіті кәсіптік улану және топтық кәсіптік улану оқиғаларын қоспағанда, жіті кәсіптік аурулар және (немесе) улануды тергеп-тексеру хабарламаны алған кезден бастап 24 сағат ішінде тағайындалады.

      Созылмалы кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғалары немесе күдіктену жағдайлары хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде тағайындалады.

      17. Өнімді бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша зерттеу жүргізу нәтижесінде жүргізілетін тергеп-тексеру сатып алу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тағайындалады.

3-параграф. Бақылау мен қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдері

      18. Бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) тергеп-тексеруді жүргізудің басталғаны, тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту, оны жүргізуге уәкілетті адамдардың құрамы өзгеруі (немесе) толығуы туралы хабардар ету тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні, тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні, оны жүргізуге уәкілетті адамның құрамы өзгеруі (немесе) толығуымен тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні жолдау жолымен ол басталғанға, ұзартылғанға, тергеп-тексеруді тағайындау туралы актісінде көзделмеген адамдардың тергеп-тексеруге қатысуына дейін бір жұмыс күн бұрын жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) және 3) тармақшасында және 16-тармағының бірінші абзацында көзделген жағдайларда тергеп-тексеру бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі.

      19. Тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт, тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акті, оны жүргізуге уәкілетті адамның құрамы өзгеруі (немесе) толығуы туралы хабардар ету тергеп-тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы, бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекен жайы бойынша немесе бақылау мен қадағалау субъектісінің(объектісінің) танысу фактісін тіркеуге мүмкіндік беретін өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.

      20. Комиссияның құрамына енгізу үшін бақылау және қадағалау органы мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеру және комиссия құрамына енгізу үшін кандидатураны ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.

      21. Бақылау және қадағалау органының басшысымен немесе оны алмастыратын адам комиссия құрамына тергеп-тексеру нысанына қатысы жоқ мамандандырылған сарапшылар мен мамандар, оның ішінде педиатр (жалпы тәжірибелік дәрігер), иммунолог, эпидемиолог, невропатолог, аллерголог, фтизиатр, инфекционист, патологоанатомды енгізеді.

      22. Бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіге қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.

4-параграф. Тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібі

      23. Техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу, тергеп-тексеру жүргізуге қажетті қорытындылар беру үшін комиссия мүшелері болып табылмайтын, тергеп-тексеру мәні бойынша арнайы білімі бар сарапшылар және мамандар тартылады.

      24. Сарапшылар мен мамандарды тарту туралы шешімді бақылау және қадағалау органының басшысы немесе оны алмастыратын адам осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарады.

      Сарапшылар мен мамандардың сараптама нәтижелерін және қорытындыларын ұсыну мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шешіммен айқындалады.

5-параграф. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын қалыптастыру шарттары мен тәртібі

      25 . Бақылау және қадағалау органы құрған комиссия (бұдан әрі – комиссия) тергеп-тексеруді мынадай жағдайларда:

      1) кәсіптік аурулар және (немесе) уланулар, оның ішінде кәсіптік ауруларға және (немесе) улануларға күдіктену анықталғанда;

      2) ИКҚК;

      3) аса қауіпті инфекциялық ауруларды жұқтыруға күдіктену;

      4) Қазақстан Республикасы үшін эндемиялық емес жаңа инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды немесе этиологиясы белгісіз ауруларды жұқтыруға күдіктену;

      5) адамның инфекциялық, паразиттік аурулардан және (немесе) уланудан қайтыс болуы;

      6) егер тергеп-тексеру 1 (бір) астам уәкілетті мемлекеттік органның құзыретін қозғаса;

      7) Қазақстан Республикасының екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлігі (облыстардың) шегінде тергеп-тексеру жүргізу;

      8) өзге жағдайларда, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік орган басшысының шешімі (тапсырмасы) бойынша жүргізеді.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көзделмеген жағдайларда тергеп-тексеруді лауазымды тұлға комиссия құрмастан жүргізеді.

      27. Комиссияның құрамына бақылау және қадағалау органының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан (қажет болған жағдайда) комиссия төрағасы және мүшелері кіреді.

      28. Комиссия төрағасы болып бақылау және қадағалау органының басшысы немесе басшысының орынбасары келесі жағдайларда, бірақ олармен шектелмей айқындалады:

      1) инфекциялық, паразиттік аурулардан және (немесе) уланулардан, оның ішінде кәсіптік аурулардан бес және одан да көп адам қайтыс болған кезде;

      2) бес және одан да көп адамда ИКҚК жағдайлары болғанда;

      3) өлім-жітімі жоғары аса қауіпті инфекциялық ауруларды жұқтыруға күдік болған кезде.

      Басқа жағдайларда комиссияның төрағасы болып бақылау және қадағалау органының құрылымдық бөлімінің басшысынан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

      29. Комиссияны комиссия төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөледі, комиссияның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін көлікке, қызметтік үй-жайларға, байланыс құралдарына, арнайы киімге және жеке қорғаныш құралдарына қажеттіліктерін айқындайды.

      30. Егер лауазымды адам:

      1) ауырған адамның немесе өтініш иесінің, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жауапты адамының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылса;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамға қызметтік немесе өзге де тәуелді болса;

      3) әкiмшiлiк iстің нәтижесiне жеке-дара, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса не оның объективтiлiгi мен әділдігі туралы күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, ол комиссияның төрағасы, мүшелері бола алмайды.

      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген шарттары осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарына сәйкес тергеп-тексеруге тартылатын сарапшыларға және өзге де тұлғаларға (бұдан әрі – сарапшылар және мамандар) жатады.

      31. Бақылау және қадағалау органының басшысының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша комиссия құрамына тергеп-тексеру мәніне байланысты мүдделі мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі.

      32. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау мәні болып табылады.

6-параграф. тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін

      33. Тергеп-тексеру барысында бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы немесе Комиссия мүшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) бұзушылыққа жол беруге әкеп соқтырған және (немесе) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төнуіне немесе зиян келтіруге жол беру алдындағы мән-жайларды анықтайды;

      2) тергеп-тексеру мәніне қатысуы мүмкін адамдардың және (немесе) субъектілердің тобын айқындайды, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағын толтыра отырып, оларға сауалнама жүргізеді, жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер алады;

      3) тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болған орындарға тексеру жүргізеді;

      4) сарапшылар мен мамандардың қорытындыларын алады;

      5) сынамаларды алуды және зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер жүргізуді, адамдарды зерттеп-қарауды ұйымдастырады және нәтижелерін алады;

      6) эксперименттерді ұйымдастырады және (немесе) эксперименттердің нәтижелерін алады;

      7) зақымданудың ауырлығы, өлімнің себептері, алкогольдік, уытты масаю, улану белгілерінің болуы туралы медициналық қорытындылар, зертханалық деректердің нәтижелері бар денсаулық жағдайының динамикасы туралы ақпарат алады;

      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзудың себептері мен сипатын анықтайды;

      9) тергеп-тексеру орнының жай-күйін, қауіпті өндірістік факторлардың және оларды оқшаулау, бейтараптандыру жөніндегі шаралардың (есепке алу, талдау, іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуы) болуын сипаттайтын құжаттарды сұратады, алады және зерделейді;

      10) тергеп-тексеру үшін қажетті құжаттардың, журналдардың, хаттамалардың және өзге де құжаттаманың көшірмелерін алады;

      11) өндірістік бақылау нәтижелерін талдайды;

      12) тергеп-тексеру мәніне қатысты орынды және (немесе) өнімді, өндіріс (қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау) процесін фото және (немесе) бейне тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеру хаттамасын толтырады;

      13) тергеп-тексеру мәніне байланысты салдарларды жою және (немесе) болдырмау жөніндегі іс-шараларды айқындайды;

      14) тергеп-тексеру нысанына қатысы болуы мүмкін адамдарды және (немесе) бақылау және қадағалау субъектілерін оларға қатысы бар бөлігінде тергеп-тексеру материалдарымен таныстырады.

      34. Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеруге қатыстылығы анықталған жеке тұлғаларға қатысты бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары немесе комиссия мүшелері:

      1) тергеп-тексеруге қатысы бар адамдардан мәліметтерді, түсіндірмелерді жазбаша және (немесе) ауызша нысанда алуға;

      2) кедергісіз тексерулер, эксперименттер, өлшемдер жүргізу және сынамаларды (үлгілер) алуға құқылы.

      35. Жіті және (немесе) созылмалы кәсіптік аурулар және (немесе) улану, оның ішінде кәсіптік аурулар және (немесе) улануға күдіктену жағдайларын тергеп-тексерукезінде жұмыс беруші қамтамасыз етеді:

      1) оқиға орнының жағдайын (жіті кәсіптік аурулар және (немесе) улану кезінде) тергеп-тексеру басталғанға дейін, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, ал өндірістік процестің үздіксіздігінің бұзылуы апатқа әкеп соқпаса, оны сақтау;

      2) (жіті кәсіптік аурулар және (немесе) улану кезінде) тергеп-тексеру басталғанға дейін оқиға орнын және бүлінген объектілерді суретке түсіру, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасау;

      3) техникалық есептеулерді, зертханалық зерттеулерді, сынақтарды, басқа да сараптама жұмыстарын орындауға және осы мақсаттар үшін тартылған сарапшы мамандарға рұқсатты;

      4) бақылау және қадағалау органының бөлімшесінің комиссия мүшелерін және шақырылған сарапшылар мен көлік мамандарын, қызметтік үй-жайларды компьютерлік және ұйымдастырушылық техникамен, байланыс құралдарымен, арнайы киіммен және тергеп-тексеру үшін қажетті басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету;

      5) осы кәсіпорындағы немесе ұқсас жұмыс орнынан, учаскеден және цехтан келген қызметкердің барлық кәсіби бағыты үшінмынадай құжаттар мен материалдарды, оның ішінде мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін ұсыну:

      өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және (немесе)кәсіптік тәуекелдерді басқаруматериалдары, жұмыс орнының жай-күйін, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың болуын сипаттайтын құжаттар;

      зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру хаттамалары мен нұсқаулықтарды тіркеу журналдарынан үзінді көшірмелер;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдау үшін міндетті болып табылатын оқуды аяқтағанын, сондай-ақ қызметкердің біліктілігін арттырғанын растайтын құжаттар;

      зертханалық зерттеулер хаттамалары;

      зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның қайтыс болу себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас болу белгілерінің болуы (болмауы) туралы медициналық қорытынды;

      алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өткенін растайтын құжаттар;

      зардап шеккен адамға арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарының берілгенін растайтын құжаттар;

      лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс регламенттері;

      тергеу нысанасына қатысы бар басқа да құжаттар.

      36. Тергеп-тексеру барысында бақылау және қадағалау органы құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша бақылау органы тергеп-тексеру мәні бойынша консультациялар жүргізеді.

      37. Тергеп-тексеру барысында сәйкес келмейтін өнімнің өнім берушісі, импорттаушы, өндіруші немесе халықтың инфекциялық, паразиттік ауруларының және (немесе) улануының көзі басқа әкімшілік аумақтан анықталса, бақылау және қадағалау органының бөлімшесі тексеруді аяқтайды және тергеп-тексеру материалдарын тиісті әкімшілік аумақта тергеп-тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне береді.

      38. Тергеп-тексерулер:

      инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) уланулар бойынша - осы Қағидалардың 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47 және 48 тармақтарын;

      ИКҚК бойынша – осы Қағидалардың 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 және 61 тармақтарын;

      жіті және (немесе) созылмалы кәсіптік аурулар және (немесе) улану жағдайлары, оның ішінде кәсіптік аурулар және (немесе) улануға күдіктенулер бойынша – осы Қағидалардың 62, 63, 64 және 65 тармақтарын;

      бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша – осы Қағидалардың 66 және 67 тармақтарын ескере отырып жүргізіледі.

      39. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссия мүшесі эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында:

      1) науқастың медициналық құжаттамасының деректерін талдайды;

      2) науқасқа медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі;

      3) науқастарға және байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізеді;

      4) қолда бар зертханалық деректерді талдайды;

      5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін ошақтан сынама алуды жүргізеді;

      6) инфекция көзін анықтау мақсатында байланыста болған адамдардан зертханалық тексеру (бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, молекулярлық-биологиялық, паразитологиялық, иммунологиялық) жүргізуді ұйымдастырады.

      40. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы немесе комиссия мүшелерімен, оның ішінде сарапшылармен және мамандармен бірлесіп, зертханалық диагностиканың дұрыстығын мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды:

      1) зертхананың техникалық жарақтандырылуы, өлшеу аспаптарының уақтылы тексерілуі;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы бекіткен және (немесе) мемлекеттік өлшем жүйесінің тізіліміне енгізілген зертханалық зерттеулер жүргізу әдістемелерінің сақталуына;

      3) пайдаланылатын ортаның, агглютинациялайтын сарысулардың, диагностикумдардың, тест-жүйелердің сапасы (жарамдылық мерзімі, сақтау талаптарының сақталуы, өсу сапасы);

      4) зертханаішілік бақылауды жүргізудің толықтығы мен сапасы;

      5) зертхананың жұмыс істейтін қызметкерлерінің кәсіби деңгейі.

      41. Диагноздың этиологиясын ашып жазу үшін науқастардың материалдары зерттеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда зерттеулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы ұйымдарының зертханасында жүргізіледі, сондай-ақ бөлінген патогенді өсірінділер сәйкестендіруге тиісті референс-зертханаға жіберіледі.

      42. Эпидемиологиялық анамнездің және тергеп-тексеру барысында алынған науқастарды сұрау деректерінің, сондай-ақ науқастарды тексеру кезінде алынған клиникалық және зертханалық деректердің негізінде медициналық ұйым түпкілікті диагнозды қояды.

      43. Науқастан және байланыста болған адамдардан сауалнама жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы немесе комиссия мүшелері мыналарды анықтайды:

      1) инкубациялық кезеңде байланыста болған аурудың ұқсас симптомдары бар адамдар тобы;

      2) науқастың және байланыста болған адамдардың паспорттық деректері, туған күні, тұрғылықты жері, байланыс телефондары, жұмыс және (немесе) оқу орны;

      3) аурудың басталған күні (қысқа инкубациялық кезеңдегі аурулар үшін - аурудың нақты басталған уақыты), ауруханаға жатқызылған күні, ауруханаға жатқызылған орны, аурудың негізгі белгілері;

      4) инфекцияның болжамды көздері, факторлары және берілу жолдары туралы мәліметтер;

      5) ұйымдасқан ұжымға соңғы барған күні, елді мекеннен, облыстан, елден тыс жерге шыққан күні;

      6) алынған профилактикалық егулер туралы мәлімет.

      44. Сырттан әкелінетін инфекциялық, паразиттік аурулардың және (немесе) уланудың жағдайы тіркелген кезде нақтыланады:

      1) науқастың соңғы 3 жылдағы эндемиялық елге бару мерзімі;

      2) науқастың эпидемиологиялық маусымда науқастың ауырған кезден бастап диагноз қойылғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстың, ауданның аумағы бойынша орнын ауыстыруы;

      3) соңғы 3 жылда этиологиясы белгісіз қызба ауруларының болуы және соңғы 3 күнде дене қызуының болуы;

      4) соңғы 3 айда қан құю фактілерінің болуы;

      5) арасында паразиттік тасымалдаушылар немесе қоздырғыштардың көздері болуы мүмкін, зооноздық және карантиндік ауруларының жағдайларыхалықтың ауқымды топтарында (маусымдық жұмысшылар, көшіп-қонушылардың)тіркелген елді мекенге келу фактілерінің болуы.

      45. Карантиндік инфекциялар, аса қауіпті аурулар, сондай-ақ топтық аурулар тіркелген кезде бақылау және қадағалау органы немесе комиссия мүшесі үйді-үйді аралауды ұйымдастырады.

      46. Науқас инкубациялық және (немесе) ауру кезеңінде ұйымдасқан ұжымға немесе эпидемиялық мәні бар объектілерге (инфекцияның одан әрі таралуы мүмкін) барған болса бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы немесе комиссия мүшесі объектіні тексеруді жүзеге асырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру хаттамасын рәсімдей отырып, аурудың одан әрі таралуын болдырмау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады.

      47. Улануға себеп болған басқа аймақтардан алынған инфекция көздерінен (күдікті өнім немесе шикізат) туындаған халықтың инфекциялық, паразиттік аурулары және (немесе) улану жағдайларын тергеп-тексеру кезіндежергiлiктi жерде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау ұйымының бақылау және қадағалау органының тиiстi бөлiмшесiне ауру туралы хабарламаның уақтылы жолдануы тексерiледi.

      48. Тергеп-тексеру барысында анықталған деректер № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша инфекциялық және паразиттік ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасына енгізіледі.

      49. ИКҚК-дің әр жағдайының себебі бөлек анықталады.

      50. Тергеп-тексеруге жатпайтын мынадай күтілетін реакциялар ИКҚК-ге жатқызылмайды:

      1) вакциналарды енгізу орнындағы реакциялар (қызару, ісіну, ауырсыну);

      2) организмнің жүйелік реакциялары (белсенділігі жойылған вакциналармен иммундаудан кейін алғашқы 3 күнде, тірі вакцина енгізілгеннен кейін 5-6, 10-11-ші күні байқалатын фебрильді құрысулары болатын дене температурасының жоғарылауы);

      3) қызылшаға қарсы вакцина енгізілгеннен кейін 12-25 күн аралығында байқалатын транзиторлық тромбоцитопения;

      4) қызамыққа қарсы вакцина енгізілгеннен кейінгі 7-21 күн аралығында және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылатын, буындарда болатын симптомдар.

      51. ИКҚК-ның вакцинациямен себеп-салдарлық байланысын бағалау мынадай факторларды ескере отырып, популяция және жеке науқас деңгейінде жүргізіледі:

      1) уақытша байланыс орнату (вакцинация ИКҚК-ден бұрын болған):

      вакцинациядан кейінгі ИКҚК симптомдарының дамуының уақытша реттілігі;

      әртүрлі ИКҚК түрлерінің күтілетін көріністерінің мерзімдерін ескере отырып және вакцинаның нұсқауларына сәйкес вакцинаны енгізу мен клиникалық симптомдардың пайда болуы арасындағы аралық;

      2) осы Қағидаларға сәйкес кездейсоқ сәйкестікті қоспағанда:

      вакцинация нәтижесінде немесе басқа аурудың салдарынан клиникалық көріністердің даму ықтималдығы (қосалқы немесе бірінші рет анықталған);

      3) байланыстың бар екендігін дәлелдеу (клиникалық немесе зертханалық растау):

      жағдайлардың тұрақтылығы – барлық ИКҚК жағдайларының ұқсастығы;

      4) осы вакцинаны алған басқа адамдардағы ИКҚК-ның ұқсас жағдайлары:

      бір немесе бірнеше медициналық ұйымдардың (ауданның, қаланың, облыстың) шеңберінде басқа егілген адамдарда осы вакцинадан ИКҚК-ді тіркеуде ұқсас реакцияларының және жиілігінің болуы;

      вакцина егілмеген адамдар (отбасы мүшелері, балабақша, мектеп, ұйым) арасында ұқсас клиникалық көріністерді тіркеу, тіркеу жиілігі, топтық реакциясы.

      52. Популяция деңгейінде мынадай факторлар ескеріледі:

      1) халық арасында ИКҚК жиілігінің күтілетін деңгейден асып кетуі;

      2) ИКҚК дамуының биологиялық ықтималдығы.

      53. Тергеп-тексеру мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) жағдайдың белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін растау:

      бір немесе бірнеше вакциналарды енгізгеннен кейін ИКҚК дамуы;

      ИКҚК жағдайына диагноздың негіздемесі және сәйкестігі;

      1) тергеп-тексерілетін жағдайды осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ИКҚК көріністерін тексеру тізімімен салыстыру;

      3) себеп-салдарлық байланысты айқындау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес алгоритмді пайдалану;

      4) осы Қағидаларға сәйкес ИКҚК жіктелуі.

      54. Себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін:

      1) анамнестикалық деректерді талдау: егілген адамның денсаулық жағдайы және аллергостатусы (дәрілік заттарға, тағамға, бұрынғы вакциналарға реакциялары);

      2) ИКҚК даму серпіні (ИКҚК түрі, көріну мерзімі, ұзақтығы, ағымы және алғашқы симптомдардың сипаты);

      3) егілген адамға шұғыл және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар;

      4) тергеп-тексергенге дейін ИКҚК жағдайы бойынша жүргізілетін диагностикалық және емдеу іс-шаралары;

      5) ИКҚК даму нәтижесі;

      6) вакцинация мен ИКҚК дамуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілеу;

      7) вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын бағалау;

      8) бағдарламалық қатені анықтау мақсатында (вакцинаны қате дайындау және енгізу) егу кабинетінің медицина қызметкерлерінің біліктілігін бағалау;

      9) халыққа профилактикалық егулер жүргізу жөніндегі егу пунктінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау;

      10) ИКҚК зертханалық және аспаптық зерттеулер негізінде интеркуррентті және басқа да аурулармен дифференциалды диагностикасы.

      Неврологиялық аурулардың (энцефалит, миелит, полирадикулоневрит, менингит) дамуында интеркуррентті ауруларды болдырмау мақсатында тұмау, парагрипп, Коксаки, эховирустар, кене энцефалиті, аденовирустарға антиденелердің титрін анықтау үшін жұпталған сарысуларға (біріншісі – аурудың ерте кезеңінде, екіншісі – 14-21 күннен кейін) серологиялық зерттеулер жүргізіледі;

      11) вакцинациядан кейінгі кезеңде қайтыс болған жағдайды талдау:

      науқастың медициналық картасын талдау;

      патологиялық сараптама нәтижелерін зерттеу;

      12) ИКҚК және пайдаланылған вакцинаның сапасымен байланыс орнату, сондай-ақ қажет болған жағдайда вакцина үлгілерін қайталама сараптамаға немесе тәуелсіз сараптамаға жіберу.

      55. Құтырмаға қарсы вакцинациядан кейін ИКҚК-ның дамуы кезінде комиссия тергеп-тексеруді және вакцинацияны жалғастыру мәселесін шешу кезеңінде антирабиялық вакцинаны енгізуді уақытша тоқтата тұрады.

      56. Бағдарламалық қатенің немесе инъекцияға (жаншу) реакцияның салдарынан ИКҚК-ның дамуы расталған кезде вакцина сапасыз деп тергеп-тексеруге жатпайды.

      57. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ИКҚК жағдайы 4 түрге жіктеледі:

      Вакцинациямен себеп-салдарлық байланыстың болу жағдайы:

      1) вакцинаның әсеріне немесе вакцинаны егудегі организмнің ерекшеліктеріне байланысты жағдай;

      2) вакцина сапасының бұзылуына байланысты жағдай;

      3) вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі бағдарламалық қатеге байланысты жағдай;

      Анықталмаған жағдай:

      1) уақытша байланыстың тұрақты дәлелі бар, бірақ ИКҚИ-нің себебі вакцина екендігі туралы жеткілікті деректер жоқ;

      2) анықталған факторлар иммундаумен себеп-салдар байланысының тұрақтылығына қатысты қарама-қайшы бағыттарды көрсетеді.

      Иммундаумен себеп-салдарлық байланыстың болмауы (кездейсоқ сәйкестік) жағдайы:

      1) вакцинациядан кейінгі кезеңдегі интеркуррентті ауру немесе вакцинаны енгізумен жанама байланысты, сондай-ақ вакцина тудырған жағдайлар;

      2) паротитке қарсы вакцинаны қоспағанда, белсенділігі жойылған вакциналарды, анатоксиндерді және тірі вакциналарды енгізгеннен кейінгі асқынуларға тән емес менингиальды құбылыстар;

      3) паротитке және полиомиелитке қарсы вакциналар мен анатоксиндерді енгізу реакцияларына тән емес энцефалопатия;

      4) жалпы церебральды симптомдары бар ауруларды – орталық жүйке жүйесінің ісік түзілімдерін, тұмауды, пневмонияны, менингококк инфекциясын алып тастауды талап ететін вакцинациядан кейінгі энцефалит диагнозы;

      5) асқынуларға және қатар жүретін аурулардың белгілеріне тән емес, ішек, бүйрек симптомдары, жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігі;

      6) тірі вакцинамен егілгеннен кейін 4-ші күнтізбелік күннен ерте және 12-14 күнтізбелік күннен кейін пайда болатын жіті респираторлық аурудың катаральды синдромы;

      7) вакцинамен байланысты паралитикалық полиомиелитті қоспағанда, неврологиялық патология нәтижесінде дамыған және вакцина енгізумен байланысты емес паралич;

      8) инъекцияға (егу) байланысты ауырсынудан қорқудан туындаған егілген адамның психоэмоционалды жағдайымен байланысты вакцина егуге реакциясы;

      9) туберкулезге қарсы вакцинаны енгізумен сәйкес келетін басқа көріністерге инфекциялар, тері реакциялары, бөртпе, эритема, ауырсыну, қызба, кешіктірілген емделу, тәбеттің төмендеуі, гипотониялық гипореспониялық эпизод, ашуланшақтық, Кавасаки ауруы, герпетикалық менингоэнцефалит және остеомиелит жатады;

      10) вакцинадан басқа факторлардың әсерінен туындаған фондық немесе жаңа жағдай немесе жай-күй;

      11) қызылшаға қарсы вакцинацияның ішектің созылмалы қабыну ауруларының немесе аутизмнің пайда болуына қатысы жоқ екендігі туралы нақты деректер бар.

      Себеп-салдар байланысын анықтау үшін қосымша ақпарат талап етілетін вакцинацияға қатысты халықтың алаңдаушылығын қоса алғанда ИКҚК-ң жіктелмеген жағдайлары.

      58. ИКҚК тергеп-тексеруді жүргізу туралы ақпарат осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54 және 57-тармақтарында көзделген іс-қимылдардың нәтижелері бойынша мәліметтерді қамтиды.

      59. Комиссия ИКҚК-ны тергеп-тексеру барысында деректерді талдайды, қорытынды диагнозды белгілейді және № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ИКҚК жағдайын тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні толтыра отырып, ИКҚК дамуының ықтимал себептері туралы қорытынды жасайды.

      60. Бақылау және қадағалау органының бөлімшесі ИКҚК тергеп-тексеру қорытындылары бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні және ИКҚК тергеп-тексеру жүргізу туралы ақпаратты жоғарғы бақылау және қадағалау органына жібереді.

      ИКҚК дамуының анықталған себептері бар тергеп-тексеру қорытындылары денсаулық сақтау ұйымдарына және профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастыратын және жүзеге асыратын медицина қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.

      61. ИКҚК туралы мәліметтер жаңа туған баланың даму тарихы картасына, баланың даму тарихы картасына, профилактикалық екпелердің картасына, баланың медициналық картасына, амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

      62. Жіті және (немесе) созылмалы кәсіптік аурулар және (немесе) улану, оның ішінде кәсіптік аурулар және (немесе) улануға күдіктену жағдайларын тергеп-тексеру кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымның немесе медициналық ұйымдардың "Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-284/2020 бұйрығымен бекітілген тәртіппен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21841 болып тіркелген) ұсынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші ұсынатын хабарламалар негізінде жүзеге асырылады.

      63. Созылмалы кәсіптік аурудың (уланудың) мән-жайлары мен себептерін тергеп-тексеру жұмысшының соңғы жұмыс орыны бойынша жүргізіледі.

      64. Кәсіптік ауруды тудырған зиянды және қауіпті өндірістік фактормен байланыста болмаған адамдарда, оның ішінде жұмыс істемейтін адамдарда созылмалы кәсіптік аурудың мән-жайлары мен себептерін тергеп-тексеру зиянды және қауіпті өндірістік фактормен байланысты бұрынғы жұмыс орнында жүргізіледі.

      65. Жұмыс берушінің кәсіпорны таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда комиссия құқықтық мирасқордың кәсіпорнында тергеп-тексеру жүргізеді, ол болмаған жағдайда сұрау салуды мұрағатқа жібереді, деректер болмаған кезде тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті белгі қойылады.

      Егер кәсіптік аурудың және (немесе) уланудың туындауы әртүрлі объектідегі жұмысқа негізделген болса, онда тергеп-тексеру жұмысшыныңжұмыс маршруты бойынша барлық объектілерде жүргізіліп, соңғы жұмыс орнында тергеп-тексеру жүргізген комиссияға беріледі.

      66. Бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру нәтижесінде сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда, оны өндіруді, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырған барлық субъектіге қатысты тергеп-тексеру жүргізіледі.

      67. Бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша тергеп-тексеру барысында техникалық регламентердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес емес деп танылған өнімге қатысты осы Қағидаларға 1-қосымшаның 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.

      68. Тергеп-тексеру нәтижелері № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт түрінде рәсімделеді.

      69. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру материалдарының негізінде, оның ішінде Комиссия мүшелерінің көпшілігінің пікірін ескере отырып, екі данада ресімделеді.

      70. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге бақылау және қадағалау органының тергеп-тексеруді жүргізген лауазымды адамы немесе тергеп-тексеру (комиссиямен) жүргізген комиссияның барлық мүшелері қол қояды, оның бір данасы бақылау және қадағалау субъектісіне беріледі, екінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.

      71. Егер комиссия мүшелерінің бірі комиссия мүшелерінің көпшілігінің қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол комиссия жұмысының корытындысында және тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге тіркеу үшін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынады, бұл ретте тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге "ерекше пікірді ескере отырып" деген ескертпемен қол қойылады.

      72. Тергеп-тексеру материалдары:

      1) тергеп-тексерудітағайындаутуралы актіні, тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні;

      2) тергеп-тексеру нәтижелері туралы актініқамтиды, оған мыналар қоса беріледі:

      тексеру хаттамасы, жоспарлар, схемалар,эскиздер, фотосуреттер және (немесе) бейне материалдар;

      тергеп-тексеру нысанасы бойынша арнайы білімі бар сарапшылар мен мамандарды және (немесе) тексеру нысанасына байланысты комиссия төрағасының өзге де шешімдерін тергеп-тексеруге тарту туралы бақылау және қадағалау органы басшысының немесе басшысының орынбасарының немесе Комиссия төрағасының шешімі;

      мамандар мен сарапшылардың қорытындылары;

      зертханалық зерттеулердің, аспаптық өлшеулердің, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелері;

      мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, өзге де субъектілердің материалдары мен ақпараты;

      куәгерлерден, зардап шегушілерден, тергеп-тексеруге қатысқан адамдардан, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауға жауапты лауазымды адамдардыңсұрау салу және түсіндіру хаттамалары;

      зардап шеккен адамдардың денсаулығының зақымдану сипаты мен ауырлығы (өлім себебі) туралы медициналық қорытындылар;

      бұзушылықтың мән-жайлары мен себептерін сипаттайтын анықтамалар мен үзінді көшірмелер;

      тергеп-тексеру жүргізуге қатысы бар және бақылау және қадағалау органы басшысының немесе басшысының орынбасарының немесе комиссия төрағасының шешімі бойынша материалға қоса тіркелген өзге де материалдар.

      73. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде анықталған бұзушылықтар, бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалар, бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.

      Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кем емес мерзімде айқындалады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі оған тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына жүгінуге құқылы.

      Өтініште бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін жазады.

      Тергеп-тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан дәлелді негіздемесі бар бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзім өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілген жағдайда, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      74. Тергеп-тексеру туралы мәліметтер № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша бақылау және қадағалау органы тергеп-тексерулерін есепке алу журналына енгізіледі.

      75. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік құпияларды Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты өзінің интернет-ресурста орналастырады.

      76. Бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеру қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 21964 болып тіркелген) бекітілген Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларында көзделген тәртіпте өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабарландырады.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізілетін жағдайлардың тізбесі

      1. Тергеп-тексеру адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары негізінде келесі жағдайларда жүргізіледі:

      1) сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақтамалмауы;

      3) медициналық ұйымдарда және объектілерде медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, пайдалану және кәдеге жарату қағидаларының сақталмауы;

      4) ұйымдасқан ұжымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға және, тұру жағдайларына қойылатын талаптардың сақталмауы;

      5) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары (автомобиль, теміржол, су, әуе) мен ұйымдарына қойылатын талаптардың сақталмауы;

      6) жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын пайдалануға, қолдануға және сақтауға, зарарсыздандыруды, стерилизациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптардың сақталмауы;

      7) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын объектілерде иондамайтын сәулелену параметрлерінің және физикалық факторлардың гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келмеуі;

      8) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер, оның ішінде қайтыс болу;

      9) инфекциялық, паразиттік ауруларды және (немесе) уланулар, оның ішінде 1-кестеге сәйкес олардан қайтыс болу;

      2. Тергеп-тексеру мемлекеттік органдар немесе денсаулық сақтау объектілері беретін ақпарат және шұғыл хабарлама бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер, оның ішінде олардан қайтыс болу:

      ауыр ИКҚК – өмірге қауіпті немесе өлімге, емдеуге жатқызуға, айтарлықтай еңбек ету қабiлетiнен айырылуға немесе туа біткен аномалияға әкелген көріністер;

      топтық ИКҚК – егілген вакцина бойынша және (немесе) уақыты бойынша және (немесе) вакцинаны егу орыны бойынша байланысы бар ИКҚК-ға ұқсас 2 және одан көп жағдайлар;

      күтілетін жиіліктен жоғары немесе ерекше ауыр ИКҚК жағдайының тіркелуі;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымының ұсынысы бойынша немесе орталық бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша басқа ИКҚК (иммундаудың болжамды қатесі, ата-аналарға немесе жұртшылыққа айтарлықтай алаңдаушылық тудыратын жағдайлар);

      2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және (немесе) уланулар, оның ішінде 1-кестеге сәйкес олардан қайтыс болу;

      3) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттар, улар мен улы заттар, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың токсиндері, биологиялық құралдар мен материалдар) қолдану және пайдалану кезіндегі уланулар;

      4) кәсіптік қызметпен байланысты емес жіті сәулелік ауру, оның ішінде олардан қайтыс болу;

      5) жітінемесе созылмалы кәсіптік ауруларжәне (немесе) уланулар тіркелуі (күдігі), оның ішінде олардан қайтыс болу.

      3. Тергеп-тексерулер өнімді бақылау мақсатында сатып алу кезінде өнімді зерттеу нәтижелері бойынша келесі жағдайларда жүргізіледі:

      1) нормалау құжаттарына, стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес өнімнің (тауарлардың) жарамдылық мерзімі немесе өндірілген күні белгісіз өнімдердің анықталуы;

      2) осы өнімнің атауы, қолданылу мақсаты, құрамы, сақтау және қолдану шарттары бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде өнімді таңбалаудың болмауы;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарында көзделген қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімді (тауарларды) зертханалық зерттеу нәтижелерінің сәйкес келмеуі;

      4) таңбалауда өндіруші көрсеткен ақпаратқа сәйкес келмеуі;

      5) дайын тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған қаптамада тамақ өнімдерінің анықталуы.

      1-кесте

1. Инфекциялық аурулар:

1.

тырысқақ (A00)

аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде

2.

іш сүзегі (A01. 0)

3.

А, В, С, нақтыланбаған қылау
(А01.1-А01.4)

4.

басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02)

1) қоғамдық тамақтану және тамақ саудасы, сумен жабдықтау, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жіті ішек инфекциялары, сальмонеллезі кезінде;
2) мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, мектеп-интернаттарға, балалар үйлеріне және медициналық-әлеуметтік мекемелерге баратын балалар ауырған жағдайда;
3) психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, балалар үйлерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері ауырған жағдайда;
4) бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелген кезде.

5.

шигеллез (бактериялық дизентерия) (А03)

6.

басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9)

7.

Yersіnіaenterocolіtіca тудырған энтерит (иерсиниоз) (А04.6)

8.

амебиаз (А06)

9.

вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08)

10.

ротавирусты энтерит (A08.0)

11.

басқа айдарларда аурулардың жіктелмеген басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05)

бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелгенде

12.

туберкулез (А15-А19)

жаңадан анықталған жағдайды тіркеу кезінде

13.

оба (А20)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

14.

туляремия (А21)

15.

күйдіргі (А22)

16.

бруцеллез (А23)

17.

лептоспироз (А27)

18.

пастереллез (А28.0)

19.

листериоз (А32)

20.

сіреспе (А33-А35)

21.

дифтерия (А36)

22.

көкжөтел (А37)

23.

жәншау (А38)

24.

желшешек (В01)

бір ұйымдасқан топта үш және одан да көп байланысты іс тіркелген кезде.

25.

менингококк инфекциясы (А39)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

26.

нақтыланбаған бактериалдық менингит (G 00.9)

27.

легионерлер ауруы (А48.1)

28.

орнитоз, пситтакоз (А70)

29.

риккетсиозы (А75-А79)

30.

жіті полиомиелит (А80)

31.

нақтыланбаған және басқа да параличті жіті полиомиелиті (А80.3)

32.

құтырма (А82)

33.

буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А92-А99)

34.

сары қызба (А95)

35.

қызылша (В05)

36.

қызамық (В06)

37.

аусыл (В08.8);

38.

вирусты гепатит (В15-В18)

39.

созылмалы вирусты гепатит

жаңадан анықталған жағдайды тіркеу кезінде

40.

эпидемиялық паротит (В26)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

41.

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар

42.

жануарлардың және басқа да сүтқоректілердің шағуы және сілекейі

43.

дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2)

2. Паразиттік аурулар:

44.

 Лайм ауруы (A69.2)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

45.

вирустық кене энцефалиті (А84)

46.

дерматофития, оның ішінде эпидермофития, трихофития, микроспория, фавус (В35)

47.

безгек (В50-В54)

48.

лейшманиоз (В55)

49.

гельминтоздар (В65-В83)

50.

трихинеллез

51.

Тениаринхоз

52.

Тениоз

53.

Аскаридоз

54.

Трихоцефалез

55.

Описторхоз

56.

Дифиллоботриоз

57.

Эхинококкоза

58.

Альвеококкоз

59.

энтеробиоз

білім беру объектілерінде және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында-үш және одан да көп жағдай, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және мектеп - интернаттарда-әрбір жағдайда

60.

гименолепидоз

білім беру объектілерінде және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында-үш және одан да көп жағдай, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және мектеп - интернаттарда-әрбір жағдайда

61.

лямблиоз

балалардың ұйымдасқан топтарында аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелген кезде

62.

педикулез (В85)

бір ұйымдасқан ұжымда бір-бірімен байланысты үш және одан да көп жағдайды тіркеу кезінде (білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде)

63.

қышыма (В86)

бір ұйымдасқан ұжымда бір-бірімен байланысты үш және одан да көп жағдайды тіркеу кезінде (білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде)

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Комиссия төрағасы тергеп-тексеру нысанасы бойынша арнайы білімі бар сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тергеп-тексеруге тарту, оның ішінде техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулерді, сынақтарды, сараптамаларды жүргізу, тергеп-тексерулерді жүргізу үшін қажетті қорытындыларды ұсыну туралы

№__ШЕШІМ

      "___" _____ 20__ жыл қала, облыс ____________

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының

      5-3) тармақшасына сәйкес сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді

      шешу үшін:

      1. Сараптама жүргізуді және (немесе) сараптамалық қорытынды беруді тағайындау:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (кімге екенін көрсету)

      2. Сарапшылардың алдында шешімге мынадай сұрақтарды қою керек:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      3. Сарапшылар жұмысының нәтижелері сараптамалық қорытынды түрінде

      "__" __________ 20__ жыл дейін ұсынылсын.

      ________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы, қолы)

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Сауалнама парағы

      Тегі ____________________________________________________________

      Аты ___________________________________________________________

      Әкесінің аты(ол болған жағдайда)__________________________________

      Туылған жылы___________________________________________________

      Жеке басын куаландыратын құжаты________________________________

      Тұрғылықты мекен жайы__________________________________________

      Телефон _____________________________________________________

      Сұрақ: _____________________________________________________

      Жауап: _____________________________________________________

      ____________________________________________________________

      Сұрақ: _____________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Жауап: _____________________________________________________

      ____________________________________________________________

      Сұрақ: _____________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Жауап: _____________________________________________________

      ____________________________________________________________

      Сұрақ: _____________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Жауап: _____________________________________________________

      ____________________________________________________________

      Сауалнамаға қатысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы

      Лауазымды тұлғаның немесе комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда) және қолы

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Тексеру хаттамасы

      "__" ________ 20__ жылғы бұйрықпен тағайындалған лауазымды адам немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның 20___ "___"_____№ _, Комиссия құрамы:

      Лауазымды адам немесе

      Комиссия төрағасы:

      ____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)лауазымы)

      Комиссия мүшелері _______________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы)

      _______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)лауазымы)

      Тартылған сарапшылар: __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы)

      ____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)лауазымы)

      Тергеп-тексеру мәніне орында тексеру жүргізілді

      ___________________________________________________________________

      Тергеп-тексеру комиссиясы анықтады: ____________________________

      ______________________________________________________________

      Тергеп-тексеру кезінде зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшеулер жүргізілді:

      ______________________________________________________________

      Жүргізілген зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшеулердің нәтижелері

      қоса тіркеледі.

      Лауазымды адам немесе

      Комиссия төрағасы: __________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      .(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы)

      ___________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы)

  Халықтың санитариялық
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
тергеп-тексеру қағидаларына
5-қосымша

Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді (ИКҚК) тексеру тізімі

Тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда)

ИККК-ді дейінгі енгізілген бір немесе одан да көп вакциналардың атауы

Қандай негізделген диагноз?
(ИКҚК жағдайының диагнозы)

Диагноз жағдайдың анықтамасына сәйкес келе ме?



      Көріністерді тексеру тізіміне сәйкес барлық ақпаратты белгілеңіз

I.Басқа себептердің дәлелдері бар ма?

Иә Жоқ Бз Қм*

Косымша

Клиникалық тексеру немесе зертханалық тестілеу нәтижелері науқастың басқа себебін растай ма?




II. Вакцинамен немесе вакцинациямен белгілі себеп-салдарлық байланыс бар ма?

Вакцина(вакциналар)

Әдебиеттерде бұл вакцина (вакциналар) дұрыс енгізілсе де тіркелген ИҚҚК тудыруы мүмкін екендігі туралы деректер бар ма?




Арнайы тестілеу вакцинаның немесе оның құрамдас бөлігінің себеп-салдарлық рөлін көрсетті ме?




Иммундау кезіндегі қате

Вакцинаны тағайындау кезінде немесе оны қолдану жөніндегі ұсыныстарды сақтамау нәтижесінде қате жіберілді ме (мысалы, жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін вакцинация, сәйкес келмейтін тұлға)?




Вакцина (немесе оның құрамдас бөліктерінің кез келгені) стерильділік шарттарын бұза отырып енгізілді ме?




Вакцинаны енгізген кезде оның физикалық жағдайы (түсі, бұлттылығы, бөгде заттардың болуы және т. б.) нормаға сәйкес келмеді?




Вакцинатор вакцинаны сұйылту / дайындау кезінде қателік жіберді ме (вакцина немесе еріткіш емес, араластыру процедурасын бұзу, шприцті толтыру және т. б.)?




Вакцинамен жұмыс істеу кезінде қате жіберілді ме (тасымалдау, сақтау және/немесе иммундау кезінде суық тізбектің бұзылуы және т. б.)?




Вакцинаны енгізу кезінде қате жіберілді ме (дұрыс таңдалмаған доза немесе енгізу жолы; иненің өлшемі дұрыс емес және т. б.)?




Вакцинациядан қорқу

Вакцинацияданқорқу ИКҚКтудыруымүмкін бе? (вагус тамырларының реакциясы, гипервентиляция синдромы немесе стресске байланысты бұзылыс)




II (уақыт). II бөлімнің кез-келген сұрағына "Иә" деп жауап бергенде, жанама көрініс жоғары тәуекел кезеңімен сәйкес келді ме?

Бұл ИКҚКвакцинаны енгізгеннен кейін тиісті уақыт аралығында болды ма?




Себеп-салдарлық байланыстың жоқтығына нақты дәлелдер бар ма?




IV. Жіктеуге мүмкіндік беретін басқа факторлар

Бұл ИКҚКвакцинацияға қарамастан (аурудың негізгі деңгейі) болуы мүмкін бе?




Бұл ИКҚК басқа патологияның көрінісі болуы мүмкін бе?




Ұқсас вакцинаның алдыңғы дозасын енгізгеннен кейінұқсас ИКҚК болды ма?




ИКҚК дейін ықтимал қауіп факторы немесе уыт н әсер етті ме?




Бұл ИКҚКкез келген жіті аурудан бұрын болды ма?




Бұрын мұндай жағдай вакцинацияға қарамастан болған ба?




Науқас вакцинациядан бұрын қандай да бір дәрі қабылдаған ба?




ИКҚК берілген вакцинадан туындауы мүмкін биологиялық мүмкіндік бар ма?




      И= Ия Ж = жоқ Бз3=белгілісіз , Қм = Қолданылмайды

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

Себеп-салдар байланысын анықтау алгоритмі



  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

      1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі ________________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы__________

      3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)____________

      4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі__________________________________

      5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар_______

      6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының

      себептері мен сипаты _______________________________

      7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы .

      нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)

      .заңды тұлғалар______________________________________

      8. Қабылданған шаралар__________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады