"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 763 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11982 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 358 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы " " № бұйрығымен бекітілген |
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Халықты құлақтандыру үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану ағымдағы теле-, радиобағдарламалардың трансляциясын қармай отырып, телерадио хабарларын тарату желілері мен арналары арқылы бейне, мәтіндік және сөйлеу хабарларын беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты құлақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалана отырып, халықты құлақтандыруды:
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
3) "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалатын жергілікті жердің коменданты жүзеге асырады.
4. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, барлық телерадиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары үшін міндетті болып табылады.
2-тарау. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі
5. Халықты құлақтандыру үшін теле-, радиобағдарламалардың трансляциясы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның теле-, радиобағдарламалардың трансляциясын қармаудың техникалық құралдарымен жарақтандырылған жедел кезекшілерінің жұмыс орындарынан қармалады.
6. Шұғыл ден қоюды талап ететін табиғи, техногендік және/немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыру үшін уәкілетті органдар телерадио хабарларын тарату операторларына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнгені туралы, сондай-ақ қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы бейнероликтер, мәтіндік және сөйлеу хабарламалары бар ақпарат тасығыштарды береді.
7. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларымен бірлесіп тоқсанына кемінде бір рет техникалық құралдардың трансляцияларды қармау әзірлігін тексереді.
8. Телерадио хабарларын тарату операторлары трансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды қармау бойынша техникалық құралдарды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын құлақтандыру жүйелерімен ұштастырады.