"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 395-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса ұсынылып отырған Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 31 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген |
Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) құқық иеленуші – шарт бойынша немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған жеке немесе заңды тұлғалар;
2) өтініш беруші – әлеуметтік жарнаманы отандық телеарналарда орналастыруға өтінімді беру құқығына ие құқық иеленуші не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ресімделген сенімхат негізінде құқық иеленушінің атынан әрекет ететін өзге тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 395-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру тәртібі
1-параграф. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру тәртібі
3. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыруды жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырылатын, салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы өз бетінше жүргізу арқылы немесе бұқаралық ақпарат құралдарына не өзге де ұйымдарға тапсырыс беру арқылы салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастырады.
5. Отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнама мынадай:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлерге сәйкес келу;
2) Қазақстан Республикасының жарнама, телерадио хабарларын тарату салаларындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келу;
3) салауатты өмір салтының келесі бағыттарына сәйкестігі:
дұрыс және тиімді тамақтану;
дене белсенділігі (денсаулықты нығайтуға арналған дене жаттығуларының кешені);
зиянды әдеттерден бас тарту (темекі және темекі өнімдерін, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелеріне (вейптерге), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарға, темекі бұйымдарын имитациялайтын өнімдерді, психикаға белсенді әсер ететін заттар – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттарды (алкогольді, есірткіні, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, басқа да есеңгірететін заттарды) тұтыну);
моральдық-эмоционалдық сала;
аурулардың алдын алу өлшемшарттары негізінде қалыптастырылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 395-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыру тәртібі
6. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыруды телеарналар осы Қағидаларда көзделген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырады.
7. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы отандық телеарналарда орналастыру үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінімді;
2) басқа жеткізгіштерге беру кезінде оның сапасының өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін сыртқы электрондық жеткізгіштерде, қазақ және орыс тілдеріндегі салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнама ролигін;
3) туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқығын растайтын құжатты ұсынады.
8. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы іріктеу мақсатында отандық телеарна үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, кәсіпкерлердің және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кемінде бес қатысушы болатын отырыс ұйымдастырады.
Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнама, егер оған отырысқа қатысып отырған қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, отандық телеарналарда орналастырылуы тиіс.
Отырысқа қатысушылардың шешімі хаттамамен ресімделеді.
9. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес құқық иеленуші мен отандық телеарна арасында жасалған шарт, сондай-ақ салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы іріктеу жөніндегі отырыс хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.
Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларына 1-қосымша |
Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлер
1. Бейне кодталған форматта беріледі: DVCPRO HD (Digital Video Cassette Professional High Definition) немесе XDCAM HD (кәсіби, лентасыз цифрлық бейнежазба үшін жоғары шешімді жазу форматы) 50 Мбит/сек, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD1080 50i (1920х1080 пиксель) стандарты кадр көлемімен, жайма типі interlaced, өрістерді құрастыру тәртібі – жоғарғы бірінші өріс (top field first), кадрлар арақатынасы 16:9. Videofileconter: MXF (Material eXchange Format), MOV (мультимедиалық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған медиаконтейнер).
2. Аудионы сүйемелдеу мынадай техникалық талаптарға сәйкес келеді:
динамикалық диапазон, кемінде 40 децибел;
жиілік диапазоны, кемінде 20 Герц-20000 Герц;
сызықты емес бұрмалануының коэффициенті, 1 %-дан көп емес;
стереофоникалық дыбысты сүйемелдеу;
студиялық жазу кезінде акустикалық реверберация ("Жаңғырық") дабылы болмайды;
сөз сөйлеу түсініктілігі 100% болады;
жазылымда бөтен дыбыстар, шу, кедергілер болмайды;
дыбыс деңгейі:
максимум - 12 децибел;
интершум - 42 децибел.
3. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманың бір ролигінің хронометражы кемінде 5 (бес) секундты құрайды.
4. Отандық телеарналарда орналастыру үшін бейнематериал FTP (File Tranfser Protocol) ақпаратты беру хаттамасы, немесе HDD (Hard Disk Drive) қатты дискілері немесе басқа цифрлық тасымалдаушылар арқылы жіберіледі.
Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім
Жалпы мәлімет:
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/атауы:
______________________________________________________________
2. Орналасқан жері:
______________________________________________________________
3. Өтініш берушінің телефоны, факс нөмірі:
______________________________________________________________
4. Тақырыптық бағыты:
______________________________________________________________
5. Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы трансляциялау кезеңінде (20___жылғы ____жартыжылдық):
______________________________________________________________
6. Құқық иеленуші болып табылатын заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
______________________________________________________________
Осы өтініммен әлеуметтік жарнаманың құқық иеленушісіне/леріне қатысты авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманың сақталуына кепілдік береміз.
Басшының/жеке кәсіпкердің қолы
Мөрдің орны (болған жағдайда) 20 __ жылғы "__"_________