"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35106 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында:

      4-қосымшада:

      жол:

      "

177

Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

177

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар

      ";

      Күдікті операцияны айқындау белгілерінде:

      жол:

      "

125

1122

Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен жаңа қатынастар орнату, сондай-ақ сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну (ВАҚҰ) және/немесе активтерді қосымша операцияларсыз не олар шотта пайда болғаннан кейін ең қысқа мерзімде шығару кезінде ірі бастапқы депозитті енгізу бойынша операциялар

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

125

1122

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалармен жаңа қатынас орнату, сондай-ақ сомасы клиенттің бейініне сәйкес келмейтін ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке цифрлық активтерді айырбастау бойынша қызметтер ұсыну (ВАҚҰ) және/немесе активтерді қосымша операцияларсыз не олар шотта пайда болғаннан кейін ең қысқа мерзімде шығару кезінде ірі бастапқы депозитті енгізу бойынша операциялар

      ";

      жол:

      "

127

1124

Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

127

1124

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар белгілеген, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке (ВАҚҰ) саудаға және қаражатты шешіп алуға айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну, оның ішінде санкция салынған елдердегі немесе аумақтардағы сенімсіз IP-мекенжайлар немесе күдікті IP-мекенжайлар шектеулерінен жалтару мақсатында түрлі аттармен бірнеше шот ашу

      ";

      14-тармақта:

      "

14. Аудит және бухгалтер қызмет көрсету кезінде

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15. Аудит және бухгалтер қызмет көрсету кезінде

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады