"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35118 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақсатында:

      1) өңірдегі демографиялық ахуал мен көші-қон процестерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындардың үш жылдық кезеңге арналған болжамды тапшылығы ескеріледі;

      2) салынып жатқан жатақханадағы немесе жатақхана етіп реконструкция жасалып жатқан ғимараттағы орындардың жалпы саны есепке алынады, ол облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін кемінде жүз орынды, ал қалған елді мекендер үшін кемінде елу орынды құрайды.

      Реконструкция жасалып жатқан жатақханадағы орындардың жалпы саны реконструкция жасалып жатқан жатақханада бұрын қолданылған орындардан басқа кемінде елу жаңа орынды құрайды. Бұл жағдайда, мемлекеттік тапсырыс реконструкция жасалған жатақханадағы қосымша енгізілген жаңа орындар үшін орналастырылады;

      3) оператор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының көмегімен өнім берушілердің дерекқорларын құру және енгізу арқылы өнім берушінің жатақханаларда жаңа орындарды енгізуіне, сондай-ақ жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты орналасқан жаңа орындарға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

      5-1. Оператор жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты қамтылған орындардың мониторингін мыналардан:

      жатақханада тұратындарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері және (немесе) магистранттары және (немесе) докторанттары санатына жатқызуды растау бөлігінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінен;

      шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жатақханада тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан;

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының тиісті жатақханада тұруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін құрылғымен (құрылғыларымен) интеграцияланған, операторға тиесілі "StudDom" ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары жатақханада нақты тұруы жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған жағдайда Оператор жатақхана тұрғындарына ішінара қоңырау шалуды жүзеге асырады. Адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін бақылау және құрылғының қолжетімділігін басқару жүйесі карточкалық сәйкестендіруді немесе биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) пайдалануды қамтамасыз етеді.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаңа жатақхана салынған кезде:

      жатақхананы салу үшін пайдаланылатын жер учаскесіне (меншікті, жалға алынатын немесе жерді өтеусіз пайдалану құқығындағы) құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары;

      пайдалануға берілген жаңа жатақханалар үшін – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қоса бере отырып, жатақханаға құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасының талаптары сақталған жағдайда жатақхана пайдалануға енгізіліп, жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығы тіркелгеннен кейін толық айға жүзеге асырылады, бөліктерге бөлінбейді.

      Төлемді жүзеге асыру үшін өнім беруші 15 желтоқсандағы жағдай бойынша берілетін желтоқсан айына тізілімді қоспағанда, ай сайын Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша айдың соңғы күніндегі жағдайға жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары нақты орналасқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ұсынады.

      Оператор тізілімде көрсетілген мәліметтерді деректер базасына және Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Оператор айдың соңғы күніндегі және 15 желтоқсандағы жағдай бойынша жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына берілген орындарға мониторингті жүзеге асыру мақсатында тиісті кезеңде "StudDom" ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде 5 жұмыс күні ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кері байланыс деректерін көрсете отырып, олардың тиісті жатақханада тұратыны туралы хабардар етеді. Оператор хабарлама жібергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студентінен, магистрантынан және докторантынан қарсылық болмаған кезде, оның тиісті жатақханада әдепкі қалпы бойынша тұрғанын растау болып есептеледі.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының жатақханада тұрмау фактісі расталған кезде, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем жүзеге асырылғаннан кейін оператор қорытындыны ресімдейді, оның негізінде өнім берушіге осындай студенттер, магистранттар және докторанттар үшін алынған қаражатты бюджетке қайтару туралы талапты жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары жатақханада нақты орналасқан орындар "StudDom" ақпараттық жүйесі арқылы тиісті жатақханада бір студенттің, магистранттың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары докторантының айына (желтоқсан айын қоспағанда) кемінде жетпіс екі сағатты құрайтын сағат санымен расталады.

      Жатақханада жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты орналасқан орындар "StudDom" ақпараттық жүйесі арқылы желтоқсан айында тиісті жатақханада бір студенттің, магистранттың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары докторантының кемінде отыз алты сағатты құрайтын сағат санымен расталады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің талаптары Қағидалардың 15-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге дейін "StudDom" ақпараттық жүйесінде тіркелген және жатақханада кемінде он екі сағат тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына қолданылмайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесінде:

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдайды және (немесе) шектеу шараларын енгізу кезеңіне, оның ішінде қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыруды көздейтін мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер жатақханадағы орындардың жалпы саны туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және мынадай формула бойынша есептеледі:

      ТЖжШШАМТМ = МТЖМ × ЖҚ / АС,

      ТЖжШШАМТМ ≤ АМТМn,

      ТЖжШШАМТМ ≤ АМТМ1n,

      мұндағы:

      ТЖжШШАМТМ – төтенше жағдай және (немесе) шектеу шараларын енгізу кезеңіне ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;

      АМТМn – Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілгенге дейін бір айда төленген, қатарынан күнтізбелік алғашқы он екі айдағы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;

      АМТМ1n – Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілгенге дейін бір айда төленген, қатарынан күнтізбелік алғашқы он екі ай өткеннен кейін мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;

      ЖҚ – жатақхананың жобалық қуаты.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады