"Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 359 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 71 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35055 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары:

      3-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші кезеңде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (аумақтық бөлімшелер) объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші кезеңде аумақтық бөлімшелер объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде аумақтық бөлімшелер талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық бөлімше осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.";

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы аумақтық бөлімшеге хабарлау

Өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы аумақтық бөлімшеге хабарлау



      ";

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова
     
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу комитеті

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады