ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралының габаритін, салмағын және (немесе) біліктік жүктемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын, автокөлік құралдарымен тасымалданатын бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру тәртібін анықтайды.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бақылаушы органдар – Қазақстан Республикасының Көлік министрлiгі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетiнің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкiлеттi орган), әкімшілік полиция және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – мемлекеттік кіріс органдары);";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) бүркемелеу автомобиль – iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Автомобиль жолдары бойынша іpi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы (бұдан әрі – ЖЖҚ) және осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына қойылатын қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын арнайы рұқсат белгiленген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында сұйық жүкті тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге бір сапарға беріледі.";
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрі – Келісім) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жүргізуші – көлік құралын басқарушы тұлға;
2) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (сертификат) – келісімге қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат;
3) тасымалдаушы (көлік операторы) – жүк тасымалына жауап беретін немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшін үшінші тарапты пайдаланатын тұлға.
2-тарау. Жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидалары
3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау постында тасымалдаушының немесе жүргізушінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінішіне сәйкес сертификат беріледі.
4. Жүк көлік құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргізіледі.
Жүк көлік құралдары өлшенетін стационарлы көліктік бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйекті ретінде танылады және көлік құралдарын қосымша өлшеуге жол берілмейді:
1) сертификатта және ілеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетілген салмақ және (немесе) габариттік өлшемдері сәйкес болмауы;
2) жүкті қоса тиеу, жартылай түсіру немесе басқа көлік құралына қайта тиеу кезінде, сондай-ақ жүкті басқа кедендік тәртіпке беру кезінде;
3) сертификатта (3-баған) көрсетілген деректердің бақылаудағы көлік құралының нақты деректерімен сәйкес болмауы;
4) көлік құралының ерекше салмақ өлшемдерінің сертификатта (8-баған) көрсетілген деректермен сәйкес болмауы.
6. Көлік құралын бақылаулық өлшеудің нәтижесі сертификаттың 10-бағанына жазылады.
7. Сертификат типографиялық әдіспен дайындалады және қорғау жүйесі бар.
Сертификаттың бланктері қатаң есепке алынатын бланкілер болып табылады.
8. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргізуші салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдары жүріп өткені үшін алым төлейді.
9. Қазақстан Республикасының аумағында сертификатты қолдану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлік құралының жүк бөлігіне рұқсат етілмеген кіруді болдырмайтын өзге де рәсім бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралының тіркелуіне байланысты емес.
3-тарау. "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
10. "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті алушы сертификатты алу үшін өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Көлік құралын өлшеуге ұсынған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 1 сағат.
12. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілгеннен кейін көлік құралын өлшеу жүзеге асырылады.
13. Көлік құралын өлшеу нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті берушімен сертификат ресімделеді және қызметкер қызмет берушіге өз қолымен тапсырады.
Сертификатты ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушымен 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағаны толтырылады.
14. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұранымды қабылдау туралы мәртебесі және көлік құралын өлшеу орны мен күнін көрсете отырып хабарлама немесе "Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
15. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
KZ | 000000 A | |||||||
Аймақ коды; | Сертификат нөмірі | |||||||
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ (КҚӨХС) | ||||||||
Көлік операторы/көлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгенге дейін толтырады | ||||||||
1. Көлік операторы (ұйымының атауы және мекенжайы, елді қоса алғанда) | Тел. № | |||||||
Факс № | ||||||||
Электронды пошта | ||||||||
2. Тасымалдау шарты №1 | CARNET TIR № (егер қолданылатын болса)2 | |||||||
3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат | ||||||||
3.1. Тіркеу нөмірі | Сүйрегіш/жүк автокөлігінің | Жартылай тіркеменің/тіркеменің | ||||||
3.2. Аспа жүйесі |
Сүйрегіш/жүк автокөлігінің |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің | ||||||
Уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері толтырады | ||||||||
4. 4. Уәкілетті өлшеу станциясы |
5. Көлік құралын өлшеу №3 | |||||||
4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік классы 4 | 6. Беру күні (күні, айы, жылы) | |||||||
7. Жүк көлік құралдарын өлшеу | ||||||||
7.2. Осьтік жүктемені өлшеу, кг мен | ||||||||
Жетекші | Жетекші емес | Дара | Қосарланған | Үш білікті | ||||
Бірінші ось | ||||||||
Екінші ось | ||||||||
Үшінші ось | ||||||||
Төртінші ось | ||||||||
Бесінші ось | ||||||||
Алтыншы ось7 | ||||||||
7.3. Көлік құралының жалпы | Сүйрегіш/жүк автокөлігі (кг) | Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг) |
Автокөлік құралының | |||||
8. Ерекше таразы сипаттамасы | ||||||||
8.1. қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға, дейін: | 8.3. Қосалқы шина саны (дана) | |||||||
8.2. қосалқы отын багін толтырғанға дейін: | 8.4. Өлшеу кезінде автокөлік ішіндегі адамдар саны ________ | |||||||
8.5. Көтерілетін остін бары | ||||||||
Осымен мәлімдеймін, жоғарыда көрсетілген өлшеу төмендегі қол қойғандармен уәкілетті өлшеу станциясында өлшеніп және мүлтіксіз болып табылады | Қолы | |||||||
Өлшеу станция қызметкерінің тегі және жеке коды | Мөр |
____________________
1 мысалы: жүкқұжаты CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2-парақтың қосымшасына қарау
4 Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының ұсынысына сәйкес
5 Халықаралық келісімдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін бекітілген максималды рұқсат етілген габариттер көрсеткіштер, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етілген салмақ
6 суреттік схема бойынша көлік құралының код типі, мысалы А2 немесе A2S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. "Қосымша" параграфта көрсету қажет.
9. Уәкілетті өлшеу станциясының қызметкері/автокөлік құралының жүргізушісі көлік құралын өлшенгеннен кейін толтырады | |||
Мен мәлімдеймін, мыналарды: | |||
Күні |
Жүргізуші тегі/жүк көлік құралының | Күні | |
Ескертпе (егер болса) | |||
10. Ерекше өлшеу жағдайында (бақылау кезінде) өлшеу станция қызметкерімен толтырылады (3, 7, 8)8 | |||
Өлшеу станциясы _______________________________________________________________ (код, атауы және мекен-жай, елді қоса) | |||
Күні | Өлшеу станция қызметкерінің фамилиясы |
Қолы | |
Ерекше өлшеу (бақылау кезінде) нәтижесі және себебі | |||
Соңғы (бақылаулық) өлшеудің себебі мен нәтижесі | |||
Автокөлік құралын өлшеудің кодтың нөмірі үш элементті деректерден тұрады, дефиспен жалғанған | |||
(1) Мемлекет коды (1968 жылғы БҰҰ жол қозғалыс Конвенциясына сәйкес) | |||
Армения | ARM | Молдова | MD |
Әзербайжан | AZ | Ресей | RUS |
Беларусь | BY | Тәжікстан | TJ |
Грузия | GE | Түрікменстан | TM |
Қазақстан | KZ | Өзбекстан | UZ |
Қырғызстан | KS | Украина | UA |
(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіретін қос мәнді код | |||
(3) Жекеше өлшеуді сәйкестендіретін (ең аз болғанда), бестаңбалы код |
Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерінің шекара өтулерінде автокөлік құралдары қайта өлшенбейді.
8Осы баған екі жақтың құзыретті мекемелерімен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшін, сонымен қатар көлік операторы іс-әрекеті кезінде қателік жіберген кезде толтырылады.
Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алу үшін өтініш
1. Көлiк операторының атауы (толық мекенжайы, елiн қоса алғанда) | |||
Тел. № | |||
| |||
Электрондық пошта | |||
2. Тасымалдау шартының №1 | CARNET TIR № (егер қолданылса) 2 | ||
3. Жүк автокөлік құралы туралы ақпарат | |||
3.1. Тіркеу нөмірі | Сүйрегіш/жүк автокөлігінің | Жартылай тіркеменің/тіркеменің | |
3.2. Аспа жүйесі |
Сүйрегіш/жүк автокөлігінің |
Жартылай тіркеменің/тіркеменің |
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болса)
______________________________________________________
(қысқартусыз көрсету)
Менің дербес деректерімді Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________________________
(Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________) жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге ақпараттық жүйелерде қамтылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беруге келісім беремін.
Ақпараттық жүйеде бар, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы____________________ 20 ____ жылғы "____" _____________
"Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Көрсетілетін қызметті беруші; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Бір жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты немесе осы мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптары тізбесінің 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз. |
8 | Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында www. gov. kz, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде Министрліктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: kense. kattk@ tra nspo rt. gov. kz, (8-7172) 98-37-53 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Көлік министрінің блогына "Қазақстан Республикасы Көлік министрінің блогы" парағы) орналасқан. |
"Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетiнiң аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілдері | Барлық кіші түрлері "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Арнайы рұқсат беру – құжаттарды қарастыру нәтижелері туралы хабарламаны беру: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Барлық кіші түрлері электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден өндірілетін төлем мөлшері және оны өндірудің Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген тәсілдері |
1) Арнайы рұқсат беру: |
8 | Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы. |
10 | Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар |
1) Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: Министрліктің – www. gov. kz "Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімде; |