Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 мамырда № 32634 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларында айқындалған тізбелер (бұдан әрі – тізбелер) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін (бұдан әрі – компаниялардың активтері) бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) мемлекет тікелей қатысатын компаниялар – Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган мемлекеттің атынан жалғыз акционері болып табылатын компаниялар;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі

      3. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу мемлекет тікелей қатысатын компанияның жалғыз акционерінің шешімі негізінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден және (немесе) жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда, мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлу түрінде және 100 % (жүз пайыз) мөлшерде жүзеге асырылады.

      4. Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат мыналарды:

      1) Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін, Қорға келіп түскен қаражаттың 50 %-нан (елу пайызынан) аспайтын қаражатты;

      2) Қор республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жіберетін қаражатты қоспағанда, 100 % (бір жүз пайыз) мөлшерде таза кірісті бөлу түрінде Ұлттық қорға аударылады.

      Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеу, борыштық міндеттемелерді өтеу және (немесе) Заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін жіберілетін, активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен қаражаттың мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2023 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ұлттық қорға Қор тобы жіберетін қаражат акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.

      Активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер (Қорды қоспағанда), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.

      6. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бесінші айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:

      1) әрбір ұйым бөлінісінде, оның ішінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың өздерінің активтерін сатудан түскен іс жүзіндегі түсімдерінің мөлшері туралы есепті кезеңдегі ақпаратты;

      2) егер актив қаражатты бөліп төлеу шартымен сатылған болса, тізбелерде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат түсімдерінің кестелерін ұсынады.

      7. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер ретінде Ұлттық қорға аударатын қаражат Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша жалғыз акционердің шешімі негізінде қолма қол ақшасыз нысанда аударылады.

      8. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуге жолдайтын қаражат мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың директорлар кеңесінің шешімі негізінде облигацияларды шығару проспектісінің шарттарына сәйкес аударылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады