"Ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 606 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 19 тамыздағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 тамызда № 35000 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылым саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 606 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26144 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрдің міндетін атқарушы
Т. Ешенкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады