"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 қыркүйекте № 35077 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат мыналарды:

      1) Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін, Қорға келіп түскен қаражаттың 50 %-нан (елу пайызынан) аспайтын қаражатты;

      2) Қор республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жіберетін қаражатты;

      3) Қор жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды қаржыландыруға жіберетін қаражатты қоспағанда, 100 % (бір жүз пайыз) мөлшерде таза кірісті бөлу түрінде Ұлттық қорға аударылады.

      Осы тармаққа сәйкес жіберілетін Қор қаражатының мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражатты Ұлттық қорға жіберу түсімдер сомасының 100% (бір жүз пайызын) құрайды. Қор тобы Ұлттық қорға аударатын қаражаттың мөлшері:

      1) Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық Қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) Заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін қаражат;

      2) Қор республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жіберетін қаражат;

      3) Қор жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды қаржыландыруға жіберетін қаражат сомасының 50% (елу пайызына) дейін азайтылуы мүмкін.

      Осы тармаққа сәйкес жіберілетін Қор қаражатының мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражаттың мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.";

      8-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады