"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35048 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесіне енгізілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импорты "Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидалары) № 1 қосымшаға сәйкес ресімделген лицензия болған кезде жүзеге асырылады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілген қызметті беруші бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес тексеруді жүзеге асырады.

      Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалымның өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру туралы не өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      10. Лицензияның иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияның орындалғаны туралы анықтама береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру Лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларына № 2 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 308 бұйрығына
1-қосымша
  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензия беру үшін көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайтын лицензиялық алым төленедi. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтiнiш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оның қосымшалары және (немесе) толықтырулары (бір реттік лицензияларға), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
4) көрсетiлетiн қызметтi алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 67 бұйрық) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында (мәліметтерде) толық емес немесе дұрыс емес ақпараттың болуы;
2) "Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11, 12 және 22-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензияны беруге (рәсімдеуге) негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын, шартты (келісімшартты) орындау салдарынан болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) импорттың сандық шектеулері ретінде импорттық квотаның, арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық немесе арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық немесе арнайы квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынуы;
7) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
8) көрсетілетін қызметті алушының № 67 бұйрықпен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
11) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
________ бастап ________ дейін

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жіберілетін ел |

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беруге
арналған өтінішке
қосымша
  Нысан

____ жылғы ____ № ____өтінішке қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы ___ парақ,
№ парақ

Өтініш берушінің уәкілетті адамы

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 308 бұйрығына
2-қосымша
  "Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтерді)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия

Уәкілетті орган

1. Лицензия №

2. Қолданылу кезеңі _________ бастап _________ дейін

3. Лицензияның типі |ИМПОРТ

4. ____ жылғы ____ № ___ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жіберілетін ел|

8. Сатушының елі

9. Келісімшарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі|

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті адам

  Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
импортына лицензияға
қосымша
  Нысан

Уәкілетті орган

жылғы ____ № ____лицензияға қосымша

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

р/с

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы _______парақ,
№ парақ

Уәкілетті адам


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады