БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына (Hормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
20) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"20) осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін;";
мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
"21) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес ірі коммерциялық тұтынушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін;
22) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";
21 және 22-қосымшалар осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес толықтырылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бектілген газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармағы 24) тармақшасымен толықтырылсын:
"24) ірі коммерциялық тұтынушы - өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторды және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыны қоспағанда, тауарлық газды өз қызметінде пайдалану үшін сатып алатын, Заңның 8-бабының 4-1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сай келетін заңды тұлға.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері, сұйытылған табиғи газды өндірушілер, автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелері, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғыларының және автогаз құю станцияларының иелері, тауарлық газдың өнеркәсіптік тұтынушылары, сұйытылған мұнай газдың өнеркәсіптік тұтынушылары, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлары, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылары, ірі коммерциялық тұтынушылары, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалары төмен тәуекел дәрежесінің субъектілеріне жатады";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет";
2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8 | Сұйытылған мұнай газының өндірістік объектілерін құюдың меншікті эстакадалары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу жөніндегі талаптарды сақтау | Елеулі |
";
4-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
"
9 | Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің өндірістік объектілерін құюдың эстакадалары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу жөніндегі талаптарды сақтау | Елеулі |
";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8 | Сұйытылған мұнай газының өндірістік объектілерін құюдың меншікті эстакадалары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу жөніндегі талаптарды сақтау |
";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 6-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
"
9 | Сұйытылған мұнай газының өндірістік объектілерін құюдың эстакадалары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу жөніндегі талаптарды сақтау |
";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 11-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
"
11 | Сұйытылған мұнай газын сақтауға, қотару мен құюға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілерді, инженерлік құрылысжайларды үшінші тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру жөніндегі тыйымды сақтау |
";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 14-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
"
11 | Сұйытылған мұнай газын сақтауға, қотару және құюға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілерді, инженерлік құрылысжайларды үшінші тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру жөніндегі тыйымды сақтау |
";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 19-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
"
4 | Жеткізу жоспары шеңберінде мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде сұйытылған мұнай газын пайдалану кезінде пайдаланылмаған фракцияларын тиеп-жөнелту және жеткізу жөніндегі талаптарды сақтау |
".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Ірі коммерциялық тұтынушыларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт
_______________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тауарлық газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау | ||
2 | Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау | ||
3 | Пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау | ||
4 | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар және басқа да тауарлар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газды пайдаланудың бөлек есебін жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау |
Лауазымды адам (-дар)
______________ ____________ ____________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________ ____________ ____________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
______________ ____________ ____________________________
лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт
__________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
__________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
__________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тауарлық газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау | ||
2 | Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау | ||
3 | Пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау | ||
4 | Цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау |
Лауазымды адам (-дар)
_________ _____ ______________________________________