Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 395-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 қыркүйекте № 35015 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22436 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқық иеленуші – шарт бойынша немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған жеке немесе заңды тұлғалар;";

      5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "зиянды әдеттерден бас тарту (темекі және темекі өнімдерін, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелеріне (вейптерге), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарға, темекі бұйымдарын имитациялайтын өнімдерді, психикаға белсенді әсер ететін заттар – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттарды (алкогольді, есірткіні, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, басқа да есеңгірететін заттарды) тұтыну);".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады