"ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35109 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 152-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 458 бұйрығымен
бекітілген

"ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 152-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тәртіпті айқындайды.

      2. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі (бұдан әрі – ҚАЗТЕСТ тестілеуі) шеңберіндегі рәсімдерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі – Орталық) қамтамасыз етіледі.

      3. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) тестілеу өткізу;

      2) тестілеу нәтижелерін беру;

      3) апелляцияға өтініштерді қарау.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Айтылым – әр деңгейге сәйкес әзірленген тапсырмалар бойынша ойын жүйелі, сауатты жеткізуге бағытталған тестілеу блогы;

      2) Анықтама – шекті белгіленген мәннен төмен балл алғанда берілетін тестілеу нәтижесінің көрсеткіштерін растайтын құжат;

      3) Апелляция – ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін нәтижемен келіспегенде жүзеге асатын рәсімдердің түрі.

      4) Аудитория кезекшісі – ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу уақытында белгіленген аудиторияда тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне жауапты Орталық қызметкері;

      5) Бөгде тұлға – тестілеуге кіргізу барысында немесе тестілеу кезінде үшінші тұлғаның орнына қатысуға әрекет жасайтын, тестілеу барысында басқа адаммен тестілеу материалдарын алмастырып ереже бұзатын адам;

      6) Диагностикалық тестілеу – жеке тұлғаларға тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жазылған, тест нәтижелері көрсетілген анықтама түрінде немесе заңды тұлғаларға тестілеу нәтижелерінің тізімі түрінде берілетін қазақ тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тестілеу түрі;

      7) Жазылым – әр деңгейге сәйкес әзірленген тапсырмалар бойынша сауатты жазу дағдыларын бағалауға бағытталған тестілеу блогы;

      8) Жауап парағы – қағаз форматта тестіленуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;

      9) Жеке көмекші – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар тұлғаларға) тестіленушілерге тестілеуден өту кезінде көмектесетін, қазақ филологиясы саласының маманы болып табылмайтын тұлға;

      10) Жергілікті жауапты тұлға – тестілеу өткізілетін мекеме немесе өңірлердегі тестілеуді ұйымдастыруға жауапты қызметкер;

      11) Қағаз форматтағы ҚАЗТЕСТ тестілеуі – әрбір тестіленушіге сұрақ кітапшасын, жазба жұмыс дәптерін, ауызша орындалатын тапсырма парағын және жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;

      12) Оқылым – әрбір деңгейдің лексикалық қорына сәйкес мәтін мазмұны бойынша әзірленген тест тапсырмаларын түсініп, қабылдауға бағытталған тестілеу блогы;

      13) Орталық бағдарламашысы – лауазымдық міндеттеріне сәйкес тестілеу нәтижелерін өңдейтін Орталық қызметкері;

      14) Орталық өкілі – лауазымдық міндеттеріне сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау үшін диагностикалық және сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын үйлестіретін қызметкер;

      15) Сертификат – қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергенін растайтын сертификаттық тестілеу нәтижесінің көрсеткішін қамтитын құжат;

      16) Сертификаттық тестілеу – Орталықтың сертификат беруі арқылы анықталған деңгейді бағалауға және растауға бағытталған тестілеу түрі;

      17) Сұрақ кітапшасы – тестіленушілерге оларды отырғызғаннан кейін берілетін белгілі бір нұсқасы бар Тыңдалым, Оқылым блоктары бойынша тест тапсырмалары жинақталған материал;

      18) Тапсырыс беруші – тестілеуді өткізуге бастама танытқан заңды тұлға;

      19) Тестілеу әкімшісі – электронды форматтағы ҚАЗТЕСТ-те тәртіп сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын жауапты тұлға;

      20) Тестілеу нәтижелерінің тізімі – тестіленушілердің тізімі мен олардың нәтижелері бойынша заңды тұлғаларға әліпбилік тәртіппен Орталық беретін ресми құжат;

      21) Тест тапсырмасы – тестіленушінің Тыңдалым және Оқылым блоктарымен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін айқындауға және құрылымын бағалауға мүмкіндік беретін өспелі күрделілігі сақталатын және ерекше нысандағы тапсырмалар жүйесі;

      22) Тыңдалым – әрбір деңгейдің лексикалық қорына сәйкес диалог, монолог және түрлі мазмұндағы мәтіндерден тұратын аудиомәтіндер және тест тапсырмалары арқылы тыңдап, түсінуге бағытталған тестілеу блогы;

      23) Электронды сертификат – тестіленушінің жеке кабинетінде көрсетілетін, ҚАЗТЕСТ балдарын ресми растайтын тестіленушінің бірегей деректері бар электронды құжат.

2-тарау. ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу тәртібі

      5. ҚАЗТЕСТ тестілеуінің екі түрі бар: диагностикалық және сертификаттық. ҚАЗТЕСТ тестілеуі қағаз немесе электронды форматта өткізіледі.

      6. Диагностикалық тестілеу ұзақтығы – 1 сағат 10 минут. Диагностикалық тестілеу 60 сұрақтан тұратын келесі блоктарды қамтиды:

      Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);

      Оқылым – 40 тапсырма (50 минут).

      Сертификаттық тестілеу ұзақтығы – 2 сағат 7 минутты құрайды. Сертификаттық тестілеу Тыңдалым, Оқылым блоктары бойынша 60 тест тапсырмасынан, Жазылым блогы бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және Айтылым блогы бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады:

      Тыңдалым – 20 тапсырма (20 минут);

      Оқылым – 40 тапсырма (50 минут);

      Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);

      Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).

      7. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша азаматтарға тестілеу өткізудің кестесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өткізу кестесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жасалады.

      8. Астана қаласында жеке тұлғалар үшін ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізілетін орынды Орталық белгілейді, заңды тұлғалар үшін (тестілеу аудиториялары бар болғанда) – шақырушы тараптың ғимаратында, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда – тапсырыс берушінің базасында өтеді.

      9. ҚАЗТЕСТ тестілеуіне өтініш беру:

      1) app.testcenter.kz интернет ресурсы арқылы өтініш беру (жеке тұлғалар үшін);

      2) Орталық кеңсесіне ресми хат жолдау (заңды тұлғалар үшін) арқылы жүзеге асырылады.

      10. ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтетін аудиторияға жеке азаматтар өтініштерінің негізінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты) кіргізіледі. Жеке тұлғалар екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қызмет ақысын төлесе, қызмет төлемақысын растайтын құжатты (түпнұсқасын) ұсынады, онлайн төлем кезінде тапсырыс нөмірі көрсетілген онлайн түбіртек ұсынады.

      11. Заңды тұлғалар (өз қызметкерлеріне тестілеу өткізуге бастама танытқан заңды тұлға) өтінімдер негізінде және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуді өткізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы Орталықпен жасасқан шарты негізінде тестілеуге кіргізіледі.

      12. ҚАЗТЕСТ тестілеуіне кіргізу барысында тестіленушінің орнына бөгде тұлғаның кіргені анықталса, Орталық өкілі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт" толтырады және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін тестілеуден шеттетіледі.

      13. ҚАЗТЕСТ тестілеуіне кіргізу барысында Орталық өкілі ғимаратқа және аудиторияға оқу-әдістемелік әдебиеттердің, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар), шпаргалкалардың кіргізілуіне және қолданылуына жол бермеуді жүзеге асырады.

      Тестіленушілер және жеке көмекші (ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін) көрсетілген заттарды арнайы ұяшықтарда (шкафтарда) немесе арнайы дайындалған аймақта (орында) қалдырады.

      Облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда тестіленушілердің заттарын қоюға арналған ұяшықтармен (шкафтармен) тапсырыс беруші қамтамасыз етеді.

      14. Тестіленуші жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өткеннен кейін тестілеу өткізуге арналған аудиторияға кіреді.

      ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтетін Орталық ғимаратына кіргізу тестіленушінің бет-әлпетінің көлемдік-кеңістіктік пішінін сканерлеу арқылы жүзеге асатын жеке басын сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізіледі.

1-параграф. Қағаз форматта ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу тәртібі

      15. Орталық өкілі тестіленушілерді отырғызғаннан кейін:

      1) тестілеу материалдарымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіреді;

      2) тестіленушілерге жазба жұмыс материалын таратады;

      3) тестіленушілерге жауап парақтарын таратады;

      4) жауап парағының қызметтік секторлары толтырылған соң тестіленушілерге тест тапсырмалары бар сұрақ кітапшаларын таратады.

      16. Тестілеуге кіргізу тестілеу уақыты хабарланғаннан кейін тоқтатылады.

      17. Тестілеу өткізу барысында:

      1) аудиториядан Орталық өкілінің рұқсатынсыз шығуға;

      2) сөйлесуге;

      3) бір орыннан екінші орынға ауысуға;

      4) тестілеу материалдарымен алмасуға;

      5) тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;

      6) тестілеу материалдарын (жауап парақтарын, сұрақ кітапшаларын, Айтылым блогының тапсырма парақтары мен Жазылым блогының жазба жұмыс дәптерін) умаждауға, жыртуға және корректор сұйықтығын қолдануға;

      7) жауап парағын бүлдіруге;

      8) тестілеу алдында және тестілеу кезінде шулауға рұқсат етілмейді.

      Тестіленушілерге Орталық өкілінің рұқсатымен тестілеу аяқталғанша аудиториядан кезекпен 5-10 минуттан артық емес уақытқа шығуға рұқсат беріледі.

      Тыңдалым блогы бойынша аудиоматериал дыбысталуы кезінде аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.

      18. ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу барысында тестіленушілердің өзара материал алмасуы анықталса немесе бөгде тұлға табылса, Орталық өкілі бөгде тұлғаның қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы немесе материал алмасуды жүзеге асыратын тұлғалардың анықталуы туралы актісін" толтырады. Тестіленуші аудиториядан шығарылады және ағымдағы жылдың соңына дейін ҚАЗТЕСТ тестілеуінен шеттетіледі.

      19. Тестіленушіде осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттар табылса, сондай-ақ тестіленуші осы Қағидалардың 13-тармағын бұзған жағдайда Орталық өкілі аудитория кезекшісімен бірге тестіленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Аудиторияда тыйым салынған заттардың анықталуы және "ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалардың" тәртіп сақтау ережесін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт" толтырады. ҚАЗТЕСТ тестілеуі нәтижелері өңделмейді және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін ҚАЗТЕСТ тестілеуінен шеттетіледі.

      20. Тестілеу уақыты аяқталған соң тестіленуші тестілеу материалдарын өткізуден бас тартқанда Орталық өкілі жергілікті жауапты тұлғамен бірге тестіленушінің қатысуымен осы Қағидалардға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тестілеу уақыты аяқталған соң тестілеу материалдарын уақытылы тапсырмау фактісі туралы акт" толтырады. Тестілеу нәтижелері өңделмейді және тестіленуші ағымдағы жылдың соңына дейін тестілеуден шеттетіледі.

      21. Орталық өкілі жауап парағы мен сұрақ кітапшасын қабылдағаннан кейін тестіленуші аудиториядан шығады және Айтылым блогын тапсыру үшін алдын ала дайындалған аудиторияға барады. Айтылым блогында әр тестіленушінің жауабы дыбыс жазу құрылғысына (диктофонға) жазылады. Айтылым блогына дайындыққа 3 минут беріледі және тестіленушінің ауызша жауабы түрінде жүзеге асырылады.

      22 ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтуге өтінімде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар жеке көмекшінің немесе ымдау тілі маманының қызметтерін пайдаланатындығын көрсетеді. Бұл ретте тестіленушіге 40 (қырық) минут қосымша уақыт беріледі.

      Тестілеуден өту кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтамамен расталған есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектерге, сондай-ақ жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге қазақ филологиясы саласында білімі жоқ жеке көмекші немесе ымдау тілі маманы көмек көрсетеді.

      23. Диагностикалық тестілеу аяқталғаннан кейін пайдаланылған сұрақ кітапшаларын Орталық өкілі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуде пайдаланылған сұрақ кітапшаларын жою туралы акт" толтырады және пайдаланылған сұрақ кітапшаларын өртеу немесе механикалық ұсақтауыш арқылы жояды.

2-параграф. Электронды форматта ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу тәртібі

      24. Электронды форматтағы ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізу кезінде тестілеу әкімшісі тестіленушілерді аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) бір-бірден кіргізеді.

      Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестіленуші аудиторияда отырғызу орнына сәйкес орынға жайғасады.

      25. Тестілеуді бастау үшін тестіленушіге:

      1) тестілеу түрін таңдау;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) енгізу;

      3) компьютерде орнатылған фронталды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасы (биометрия) арқылы авторизациялаудан өту;

      4) мүмкін болған жағдайда авторизацияны тестілеу әкімшісі ұсынатын логин мен парольді енгізу арқылы жүргізу;

      5) деректердің дұрыстығын растау;

      6) ағымдағы тестілеу қағидаларымен танысу;

      7) тестілеу қағидаларымен танысуды растау;

      8) "Тестілеуді бастау" батырмасын басу қажет.

      26. Электронды форматта тапсырмаларды орындау кез келген блоктан басталады.

      Электронды тестілеу кезінде тестіленушінің қалауы бойынша жауап беру қиын болғанда тестіленушіге сұрақтарды өткізіп жіберуге және келесі сұраққа өтуге, кейін өткізіп алған сұраққа оралуға, жіберіп алған сұрақтарға жауап беруге және тестілеу аяқталғанға дейін жауаптарды өзгертуге мүмкіндік береді.

      Жазылым блогында тестіленушіге 2 тапсырма (сурет, эссе) беріледі.

      Айтылым блогында тестіленушіге 2 тапсырма (сұрақ-жауап, әртүрлі тақырыптағы мәселені шешу бойынша тапсырма) беріледі және тестіленуші жауабының аудиожазбасы жүргізіледі.

3-тарау. ҚАЗТЕСТ тестілеуінің нәтижесін беру тәртібі

      27. ҚАЗТЕСТ тестілеуінде Тыңдалым және Оқылым блоктары бойынша ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тест тапсырмалары пайдаланылады. Жабық үлгідегі ҚАЗТЕСТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады: бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда бір балл беріледі, бір немесе бірнеше дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады. Сертификаттық тестілеуде Жазылым және Айтылым блоктары тексеруші-сарапшылармен Орталық басшысының бекітілген бағалау өлшемшарттарына сәйкес бағаланады.

      28. Жазылым және Айтылым блоктарын тексеру үшін тексеруші-сарапшылар Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жоғары білікті оқытушылары, лингвистері және әдіскерлері, "педагог-шебер" біліктілік санаты бар орта білім беру ұйымдарының оқытушылары арасынан іріктеліп алынады.

      29. ҚАЗТЕСТ тестіленуінің нәтижелерін өндеуді Орталық жүргізеді.

      30. Астана қаласында өткізілген диагностикалық және сертификаттық тестілеулердің нәтижелері жеке және заңды тұлғалар үшін тестілеу аяқталған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде және облыстар мен Алматы, Шымкент қалалары үшін тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      31. Диагностикалық тестілеу нәтижесі жеке тұлғаларға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес анықтама (тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген (бар болған жағдайда) түрінде, ал заңды тұлғаларға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің тізімі түрінде ұсынылады.

      32. Сертификаттық тестілеу нәтижесі жеке тұлғаларға деңгейді растағанда осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес (тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген (бар болған жағдайда) сертификат, ал деңгейді растамағанда осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әр блоктан жинақтаған балл саны көрсетілген анықтама түрінде беріледі. Заңды тұлғаларға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің тізімі ұсынылады.

      33. Тестіленуші белгілі бір деңгейдің сертификатын алу үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес әр блок бойынша дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығындағы пайыздық шекті балын жинау қажет. Бұл ретте Жазылым және Айтылым блоктарының максималды балы 50 балл болып табылады.

      34. Жеке тұлғаларға диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижелерін app.testcenter.kz интернет ресурсындағы жеке кабинеті арқылы жүктеп алу мүмкіндігі беріледі. Орталық электронды сертификатты осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес үлгіде қалыптастырады.

      35. Заңды тұлғаларға диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижелерінің тізімдерін Орталық электронды құжат айналым жүйесі арқылы немесе пошта қызметі арқылы жолдайды.

      36. Орталық ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша электронды форматтағы сертификатты ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өткеннен кейінгі 15 жұмыс күн ішінде ұсынады.

      37. Сертификаттың түпнұсқалығын тексеру certificate.testcenter.kz ресми сайтында онлайн жүзеге асырылады. Сертификатты іздеу "Тестілеу түрі – QAZTEST", "Тапсырған жылын" таңдау, "ЖСН" және "ТЖК" (тестіленушінің жеке коды) енгізу арқылы жүргізіледі.

      38. ҚАЗТЕСТ тестілеуінің нәтижелері мен электронды сертификат app.testcenter.kz интернет сайтында тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді. Тестіленушіге осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес электронды сертификаттың толық сипаттамасымен танысу мүмкіндігі беріледі.

      39. Сертификат тестіленушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатына сәйкес толтырылады.

      40. Сертификатта әр блок бойынша алынған ҚАЗТЕСТ балдары бойынша деректері және осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес сертификаттың оң жағындағы төменгі бұрышында сертификаттың берілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

      QR-коды бар ҚАЗТЕСТ сертификатының берілген күннен бастап жарамдылық мерзімі – 2 (екі) жыл.

4-тарау. Апелляцияға өтініштерді қарау тәртібі

      41. Бірыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестіленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) құрылады.

      42. Апелляциялық комиссияның төрағасы (бұдан әрі – Төраға) мен құрамын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті бекітеді.

      43. Апелляциялық комиссия саны кемінде бес адам болатын қазақ филологиясы саласында еңбек қызметін жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлар-оқытушылар құрамынан қалыптастырылады.

      44. Қағаз және электронды форматтағы тестілеуде апелляцияға өтінішті тестіленуші тестілеу нәтижесін алғаннан кейін әрбір тест тапсырмасы бойынша негіздемені көрсете отырып, 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша app.testcenter.kz интернет ресурсындағы жеке кабинеті арқылы береді.

      45. Апелляцияға келіп түскен өтініштерді Апелляциялық комиссия күнтізбелік 28 күн ішінде қарастырады және нәтижесі тестіленушінің жеке кабинетіне жолданады.

      46. Апелляциялық комиссияның шешімі қайта қарастыруға жатпайды және түпкілікті болып табылады.

      Апелляциялық комиссияның жұмысы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Төрағаның және комиссия мүшелерінің қолдары қойылған апелляциялық комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

      Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға берілген барлық өтініштер бойынша осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер тізілімін (тест тапсырмаларының мазмұны) толтырады.

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

  БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
Ұлттық тестілеу орталығының
директоры
_______ ___________________
қолы Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда)
М.О.
___________________________
(күні, айы, жылы)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ғимаратында ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша азаматтарға тестілеу өткізудің ____ жылға арналған кестесі

Тестілеу түрі

Апта күндері

Тестілеу уақыты

Тестілеу өтетін аудитория

Сертификаттық

дүйсенбі



сәрсенбі

жұма

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
2-қосымша

      Нысан

  БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
Ұлттық тестілеу орталығының
директоры
_______ ____________________
қолы Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда)
М.О.
____________________________
(күні, айы, жылы)

202_ жылы өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өткізу кестесі

Облыстың / қаланың атауы Тестілеуді өткізу айы Тестілеуге қатысушылардың саны (адам)

1


Сәуір


2



5


Мамыр


6



8


Маусым


9





Шілде







Тамыз







Қыркүйек







 
Қазан







 
Қараша


1



Барлығы


  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
3-қосымша

      Нысан

Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

      Күні "_____" ________________ 20 ____ жыл

      Уақыты ______с. _______ мин.

      Орталық өкілі _____________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификаттық

      тестілеу өткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына кіру кезінде тестіленуші

      ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және ЖСН)

      орнына бөгде тұлғаның

      ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және ЖСН)

      кіру дерегі анықталды.

      Аталған деректі ескере отырып, тестіленуші:

      ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және ЖСН)

      № ____аудиторияға тест тапсыру үшін кіргізбеу туралы шешім қабылданды.

      Актімен таныстырылды:

М.О.

__________________________________________________
Аудитория кезекшісі (қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
____________________________________________________
(тестіленуші/бөгде тұлғаның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
4-қосымша

      Нысан

Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы немесе материал алмасуды жүзеге асырған тұлғалардың анықталуы туралы акт

      Күні "_____" ________________ 20 ____ жыл

      Уақыты ______с. _______ мин.

      Орталық өкілі _________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификаттық

      тестілеу өткізілетін білім беру ұйымының ғимаратында тестілеу тапсыру кезінде

      тестіленуші _____________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және ЖСН)

      орнына _________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) және ЖСН)

      тестілеу тапсыру немесе материал алмасу (қажеттісін сызу) дерегі анықталды.

      Аталған деректі ескере отырып, тестіленуші

      ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә (бар болған жағдайда) және ЖСН)

      тестілеу материалдарын тәркілеу, № ____аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

      Актімен таныстырылды:

М.О.

____________________________________________
Аудитория кезекшісінің (қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________
(тестіленуші/бөгде тұлғаның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
5-қосымша
  Нысан

Аудиторияда тыйым салынған заттардың анықталуы және "ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалардың" тәртіп сақтау ережесін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт

      _______________________________________________________________

      (код)             (тапсырыс беруші мекеменің атауы)

      "___" _____________ 202_ жыл _______ сағат ______минут

      Орталық өкілі __________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Тестілеу уақытында тестіленушіден:

      Тестілеу уақытында: №_____ аудиторияның, №_____ орнында отырған

      тестіленуші______________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда, ЖСН_________ нұсқа №_______

      "ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалардың"

      12-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды

      ___________________________________________________

      (табылған заттың атауы (маркасы, саны)

      Аталған деректі ескере отырып тестілеу материалын тәркілеу;

      тестіленуші: ___________________________, ЖСН________, № _______

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

      _______________________________________________________________

      (осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)

      Актімен таныстырылды:

М.О.

________________________________________________
Аудитория кезекшісі (қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)____________________________________________
(тестіленуші/бөгде тұлғаның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
6-қосымша

      Нысан

Тестілеу уақыты аяқталған соң тестілеу материалдарын уақытылы тапсырмау фактісі туралы акт

      Құрылымдық бөлімше __________________________________________

      (атауы)

      "_____" __________________ 20 _____жыл ________сағат ________ минут

      Орталық өкілі __________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Тестіленуші: __________________________________________________,

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ЖСН ______________________, № ____аудитория, № ____ орын, № ______ нұсқа, тестілеуге берілген уақыт аяқталуына байланысты тестілеу материалдарын өз уақытында тапсырудан бас тартты. "ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидалардың" 20-тармағының бұзылғандығы болып есептеледі.

      Осы фактіні ескере отырып, тестілеу материалын тәркілеу, № __________аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім шығарылды:

      _______________________________________________________________

      (осы актіні жасаған тұлғалардың қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Актімен таныстырылды:

М.О.

_________________________________________________
(тестіленушінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
7-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуде пайдаланылған сұрақ кітапшаларын жою туралы № _____ акт

      "___"__________ 20__ жыл

________________________________________________ (тапсырыс берген мекеме атауы)

      Сұрақ кітапшасын жою процесіне қатысқан тұлғалар:

      _______________________________________________________________

      (Тапсырыс берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Құрамы:

      1._______________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      2._______________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ҚАЗТЕСТ жүйесінің сұрақ кітапшаларын жою туралы келесі актіні рәсімдеді:

Лек нөмірі Тестілеуге берілген сұрақ кітапшаларының саны Жойылған сұрақ кітапшаларының саны
1

2

3

      Сұрақ кітапшаларын жою жолдары:

      ____________________________________________________________

      (жою тәсілін көрсету: - механикалық ұсақтағыш немесе өртеу)

      _______________________________________________________________

      (жойылған орынды көрсету)

      Жою процесіне қатысқан тұлғалар:

      __________________________________________________________

      (Тапсырыс беруші мекеменің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Құрамы:

      1._______________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      2._______________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
8-қосымша

      Нысан

Отырғызу парағы ______________________________________________________________ (тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)

      Күні "_____"__________ 20 ____ жыл

Тестілеуге кіргізу уақыты:
(бағдарламалық қамтамасыз етуден)

Тестілеу басталды: ____ сағ. ____ мин.

Тестілеудің басталу уақыты:
(бағдарламалық қамтамасыз етуден)

Тестілеу аяқталды: ____ сағ. _____ мин.

ЖСН

Тестіленушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тестілеу бағдарламасына кіру логині (қажет болған жағдайда)

Тестілеу бағдарламасына кіру паролі (қажет болған жағдайда)

Аудитория нөмірі

Орын нөмірі

Тестіленушінің қолы

Ескертпе



















Тестіленушілердің жалпы саны:

"Ескертпе" бағаны төмендегі мәнді қабылдайды: "келмеді", "жіберілмеді", "денсаулығына немесе басқа да объективті себептерге байланысты тестілеуді аяқтамады", "шығарылды" және/немесе "орны ауыстырылған тестіленушінің аудиториясы, орны және уақыты".

Тестіленушілерді отырғызу парағы бойынша отырғызуға, тестілеу материалдарын таратуға және тест тапсырмаларымен байланысты ақпаратты жарияламауға жауаптымын.

Отырғызу парағын жүктеу күні мен уақыты:
(бағдарламалық қамтамасыз етуден)

 
М.О.

__________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
9-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің диагностикалық тестілеуі бойынша анықтама үлгісі




QAZTEST


ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ
ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



АНЫҚТАМА


Жасалған күні: __.__._____ / __:__:__
Бірегей нөмір: _-____-_-_______-__-_

ЖСН: _____________



ТЖК: _____________


Тапсырған күні: __.__.____

      _______________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Осы анықтама тестіленушінің қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін анықтауға арналған диагностикалық тестілеуге қатысып, қазақ тілін _________ (__) деңгейге жақын меңгергендігін растайды. Тестілеу блоктары бойынша нәтижелер:

Блоктар:

Жинаған балдары:

Тыңдалым (20 тапсырма)

__ балл (__ %)

Оқылым (40 тапсырма)

__ балл (__ %)

Барлығы:

__ балл (__ %)

      Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды

      __________________________________________________________________________



БӨЛІКТЕР

Максималды
балл (100%)

А1

А2

В1

В2

С1


1

ТЫҢДАЛЫМ

20 (100%)

min 6 балл (30%)

min 8 балл (40%)

min 10 балл (50%)

min 12 балл (60%)

min 16 балл (80%)


2

ОҚЫЛЫМ

40 (100%)

min 12 балл (30%)

min 16 балл (40%)

min 20 балл (50%)

min 24 балл (60%)

min 32 балл (80%)



Жалпы

max 60 (100%)

min 18 (30%)

min 24 (40%)

min 30 (50%)

min 36 (60%)

min 48 (80%)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
10-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу нәтижесінің тізімі (Деңгейді анықтау)

      ____________ өңір (қала) "___" ________20_ ж.

Тегі

Есімі

Блоктар бойынша балы

Барлығы
(балы)

Деңгейі

Тыңдалым (%)

Оқылым (%)

1







2







      Қарапайым деңгей (А1) - ____ адам

      Базалық деңгей (А2) - ____ адам

      Орта деңгей (B1) - ____ адам

      Ортадан жоғары деңгей (B2) -____ адам

      Жоғары деңгей (С1) - ____ адам

      Аудитория кезекшісі ______________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      "Ұлттық тестілеу орталығы" _______ __________________________

      РМҚК директоры             (қолы)       Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ҚАЗТЕСТ жүйесін

      дамыту басқармасының

      басшысы                   _______ __________________________

      (қолы)       Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК

      ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасы

      Байланыс телефондары: 8 (7172) 69 52 85, 69 52 96

      Электронды пошта test@kazakhtest.kz

      Сайт www.kazakhtest.kz

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
11-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификат



QAZTEST


ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



СЕРТИФИКАТ


Жасалған күні: __.__._____ / __:__:__
Бірегей нөмір: _-____-_-_______-__-_




ТЖК: _____________ Деңгей:____


Тапсырған күні: __.__.____

      Кандидат туралы ақпарат

      Тегі: ______________________________________

      Аты: ______________________________________

      ЖСН: ___________________


Блоктар:

Жинаған балдары:


Тыңдалым (20 тапсырма)

__ балл (__ %)


Оқылым (40 тапсырма)

__ балл (__ %)


Жазылым (2 тапсырма)

__ балл (__ %)


Айтылым (2 тапсырма)

__ балл (__ %)


Барлығы:

__ балл (__ %)

      Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды

      __________________________________________________________________________

      Жарамдылық мерзімі: _ жыл (__.__.____ ж. дейін)



БӨЛІКТЕР max
балл (100%)
А1
min
А2
min
В1
min
В2
min
С1
min

1

ТЫҢДАЛЫМ

20 (100%)

6 балл (30%)

8 балл (40%)

10 балл (50%)

12 балл (60%)

16 балл (80%)


2

ОҚЫЛЫМ

40 (100%)

12 балл (30%)

16 балл (40%)

20 балл (50%)

24 балл (60%)

32 балл (80%)


3

ЖАЗЫЛЫМ

50 (100%)

15 балл (30%)

20 балл (40%)

25 балл (50%)

30 балл (60%)

40 балл (80%)


4

АЙТЫЛЫМ

50 (100%)

15 балл (30%)

20 балл (40%)

25 балл (50%)

30 балл (60%)

40 балл (80%)



Жалпы

160 (100%)

48 (30%)

64 (40%)

80 (50%)

96 (60%)

128 (80%)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
12-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің сертификаттық тестілеуі бойынша анықтама



 

QAZTEST


ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ
ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



 

АНЫҚТАМА


Жасалған күні: __.__._____ / __:__:__
Бірегей нөмір: _-____-_-_______-__-_

ЖСН: _____________



ТЖК: _____________


Тапсырған күні: __.__.____

      _________________________________________________________________________

                              Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Осы анықтама тестіленушінің қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша сертификаттық тестілеуге қатысқанын растайды және 5 деңгейдің ешбірінің межелі көрсеткішін растай алмағанын көрсетеді. Тест блоктары бойынша нәтиже:


Блоктар:

Жинаған балдары:


Тыңдалым (20 тапсырма)

__ балл (__ %)


Оқылым (40 тапсырма)

__ балл (__ %)


Жазылым (2 тапсырма)

__ балл (__ %)


Айтылым (2 тапсырма)

__ балл (__ %)


Барлығы:

__ балл (__ %)

      Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды

      __________________________________________________________________________



БЛОКТАР

max
балл (100%)

А1
min

А2
min

В1
min

В2
min

С1
min

1

ТЫҢДАЛЫМ

20 (100%)

6 балл (30%)

8 балл (40%)

10 балл (50%)

12 балл (60%)

16 балл (80%)

2

ОҚЫЛЫМ

40 (100%)

12 балл (30%)

16 балл (40%)

20 балл (50%)

24 балл (60%)

32 балл (80%)

3

ЖАЗЫЛЫМ

50 (100%)

15 балл (30%)

20 балл (40%)

25 балл (50%)

30 балл (60%)

40 балл (80%)

4

АЙТЫЛЫМ

50 (100%)

15 балл (30%)

20 балл (40%)

25 балл (50%)

30 балл (60%)

40 балл (80%)


Жалпы

160 (100%)

48 (30%)

64 (40%)

80 (50%)

96 (60%)

128 (80%)


  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
13-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу нәтижесінің тізімі

      ________ қаласы                                                 "_____" 20_ ж.

Тегі

Есімі

Блоктар бойынша балл көрсеткіштері

Барлығы

Тестілеу нәтижесі

Тыңдалым

Оқылым

Жазылым

Айтылым

1









      әр блок бойынша 30% және жалпы балл санының шекті 48 балын жинаған тіл үйренуші тілді А1 – қарапайым деңгейде меңгерген болып есептеледі;

      әр блок бойынша 40% және жалпы балл санының шекті 64 балын жинаған тіл үйренуші тілді А2 – базалық деңгейде меңгерген болып есептеледі;

      әр блок бойынша 50% және жалпы балл санының шекті 80 балын жинаған тіл үйренуші тілді В1 – орта деңгейде меңгерген болып есептеледі;

      әр блок бойынша 60% және жалпы балл санының шекті 96 балын жинаған тіл үйренуші тілді В2 – ортадан жоғары деңгейде меңгерген болып есептеледі;

      әр блок бойынша 80% және жалпы балл санының шекті 128 балын жинаған тіл үйренуші тілді С1 – жоғары деңгейде меңгерген болып есептеледі.

      Аудитория кезекшісі _______________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      "Ұлттық тестілеу орталығы"

      РМҚК директоры             _______       ________________________________

      қолы             Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту _______       ________________________________

      басқармасының басшысы       қолы             Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Ұлттық тестілеу орталығы

      ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасы

      Электронды пошта: test@kazakhtest.kz Сайт: www.kazakhtest.kz

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
14-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ блоктары бойынша ең жоғары және шекті мән көрсеткіштері

БЛОКТАР

Тапсырма саны/
максималды
балл

А1 төменгі шекті балл 30%

А2 төменгі шекті балл 40%

В1 төменгі шекті балл 50%

В2 төменгі шекті балл 60%

С1 төменгі шекті балл 80%

Уақыты (мин)

1

ТЫҢДАЛЫМ

20

min
6 балл (30%)

min
8 балл (40%)

min
10 балл (50%)

min
12 балл (60%)

min
16 балл (80%)

20

2

ОҚЫЛЫМ

40

min
12 балл (30%)

min
16 балл (40%)

min
20 балл (50%)

min
24 балл (60%)

min
32 балл (80%)

50

3

ЖАЗЫЛЫМ

2 (50)

min
15 балл (30%)

min
20 балл (40%)

min
25 балл (50%)

min
30 балл (60%)

min
40 балл (80%)

50

4

АЙТЫЛЫМ

2 (50)

min
15 балл (30%)

min
20 балл (40%)

min
25 балл (50%)

min
30 балл (60%)

min
40 балл (80%)

7


Жалпы

max 160

min 48

min 64

min 80

min 96

min 128

127

      Жазылым блогы

Деңгейлер

Жазылым блогы бойынша тапсырма түрлері

Тапсырмаларды орындауға бөлінетін уақыт (мин)

Ең жоғары балл

Төменгі шекті балл

А1-С1

сурет бойынша
жағдаяттық тапсырма

10 мин.

50

min
15-35

эссе

40 мин.

      Айтылым блогы

Деңгейлер

Айтылым блогы бойынша тапсырма түрлері

Тапсырмаларды орындауға бөлінетін уақыт (мин)

Ең жоғары балл

Деңгейлерге жеткілікті балл

А1 – С1

5 сұрақ - жауап

3

50

min
15-35

Түрлі тақырыптағы проблеманы шешу бойынша тапсырма

4

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
15-қосымша

      Нысан

Электронды сертификат деректерінің толық сипаттамасы








QAZTEST


ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ
ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ


QR-код сертификат мәліметтері
көрсетілген парақшаға
сілтемені білдіреді


QR-код сертификатты
PDF форматында жүктеп алуға
сілтемені білдіреді

      QR-код сертификат түпнұсқалығын анықтауға арналған қызметтік ақпаратты қамтиды. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қолжетімді ақпарат.

      _________________________________________________________________________



  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
16-қосымша

      Нысан

  Апелляциялық комиссия
төрағасына
____________________________
  (Төрағаның Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
____________________________
(Тестілеуді өткізу орны)
тестіленуші ________________
Жеке куәлік №______________
Нұсқа ______
Аудитория ______

Өтініш

      Мен тестілеу нәтижесімен келіспеймін. ҚАЗТЕСТ тестілеуі нәтижесін қайта қарастыруыңызды сұраймын.

Блок

Тапсырма №

Негіздеме



















      Күні __________

      Тестіленушінің қолы _________

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
17-қосымша

      Нысан

ҚАЗТЕСТ тестілеуінің Апелляциялық комиссиясы отырысының хаттамасы

      Тестілеу өткізу орны ________________                         Күні __________

                                                                        (атауы)

Р/с

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тестіленушінің жеке куәлігінің №

Аудитория нөмірі

Нұсқа

Тыңдалым блогы

Саны*

Қанағаттандырылды**

Балл

дейін

кейін










      кестенің жалғасы

Оқылым блогы

Саны

Қанағаттандырылды

Балл

дейін

кейін





      кестенің жалғасы

Жазылым блогы

Айтылым блогы

Саны*

Қанағаттандырылды**

Балл

Саны

Қанағаттандырылды

Балл

дейін

кейін

дейін

кейін









      Ескерту:

      * – апелляцияға берілген тапсырмалар саны;

      ** – апелляция бойынша қанағаттандырылған тапсырмалар саны.

      Апелляциялықкомиссиятөрағасы ______ ___________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Апелляциялық комиссия мүшелері ______ ___________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Орталық өкілі                   ______ ___________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  "ҚАЗТЕСТ" қазақ тілін
меңгеру деңгейін бағалау
жүйесі бойынша қағидаларға
18-қосымша

      Нысан

Апелляцияға берілген өтініштер тізілімі (тест тапсырмаларының мазмұны бойынша)

      Тестілеу өткізу орны ____________                               Күні _________

                              (атауы)

Тестіленушінің жеке куәлігінің №

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Аудитория нөмірі

Нұсқа

1





2





3





      кестенің жалғасы

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша

Саны*

Апелляциялық комиссияға берілді**

Қанағаттандырылды***










      Ескерту:

      * – апелляцияға берілген тапсырмалар саны;

      ** – мазмұны бойынша Апелляциялық комиссияға жіберілген тапсырмалар саны;

      *** – апелляция бойынша қанағаттандырылған тапсырмалар саны;

      "Апелляция жағдайы" бағаны келесі мәндерден тұрады: "Шешім қабылданды", "Келген жоқ".

      Апелляциялық комиссия             _____             __________________________

      төрағасы                         (қолы)       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады