Цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 533/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте № 35020 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 533/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтерін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілері үшін байланыс қызметтерін субсидиялау (бұдан әрі – байланыс қызметтерін субсидиялау) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінің байланыс қызметтерін субсидиялау шарты – уәкілетті орган мен байланыс операторы арасында жасалатын келісім;

      2) ауыл шаруашылығы өнiмi – бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикiзаты және өнiмi, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер;

      3) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      5) байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) өнеркәсіп – пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, сондай-ақ ластануды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы;

      7) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;

      8) өтінім – субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      9) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

      10) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      11) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – СМАЖ веб-порталы) – интернет желісінде орналастырылған, СМАЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      12) цифрлық шешімдер – белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын процестерді автоматтандыруды қалыптастыруға арналған қолданбалы ақпараттық жүйелер санаттарының және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық-аппараттық кешендердің жиынтығы.

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Байланыс қызметтері ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп секторының салалық сегментінің өнімділігін арттыруға ықпал ететін цифрлық (технологиялық) шешімдерді дамыту үшін цифрлық технологияларды енгізу мақсатында субсидияланады. Байланыс қызметтерін субсидиялау тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес келтіріледі.

      4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) байланыс қызметтерімен субсидиялауға жатады.

      Мынадай:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;

      3) белсенді дамып келе жатқан бизнесі бар (соңғы 6 айда салық аударымдары бар, қамауға алынбаған кәсіпорын белсенді бизнес болып табылады) субъектілердің елді мекеннен тыс жерлерде орналасқан байланыс қызметтері субсидиялауға жатады.

      5. Байланыс қызметтерін субсидиялау мерзімі 1 (бір) жылды құрайды, орындар саны ағымдағы жылға байланыс қызметтерін субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының көлеміне байланысты болады.

      6. Жыл сайын ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін уәкілетті орган СМАЖ веб-порталында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы объектілерінің және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік объектілерінің цифрлық шешімдерінің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады және жариялайды.

2-тарау. Байланыс қызметтерін субсидиялау тәртібі

1-параграф. Байланыс қызметтерін алуға өтінім беру тәртібі

      7. Алдағы жылға байланыс қызметтерін алғысы келетін субъектілердің өтінімдері СМАЖ веб-порталы арқылы жыл сайын ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйегін қоса алғанда қабылданады.

      8. Субъект уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СМАЖ веб-порталы арқылы өтінім береді.

      9. Өтінімді толтыру кезінде субъект өзі дербес және өз қаражаты үшін (инсталляциялық жұмыстар, сервистік қызмет көрсету, абоненттік төлемдер және зияткерлік және (немесе) автоматтандырылған (ақпараттық, бағдарламалық жүйелерді) сатып алуға байланысты шығыстар) қажеттіліктеріне және (немесе) функционалдық міндеттеріне қарай дамытатын тізбеден цифрлық шешімді таңдайды.

      10. СМАЖ веб-порталында өтінімге қол қойылғаннан кейін уәкілетті орган оларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және тексереді:

      1) өтінімді толтырудың дұрыстығы;

      2) түскен күні бойынша;

      3) осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын сақтау;

      4) таңдалған цифрлық шешімнің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметінің жылдамдығы.

      11. Тексеруден кейін уәкілетті орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдердің жалпы тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ресімдейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      12. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған орындар саны асып кеткен кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) қалыптастырылады.

      Бірыңғай тізілімдегі орын босатылған кезде жалпы тізілімнен байланыс қызметтерін алуға өтінім берілген күн бойынша құрылған кезектілікке сәйкес орындарды ауыстыру жүргізіледі.

2-параграф. Байланыс операторларын айқындау жөнінде конкурс өткізу тәртібі

      13. Байланыс операторын айқындау жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушы уәкілетті орган болады. Уәкілетті орган жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды конкурс басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын орналастырады.

      Уәкілетті орган конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық құжаттаманы, конкурсты өткізу мерзімдерін және конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру мерзімін бекітеді.

      14. Конкурсты уәкілетті орган байланыс қызметтерін көрсету жылының алдындағы жылдың 4-тоқсанында ашық тәсілмен өткізеді.

      Конкурсқа қатысуға байланыс операторлары жіберіледі.

      Байланыс операторы және оның үлестес тұлғасы конкурсқа бір лот бойынша қатыспайды.

      15. Уәкілетті органға байланыс операторлары ұсынатын конкурстық құжаттамада:

      1) байланыс операторының әрекет ету аймақтары бар лоттардың тізбесі;

      2) лоттарда көрсетілген қызметтердің сипаттамасы туралы техникалық ерекшелік;

      3) байланыс қызметтерін субсидиялау туралы шарттың жобасы қамтылады.

      16. Конкурстық өтінімге байланыс операторлары осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Конкурстық өтінімді байланыс операторлары мөрленген қағаз конвертте уәкілетті тұлғаның қолын, жасалған күнін және "конкурс өткізілгенге дейін ашпаңыз" деген жазуды көрсете отырып ұсынады.

      17. Конкурстық құжаттамаға қоса берілетін есептер және растайтын материалдар мынадай түрде жасалады:

      1) конкурс материалдары тігіледі, нөмірленеді және байланыс операторы басшысының қолымен куәландырылады;

      2) қаржылық құжаттарға байланыс операторының басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды.

      18. Уәкілетті орган (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмай қабылданбайды және оларды ұсынған байланыс операторларына қайтарылады.

      19. Конкурсқа қатысуға өтінім беруді байланыс операторының басшысы немесе оның өкілетті өкілі байланыс операторының атынан әрекет ету құқығын куәландыратын ресімделген сенімхатты ұсынған кезде жүзеге асырады.

      20. Байланыс операторы конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады.

      Тіркелген өтінімді кері қайтарып алған кезде байланыс операторы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.

      21. Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде конкурстық комиссияның құжаттарын береді.

      22. Конкурстық комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптарға сәйкестігін, құжаттардың толықтығына конкурстық өтінімдерді зерделейді, байланыс қызметтеріне ең төмен баға ұсынысын таңдайды және жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды.

      Конкурстық комиссияның шешімдері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

      23. Конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті орган белгілі бір аумақта қызмет көрсететін байланыс операторын айқындайды.

      Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган конкурс жеңімпазын оның конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылғаны туралы жазбаша хабардар етеді және қатысқан барлық байланыс операторларына конкурстың атауын, жеңімпазын және оның мекенжайын, конкурс жеңімпазы ұсынған субсидиялардың атауы мен мөлшерін көрсете отырып, конкурстың нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарлайды.

      24. Байланыс қызметтерін субсидиялау туралы шарт конкурс жеңімпазы хабарланғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде, бірақ байланыс қызметтерін көрсету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жасалады.

      25. Байланыс операторына субсидияларды субъектілерге байланыс қызметтерін көрсеткені үшін төлейді.

      26. Байланыс қызметтерінің бағасын уәкілетті орган байланыс операторлары ұсынған коммерциялық ұсыныстарға сәйкес айқындайды.

      Байланыс қызметінің бағасын айқындау кезінде уәкілетті орган байланыс операторларының мынадай шығындарын ескереді:

      инсталляциялық жұмыстар;

      телекоммуникациялық жабдыққа тірек орнату;

      субъектіге телекоммуникациялық жабдықты жалға пайдалануға беру;

      сервис жұмысын баптау (қолдау);

      ай сайынғы трафикпен ай сайынғы негізде 20 Гб интернет беру.

3-параграф. Байланыс қызметтерін ұсыну тәртібі

      27. Байланыс операторы клиенттік блоктың орналасқан жеріне дейін байланыс арнасын беру әдістерін дербес анықтайды.

      28. Субъект байланыс операторынан жұмыстарды қабылдау қорытындылары бойынша тиісті телекоммуникациялық жабдықты қабылдау-беру актісіне қол қояды, актіге қол қою кезінде ауданның (округтің) тиісті жергілікті атқарушы органының өкілі қатысады, ол сондай-ақ цифрлық шешімдердің жұмыс істеуін тексереді және қабылдау-беру актісіне қол қояды.

      29. Субъектілер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей байланыс операторларына цифрлық шешімді енгізу жөніндегі есепті ақпаратты ұсынады.

      30. Байланыс операторы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған байланыс қызметінің нәтижелері бойынша және субъектінің цифрлық шешімді енгізуі бойынша есепті ақпаратты ұсынады.

      Уәкілетті орган байланыс арнасының мониторингін, қажет болған жағдайда ұсынылған есептік ақпарат бойынша қосымша құжаттар мен түсіндірмелерді сұратуға құқылы.

      31. Байланыс қызметтерін субсидиялау осы Қағидалардың 1-параграфында айқындалған тәртіппен келесі күнтізбелік жылға ұзартылады:

      1) субъектінің қайта өтініш беруі;

      Субъект осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей субсидияны ұзартуға өтініш береді.

      2) субъектінің кәсіпорында цифрлық шешімдерді дамыту бойынша есептік құжаттарды тапсыруы.

      Есептік құжаттар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей беріледі. Есептерді берудің нақты мерзімдері:

      бірінші тоқсандағы есеп (қаңтар – наурыз) – ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін.

      екінші тоқсандағы есеп (сәуір – маусым) – ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін.

      үшінші тоқсандағы есеп (шілде – қыркүйек) – ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін.

      төртінші тоқсандағы есеп (қазан – желтоқсан) – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Субсидияланатын байланыс қызметтерінің тізбесі

Р/с

Байланыс қызметтерінің атауы

1.

8 Мбит/сек-қа дейінгі интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері

2.

8 Мбит/сек-тан жоғары интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері

  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы объектілерінің цифрлық шешімдерінің тізбесі

Цифрлық шешімдердің атауы

Цифрлық шешімдерді ұсынатын компаниялардың атауы

Компанияның орналасқан жері

Телефон, электрондық пошта

Цифрлық шешімнің бағасы

Цифрлық шешімдер саны
(кем емес, шт)

1.







  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өнеркәсіп объектілерінің цифрлық шешімдерінің тізбесі

Цифрлық шешімдердің атауы

Цифрлық шешімдерді ұсынатын компаниялардың атауы

Компанияның орналасқан жері

Телефон, электрондық пошта

Цифрлық шешімнің бағасы

Цифрлық шешімдер саны
(кем емес, шт)

1.







  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Байланыс қызметтерін алуға өтінім

      1. Субъект туралы мәліметтер:

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке немесе заңды тұлғаның) __________

      кәсіпорынның атауы __________________________________

      тиісті даму салалары ________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі_______________

      тіркелген заңды мекенжайы:________________________________________

      телефон нөмірі:_____________________________________

      қызмет түрі____________________________________

      2. Цифрлық шешім туралы мәлімет:

Атауы

Саны

Цифрлық шешімнің бағасы




      3. Цифрлық шешімді дамыту үшін қажетті байланыс қызметтерінің жылдамдығын таңдау.




  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Өтінімдер тізілімі

Субъектінің атауы

Орналасқан жерінің мекенжайы

Телефон, электрондық пошта

Дамытатын салалар

1.





  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Өтінімдердің бірыңғай тізілімі

Субъектінің атауы

Орналасқан жерінің мекенжайы

Телефон, электрондық пошта

Дамытатын салалар

1.





  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Байланыс қызметтерін көрсету бойынша байланыс операторын таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама

      Астана қ. _________ 20__ жыл

      Күн тәртібі: конкурс қорытындысы бойынша байланыс операторын анықтау.

      1. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілері үшін байланыс қызметтерін ұсынатын байланыс операторын айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың № _ хаттамасына (бұдан әрі – № 1 хаттама) сәйкес қатысушының ____ өтінімі ұсынылды.

      Осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия толықтығына, есептеулердің дұрыстығына, құжаттардағы барлық қолдардың болуына, сондай-ақ өтінімді тұтастай ресімдеудің дұрыстығына қаралды.

      Конкурстық комиссия құрамында:


–Комиссия төрағасы;


–Комиссия төрағасының орынбасары;


–Комиссия мүшелері;


–Комиссия хатшысы

      конкурстық өтінімді талдау қорытындысы бойынша ШЕШТІ:

      1. Қағидалардың 39-тармағына сәйкес 20__ жылға арналған № 1 лот бойынша ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілері үшін байланыс қызметтерін ұсынатын байланыс операторын айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып ____белгіленсін.

      2. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі конкурстың жеңімпазы хабарланғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей байланыс қызметтерін субсидиялау туралы шарт жасалсын.

      Конкурстық комиссияның төрағасы: ________________________

      Комиссия мүшелері: ________________________

      Конкурстық комиссияның хатшысы________________________

  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
8-қосымша

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар

Атауы

1.

конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде байланыс операторының банк (банктер) (бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын байланыс операторы) алдында мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екендігі туралы банк (банктер) мөрі қойылған бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған анықтамасының түпнұсқасы (осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады), банктің (банктердің) мөрімен (болған жағдайда) бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылады;

2.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы (тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы куәландырған электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесін;

3.

байланыс операторы көрсететін байланыс қызметтері тізбесіндегі әрбір байланыс қызметі бойынша негізделген өзіндік құнды;

4.

байланыс операторы көрсететін байланыс қызметтері тізбесіндегі әрбір қызмет бойынша нақты және болжамды көлемдерді;

5.

субсидияланатын байланыс қызметтерінің негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларының егжей-тегжейлі сипаттамасын;

6.

байланыс қызметтерін тиісінше және үздіксіз көрсетуге қажетті қолда бар ресурстар тізімі.

  Цифрлық технологияларды
енгізу мақсатында ауыл
шаруашылығы және өнеркәсіп
объектілеріндегі байланыс
қызметтерін субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Есеп беру құжаты

      1. Кәсіпорын туралы ақпарат

      1.1. Кәсіпорынның атауы:

      1.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      1.3. Тіркелген мекенжайы:

      1.4. Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке немесе заңды тұлғаның):

      1.5. Байланыс деректері:

      2. Есепті кезең

      2.1. Кезең (басталуы және аяқталуы) :

      3. Іске асырылған цифрлық шешімдер

      3.1. Шешім/жоба атауы:

      3.2. Шешімнің сипаттамасы:

      3.3. Енгізудің басталу және аяқталу күні:

      4. Қаржылық есеп.

      4.1. Қызметті енгізуге арналған шығыстардың жалпы сомасы:

      4.2. Шығыстарды баптар бойынша бөлу (мысалы, жабдық, қамтамасыз ету, қызметтер және т. б.):

      5. Қосымша мәліметтер

      5.1. Субсидиялау процесі бойынша ескертулер мен ұсынымдар:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады