"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы № 526/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі
№ р/c | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің атауы |
1. | Тегі |
2. | Аты |
3. | Әкесінің аты (болған жағдайда) |
4. | Тегі мен атының транскрипциясы |
5. |
Тууы туралы мәліметтер: |
6. | Ұлты |
7. | Жынысы |
8. | Отбасылық жағдайы |
9. |
Азаматтығы туралы мәліметтер: |
10. | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
11. | Портреттік бейнесі (цифрлы фотосуреті) |
12. | Қолы |
13. | Заңды мекенжайы, заңды мекенжайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні |
14. |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: |